МАЗМҰНЫ
Кіріспе 4
1.КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ. 6
1.1 Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың экономикалық мәні мен маңызы. 6
1.2 Еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелері 13
2. «ТАС-ҚҰМ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНДА ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫН ТАЛДАУ. 20
2.1 Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы және оның технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау. 20
2.2 Кәсіпорындағы еңбекақы төлеу жүйесін талдау 26
2.3 «Тас-құм» АҚ-да еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру шаралары. 30
3.КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ.. 33
3.1 Шетелдерде еңбекақыны ұйымдастыру тәжірибелері (Жапония мен Франция) 33
Қорытынды. 37
Қолданылған әдебиеттер тізімі 39
Кіріспе
Бұл жұмыстың өзектілігі Қазақстан Республикамызда өткізіліп жатқан нарықтық реформалар, тек экономикалық дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін орасан зор маңызы бар екендігін Республикамыздың тәуелсіздігінің 15 жыл ішінде атқарылған жұмыстары көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтиды.
Қазақстан экономикасының дамуын бақылау барысында көптеген өзгерістерді көруге болады: жекешелендіруге, бәсекелестікті қолдауға бағытталған реформалар жүргізілді, республикамыздың стратегиясын анықтайтын заңдар мен қаулылар қабылданды, көптеген басқару функциялары тікелей кәсіпорындармен ұйымдарға берілді. Еңбекақыны ұйымдастыруға қатысты саясатта осындай сипатта болады.
Президентіміздің Қазақстан халқына 2005 жылғы жолдауында әлеуметтік саладағы бірінші кезекте мәселе етіп еңбекақыны төлеудің жаңа жүйесін құру мәселесін қойды. Оның негізінде еңбекақының ең төменгі шегі емес, кедейшілік пен күн көріс минимумы жатуы қажет. Бұл өзгерістердің барлығы еңбенкақының төменгі деңгейі арқылы қалыптасатын еңбекақының ұдайы өндірістік рөлі қазіргі жағдайда тұрғылықты халықтың өмірлік қажетттілігін қанағаттандыру және төлем қабілеті сұранымын реттеу құралы ретіндегі негізгі функцияларының бірін көрсете алмады, бұл нарық қатынастарының негізін түзеді.
Осының негізінде еңбекақыны реформалау жүргізілген болатын. Реформалауда жұмыс беруші мен жалданушының құқықтары, жұмысшының бюджеті, оған мамандық, еңбек саны мен сапасы деңгейіне байланысты қажет өмір сапасын қамтмасыз ету қажеттілігі ескеріледі.
Біріңғай тарифтік сеткаға сапалық коэффиценттерді пайдалану қандай да бір дәрежеде еңбекақыны дифференциалауға әсерін тигізді. Нарықтық қатыныаста еңбекақыны көп жағдайда өндірістің ресурстары бағасына қарағанда, экономикадағы шағын деңгейіне байланысты әсер етеді. Еңбекақыны ұйымдастыру экономикалық жақтарды ғана қамтимайды, сонымен қатар елдегі әлеуметтік жағдайларды да қарастырады.
Осы жағдайларды ескере отырып кәсіпкерлік қызметті қолдау, еңбекақыны ұйымдастырудың тиімділігін арттыру- қазіргі қоғамымыздың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жазылып отырған жұмыстың мақсаты кәсіпорындағы еңбекақының ұйымдастырылуын негіздеу. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер- шешілуі тиіс:
— еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбекақыны жүзеге асыру;
— кәсіпорынның салалақ және аймақтық қажеттіліктеріне байланысты еңбек жағдайына, қызметкердің біліктілігіне байланысты еңбекақыны саралау;
— кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыруды жүйелі талдау.
Курстық жұмыстың 1-ші бөлімінде жалпы еңбекақы туралы түсініктер мен оның кәсіпорындағы қолданылуы жайлы, ҚР-ның еңбекақы туралы кодексі мен заң және 2005 жылы жасалынған жоба сонымен қатар, еңбекақы туралы мамандардың жазған ойы туралы жазылған. Ал 2-ші бөлімінде менің мысалға алған «Тас-құм» акционерлік қоғамындағы еңбекақының ұйымдастырылуын, технико-экономикалық көрсеткіштері, еңбекақы төлеудің ең тиімді шаралары жайлы жазылған. 3-ші бөлім, кәсіпорындарда еңбекақыны жетілдіру бағыттары мен шетелдердегі еңбекақы жүйесі туралы қарастырылған.