Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электр жабдыктары курстық жұмыс

Мазмұны                                                                                           
Кіріспе                                                                                   3-4

1  Тақырыптың мінездемесі                                                        5
2.  Есептеу  бөлім                                                                         6-7
2.1. Электр жүктемелердің есептелуі                                         6-7
2.2 Күштік трансформаторды таңдау                                         8
2.3 Қысқа тұйықталу тогын есептеу                                           9-11
2.4 Қысқа тұйықталу тогының электродинамикалық әрекеті           12-13
2.5 Ток пен қысқа тұйықталудың  термикалық әрекеті                          14
2.6 Электр жабдықтау подстанциясы жүйесінің өткізгіштері мен аппараттарын таңдау       15-17
2.7 Өткізгіштерді таңдау             18-20
2.8 1кВ жоғары кернеулі әуе желілері өткізгіштерінің тарту сымдарын таңдау       21
2.9 Кернеу  трансформаторын  тандау                                         22
2.10 Ток трансформаторын таңдау                         23
2.11 Электр ауыртпалығын және жарықтандыруды есептеу     24

3   Еңбекті қорғау                                     25
4 Қауіпсіздік техникасы                                              26
5 Қоршаған ортаны қорғау                                          27-29
6 Өрт қауіпсіздігі                                                        30-31

Қорытынды                                                               32
Пайдаланылған  әдебиеттер                                         33

Кіріспе

Электр станциялардан шығатын барлық электр энергиясы әуе және кабельді желіліер арқылы подстанцияларға жіберіледі.

Электр энергиясын шығарудың өсуі оның таратылуы мен жіберілуін жетілдіруді талап етеді. Электр энергиясын таратуда ауылдық электр желілері үлкен рөл атқарады. Жыл сайын ауылдық электр желілерінің халық шаруашылығына деген маңызы артуда және оларға тұтынушыларға тиімді де үзіліссіз электр энергиясымен қамтамасыз ету талап етіледі.Ауыл  тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз етуде кезіндегі үзіліс кәсіпорынның қызметінің тоқтоуына, өнімнің тиісті дәрежеде өндірілмеуіне, кей жағдайда жабдықтардың бүлінуіне әкеп соғады, ал ол мемлекетке үлкен шығын келтіреді.

Сондықтан ауылдық электр желілерін өндіріс және тұрғын үй тұтынушыларына үзіліссіз электр энергиясымен қамтамасыз етуді ескере отырып жасайды. Бұған тұтынушыларды электр энергиясымен резервті жүйесі және автоматика мен телемеханикалық құрылғыларды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады.   Электр энергиясы энергияның әлдеқайда әмбебап түрі болып табылады. Ол өте қарапайым және үнемді, энергияның басқа түрлеріне ауыса алады – жылу, механикалық, жарықтық және т.б. электр энергиясы автоматика, электроника және т.б. құрылғыларда өзінің маңызы қолданыс табады, оларсыз қазіргі кездегі аппараттар мен техникалық құрылыстарды елестету қиын. Сондықтан қазір электр энергиялары елдің халық шаруашылығында кеңінен барлық салада қолданылады. Электр желілері электр энергиясын электр станциясынан жіберіп, таратумен айналысады. Шығарылатын барлық электр энергиясы дерлік өз қабылдаушыларына электр желілері арқылы түсіп отырады. Мұнда электр энергиясы өте үлкен қашықтыққа жеткізілді мүмкін – ондаған, жүздеген, мыңдаған киллометрлерге және бірнеше рет ауысып, сандық сапалық жағынан өзгеруң мүмкін.           Электр желілері желілер мен трансформаторлардан тұрады. Трансформаторлар берілетін электр энергиясы параметлерін өзгерту үін қызмет атқарады – ток пен кернеу. Трансформаторлар подстанцияларда коммутациялық аппаратурамен бірге орнатылады — өшіру және бөлу құрылғылары және т.б. олар арқылы желі элементтерін сөндіру жүзеге асырылады. Жергілікті жағдайларға байланысты кернеу мен токтың маңызы жеткілікті түрде кеңінен өзгереді.       Аварияға қарсы автоматика құрылғысы ток пен кернеу параметрлеріндегі өзгерістерді тексереді және бүлінген учаскелерді дараландыруды жүргізеді. Аталған қорғауыш және автоматика құрылғыларына белгілі бір талаптар қойылаы. Тиісті талаптар режимді жүргізу үшін – режимді автоматикаға да қойылады – олар электр энергиясының қажетті сапасын бақылайды, электр станциялары арасында тиімді  таратуды жүргізеді, электр желілерінің анағұрлым үнемді жұмыс режимін қамтамасыз етеді.

курстық жұмыс / 34 бет