Басқару стилі — мемлекетік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару — процесс ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта (өндірістік құралдар мен еңбек заттарын басқаруда), тірі табиғатта (биологиялық жүйелерді) және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік-экономикалық жүйелерде объективті түрде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар менеджмент басқару процесіне объективті түрде қатыса отырып, өзінің қалыптасуы мен қызмет барысында қолайлы жағдай жасауды талап етеді. Осының есебінде басқару әрекетінде әрбір территорияның ерекшелігін барынша ескеру, жергілікті экономиканың дамуы мен қызмет жасауын реттеуді қалыпты орынға қою талап етіледі.
Қазақстан экономикасын басқарудың саяси-экономикалық негіздеріне тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 80-жылдардың екінші жартысынан бастап бұрынғы Кеңес Одағында, сондай-ақ Қазақстанда қоғамдық-саяси ахуал қарама-қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты көрсетті.
Орталықтың Республика мен оның аймақтарының мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама-қайшылығын үдете түсіп, табиғи ресурстардың бей-берекет пайдалануына мүмкіндік береді, мұның ақыры экономикалық ахуалдың шиелене түсуіне әкеліп соқтырады. Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталынғандай жүйенің ішкі тоқырауында болды. Кеңестік жүйенің күйреу алдындағы айқын дәлел ауқымды кезекке тұру, талондық жүйенің үдей түсуі, ақшаның құнсыздануы болып табылады. Тіпті 1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады. Сонымен қатар көптеген мемлекеттердің тәжірибесі айқын дәлелдегендей, барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етеді, өндірушілердің монополиясына жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды.
Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы алғышарттар қажет етілді. Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» және 1993 жылдың 28 қаңтарында Республиканың Ата Заңының (Конституциясының) қабылдануы мемлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң еліміздің әлеуметгік-экономикалық дамуында айрықша орын алады.
Аталып өткен құжаттардың Республикадағы саяси — экономикалық процестерді басқаруда маңызы зор. Оларда экономикалық тәуелсіздіктің негіздері, нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы экономиканы басқарудың маңыздылығы көрсетілген. Бұл жәйт республика дербестігінің экономикалық алғышарты мен өмір тіршілігін басқарудың барлық сферасын анықтайды. Атап айтқанда, олар Қазакстанның экономикалық тәуелсіздігінің негізі: жерге, оның койма байлықтарына, ішкі және территориялық су ресурстарына, өсімдік пен жан-жануарлар әлеміне, тарихи, мәдени кұндылықтарына, материалдық, қаржылық ресурстарына, өндірістік және өндірістік емес объектілігіне деген төтенше меншігі.
Қазақстан экономикасы мемлекеттік реттеудің субъектісі болып табылады. Бұған басқару функциясы ретіндегі мемлекеттік реттеуде аса маңызды өзіндік қаржы-несие жүйесі, дербес мемлекеттік бюджет қалыптасуы, салык және кеден жүйесін ұйымдастыру жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының құрамында экономиканы басқаруды ұйымдастырудын әдістемелік қағидалары бар. Біріншіден, Қазақстан экономикасы меншіктің әр түрлі нысандарына негізделеді. Мемлекет заң алдында меншіктің барлық субъектілерінің теңдігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Үшіншіден, мемлекет жеке кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді. Төртіншіден, монополистік қызмет пен бәсекелестің кез келген шектеуіне жол берілмейді. Бесіншіден, әкімшілік аймақтың бірліктері дербес болып табылады.
Бұл кағидалар Қазақстан экономикасын басқарудың қазіргі жүйесінің негізін құрайды және республиканың халық шаруашылығының әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономикаға орнықты етуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл қағидалар тек саяси-әлеуметтік мәнге ие болып қана қоймай, Қазақстандағы менеджменттің ұйымдастырушылық бастамасына да тікелей қатысты. Басқарудағы ұйымдастырушылық фактордың рөлі кәсіпкерлік ортада әрдайым жоғары бағаланған. Көпшілікке әйгілі, американдық миллиардер Карнеги «Біздегі барлық завод, фабрика, байланыс құралдары мен ақшаны алып қойып, тек біздегі ұйымдастыруды қалдырсаңыз, төрт жылда бәрі де қайта қалпына келеді», деп айтқан. Нашар ұйымдастырған компанияны ешқандайда нарықтық тетіктер құтқара алмайды./8,77 б./
Өзін-өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыру тұжырымдамасы Республика экономикасын басқару жүйесінің әдістемелік негіздерінің бірі болып — осы тұжырымдамасы берілген, өзін-өзі басқаруға көшудің теориялық алғышарттарының жүйесі саналады. Құрылымы бойынша ол он бес бөлімнен тұрады, оларда стратегиялық мақсаттар, меншікке қатынас, қаржылық база, баға белгілеу, әлеуметтік саясат, аймақтық саясат, микродеңгейде жоспарлау, ғылыми-техникалық прогресті басқару, инвестициялар, табиғатты пайдалану және басқалары берілген. Жергілікті ресурстарды қолдануда аймақтардың құқығын кеңейту негізінде және осы арқылы халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз ете отырып көздеген мақсаттарға жетуге рұқсат етілген. Тұжырымдаманың теориялық қана емес, сондай-ақ тәжірибелік мәні де бар.
Тұжырымдамада анықталғандай Республиканың өзін-өзі басқару қағидасына өтудің басты мақсаты ретінде экономикалық дамуды жеделдету және аймақтардың ресурстарды қолданудағы құқықтарын дамыту болып табылады. Сондай-ак тұжырымдама басқарудың стратегиялық мақсаты, халықтың өмірлік деңгейін қамтамасыз етуді анықтаған.
Ұғыну барысында екі Заңның айырмашылығын білу өте қажет. Бірінші, Заң жергілікті мемлекеттік басқару туралы болса, екіншісі, жергілікті өзін-өзі басқару туралы. Соңғысы, жергілікті басқару органдарына емін-еркін бостандық беру негізі. Әрине заңдылық шеңберінде.
Қазақстан Республикасы «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңында мынандай анықтама берілген: «Жергілікті өзін-өзі басқару деп — Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөнінде аймақтық құрылымдар халық қызметін дербес тұрғыда жүзеге асыратын халық билігін іске асырудың нысаны ұғынылады». Заңның ұтымды жағдайларының бірі өзін-өзі басқарудағы өзекті мәселелердің жергілікті қаржыландыруы туралы. Жергілікті қауымдастықтың кірістері келесідей: жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттан жергілікті қауымдастық құрған коммерциялық ұйымдардан және оларға тиесілі мүлікті жалға тапсырудан алынға жергілікті қауымдастық кірістерінен; жергілікті қауымдастық халқының өз еркімен салық төлеуі нәтижесінде алынған кірістерден; зақды және жеке тұлғалардың ерікті қайырымдылық қорларынан; заңмен тыйым салынбаған өзге де көздерден, қалыптасады.