Кәсіпорында еңбекті нормалауды ұйымдастыру және жоспарлау туралы қазақша реферат
Кәсіпорында еңбекті нормалау бұл кәсіпорын қызметіндегі ең негізгі іс-шаралардың бірі болып табылады. Кез келген операция сияқты бұл үрдіс белгілі бір тәртіппен жүзеге асырылады.
Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу.
Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу, бастапқы материалдарды талдауға және жүйелеуге, норма шамасына әсер ететін факторларды таңдауға әсер ететін және психофизиологиялық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да факторларды ескере отырып, нормативтік шамаларды математикалық өңдеу әдістерін қолдануға негізделген ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.
Нормативтік материалдар нақты ұйымдық-техникалық жағдайлардағы еңбек нормаларын белгілеу үшін негіз болып табылады және еңбек нормаларының сапасы белгілі бір дәрежеде негізінде өздері есептелетін, нормативтік материалдардың сапасымен айқындалады.
Нормативтік материалдардың сапасы көптеген факторлардың, атап айтқанда, операция элементтерін орындау кезінде еңбек шығынына әсер ететін, олардың саралану дәрежесіне, құралдардың сипаты мен еңбек құралдарына, бұйымдардың номенклатурасына, біртектес бұйымдарды дайындаудың қайталануына және т.б. байланысты болады. Алайда, белгілі бір айырмашылықтарға қарамастан, нормативтік материалдар мынадай талаптарды қанағаттандыруға тиіс:
— прогрессивті болуға, яғни техниканың, технологияның, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың заманауи деңгейін көрсетуге;
— нормативтерді әзірлеу кезінде еңбек шығынының шамасына әсер ететін барлық факторларды (техниикалық, ұйымдық, психофизиологиялық, әлеуметтік және экономикалық) барынша ескеруге, сондай-ақ жұмысты орындаудың ұйымдық-техникалық жағдайларының әртүрі нұсқаларын барынша толық қамтуға;
— талап етілетін дәлдік деңгейіне сәйкес болуға тиіс, өйткені олар бойынша белгіленетін еңбек нормаларының дәлдігі де нормативтердің дәлдігіне байланысты болады;
— пайдалануға ыңғайлы болуға және еңбек нормаларын белгілеу кезінде ең төмен шығындарды қамтамасыз етуге тиіс.
Нормативтік материалдарды әзірлеу кезеңдері
Негізделген нормативтік материалдарды әзірлеу және өндірістік жағдайларда тексеру мынадай ірілендірілген кезеңдерден тұрады:
Бірінші кезең;
— нормативтік материалдар әзірленетін жұмыстардың тізбесін белгілеу;
— қолда бар әдістемелік және нормативтік материалдардың, әдебиетті, қолданыстағы нормалар туралы деректерді зерттеу;
— жабдықтың паспортын, қолданылатын құралдың, бұйымның, материалдың, әзірлемелер мен шикізаттың сипаттамаларын іріктеу;
— техникалық тапсырма мен жұмыс әдістемесін әзірлеу;
— жұмыс орындарында жұмысты орындаудың ұйымдық-техникалық шарттары мен әдістерін алдын ала зерттеу;
— қадағалауды жүргізуге арналған жұмыс орындарын таңдау және жұмыс орындарында жекелеген өлшеулерді іріктеп жүргізу;
— еңбек шығындарының шамасына әсер ететін факторларды белгілеу;
— кестелердің макеттерін және нормативтік материалдардың жинақтарын алдын ала әзірлеу.
Екінші кезең:
— хронометраждық, фотохронометраждық қадағалауларды, жұмыс күнінің фотографиясы мен басқа да зерттеу жұмыстарын жүргізу;
— жиналған материалдарды алғашқы өңдеу;
Үшінші кезең:
— нормативтік қадағалау материалдары жөніндегі бастапқы деректерді жүйелеу;
— еңбек шығындарының шамасына әсер ететін негізгі факторлардың тізбесін айқындау;
— әсер етуші факторлардың мәндері мен еңбек шығындарының шамасы арасындағы тәуелділіктің эмпирикалық формулаларын шығару;
— кестелер мен жинақ макеттерін айқындау;
— нормативтік шамалардың есептерін жүргізу;
— жинақ жобасының және оның түсіндірме жазбасының 1-реадакциясын дайындау;
Төртінші кезең:
— 1-редакциядағы жинақ жобасын өндірістік жағдайларда сынамалау тәртібі туралы нұсқамалық материалдарды дайындау;
— сынамалау нәтижелерін өңдеу және жүйелеу;
— қосымша материалдар жинау.
Бесінші кезең:
— өзгерістер мен толықтырулар енгізу (жинақтың 2-редакциясын дайындау);
— жинақ жобасына түсіндірме жазба дайындау;
— жинақ жобасын белгіленген тәртіппен бекіту.
Жұмыс әдістемесі
Жұмыс әдістемесі нормативтік материалдарды жобалау әдістерін, сондай-ақ, оларды өндірістік жағдайларда тексерудің тәртібін айқындайтын негізгі құжат болып табылады. Әдістемеде мынадай негізгі бөлімдер көзделген болуға тиіс:
1. Негізгі бөлім.
2. Нормаларды жобалауға дайындау және бастапқы деректерді жинау.
3. Бастапқы деректерді талдау, жұмыстың ұйымдық-техникалық шарттарының норма есептерін ресімдеу.
4. Жобаланған нормаларды өндірістік жағдайларда сынамалау.
«Нормаларды жобалауға дайындау және бастапқы деректерді жинау» бөлімінде:
— жұмыс орындарындағы ұйымдық-техникалық жағдайларды сипаттайтын материалдарды жинау жөнінде нұсқаулар;
— олардың жұмысына қадағалау жүргізу үшін нақты қызметкерлерді іріктеу жөніндегі нұсқаулар;
— уақыт шығындарына әсер ететін факторлардың мәндерін айқындау, қадағалауларды жүргізу және алғашқы өңдеу (қадағалаулардың түрі, көлемі, дәлдігі, өлшем бірлігі, жұмыс көлемі, фиксаж нүктелері, қадағалауларды жүргізудің және нәтижелерін өңдеудің тәртібі), аспаптардың, өлшеу және бақылау аппаратураларының көрсеткіштерін айқындау жөніндегі ұсынымдар;
— қолданыстағы нормативтерді, нормалар мен олардың орындалуы туралы деректерді жинау жөніндегі нұсқаулар келтіріледі.
Қажетіне қарай жұмыс әдістемесіне қадағалауларды жүргізу және алынған нәтижелерді өңдеу үшін бланкілердің үлгілері қоса беріледі.
«Бастапқы деректерді талдау, нормативтерді жобалау, нормативтік кестелерді әзірлеу және жинақ жобасын (1-редакциядағы) дайындау» бөлімінде:
— жиналған бастапқы материалдарды талдау;
— олардың мәндеріне қарай нормативтер жобалануға тиісті факторлардың әсерін зерттеуге және оларды таңдауға;
— таңдап алынған факторлардың градациясын айқындауға және нормативтерді жобалауға (қажет болған кезде солар бойынша нормативтердің формулалары мен үлгілері келтіріледі);
— нормативтер кестелерінің дәлдігіне, ірілендіру дәрежесіне, құрылымына (кестелердің макеттері);
— жинақтың тұтастай құрылымына және оның бөлімдерінің мазмұнына (жалпы бөлімге, жұмыстарды орындаудың ұйымдық-техникалық шарттары мен еңбек әдістері, нормативтік және анықтамалық бөліктер келтірілген бөлімдері) қатысты әдістемелік нұсқаулар келтіріледі.
«Жобаланған нормаларды өндірістік жағдайларда сынамалау» бөлімінде нормативтер жинақтарын ұйымдарда сынамалаудың мақсаттары мен міндеттері жазылады.
Нормативтік кестелердің макеттерін әзірлеу
Нормативтік кестелердің макеттерін әзірлеу деп, уақыт шығындарының шамасын орналастыру көзделген кестенің нысанын алдын ала таңдау ұғынылады. Алдын ала әзірленген макетке қарай бастапқы деректерді жинау жүргізіледі, қадағалаулар өткізіледі. Кестеде ұйымдық-техникалық жағдайлар мен нормаланатын жұмыстардың еңбек сыйымдылығына әсер етуші факторлардың сандық мәндері беріледі.
Кестелердің макеттері:
— нормаланатын еңбек әрекеттерінің, тәсілдерінің немесе олардың кешендерінің мазмұнын жан-жақты жазуды;
— жұмысты орындаудың ұйымдық-техникалық жағдайларының суреттемесі;
— осы операцияны орындау кезінде уақыт шығынына әсер етуші факторлардың анықтамасы;
— әсер ету факторларының және олардың арасындағы бағдарлық интервалдардың шекті мәндерін белгілеу;
— еңбек процесі элементтерін ірілендіру және нормативтер кестелерін ыңғайлау кезіндегі қажетті дәлдік деңгейі туралы нұсқаулар көзделуге тиіс.
Нормативтік материалдарды біріздендіру және олардың пайдаланылуын жеңілдету үшін нормативтік тәуелділіктердің барлығын кесте түрінде көрсеткен дұрыс.
Нормативтік кестелер:
— уақыт нормативі белгіленетін, нормаланатын операцияның еңбек әрекеттерінің құрылымын суреттеумен және орындалу дәйектілігімен;
— кестеде нормативтер келтірілетін өлшеуіш нұсқауларымен;
— нормаланатын жұмыс нұсқасын дұрыс түсінуге жәрдемдесетін әрі нормативтердің түрліше түсіндірілуіне жол бермейтін қажетті схемалармен, эскиздермен және түсіндірмелермен толықтырылуға тиіс.
Кесте макеттерін әзірлеу кезінде тәуелсіз ауыспалының (әсер ету факторының) атаулары мен сандың мәндері, тұтастай кесте сияқты, жекелеген ішкі шағын бөлімдерде де нормативтердің қажетті дәлдігі талаптарына немесе практикалық тәртіп талаптарына (қажетті шамаларды жылдам табу және .б.) орай белгілі бір жүйемен келтіріледі.
Кесте макеттерін құрастыру кезінде факторлар мәндері интервалдарының дұрыс таңдалуына және нормативтердің қосалқы
кестелік мәндерін айқындауға назар аударылуы қажет, бұл келтірілетін сандық материалдың көлемін қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жұмыстарды орындаудың жекелеген нұсқаларына арналған нормативтердің кестелік мәндерін тиісті коэффициенттермен ауыстырудың және кестенің анағұрлым қарапайым түрін таңдаудың тиімділігін белгілеу қажет. Өлшеуіш нормативтердің сапасын анықтау кезінде негізгі көрсеткіштер болып табылатын, олардың талап етілетін дәлдігі мен универсальділігіне қарай таңдалады. Нормативтердің универсальділігі нормалау үшін норматив пайдаланылатын операциялардың санымен бағаланады.
Жедел нормалау үшін нормативтер универсальді ғана емес, сонымен бірге, шамалы уақыт шығынымен еңбек нормасын берілген дәлдікпен жобалауға мүмкіндік беретіндей болуы қажет. Сондықтан универсальділік туралы мәселені нормативтердің дәлдігі және оларды ірілендіру деңгейін анықтаумен бірге шешу қажет.
Нормативтік жинақ макетін дайындау
Нормативтік жинақтың атауы онда келтірілген нормативтердің қандай екенін айқындауға болатындай болып қалыптастырылуға тиіс.
Нормативтік жинақтың атауында (немесе мұқаба парақтың басқа жерінде) мынадай деректер көрсетіледі: нормативтік материалдардың түрі; олардың қолданылу саласы; өндіріс түрі, оларға арналған жұмыстардың түрі; еңбек құралының түрі; жабдықтың түрі мен үлгісі.
Мұқабалық парақ белгіленген тәртіппен толтырылады, жинақтың аты, «Келісілді» және «Бекітілді» грифтері көрсетіледі, нормативтік жинақтың екінші парағында оны әзірлеген ұйым, әзірлеуші-ұйым жататын сала, сондай-ақ нормативтік жинақтың әзірленген жылы, оның қолданылу мерзімі көрсетіледі.
Нормативтік жинақ мынадай бөлімдерді қамтуға тиіс:
— Жалпы бөлім;
— Қолданылатын жабдықтың сипаттамасы мен жұмыс технологиясы;
— Еңбекті ұйымдастыру;
— Нормативтік бөлім.
Жалпы бөлімде жинақтың қандай жұмыстарға және өндірістің қандай түріне арналатыны көрсетіледі; негізінде осы нормативтік жинақ әзірленген материалдардың тізбесі келтіріледі; жинақты қолданудың шарттары, жинақты қолдану туралы жалпы әдістемелік нұсқаулар; негізгі формулалар мен осы нормативтер бойынша еңбек нормаларын есептеудің мысалдары беріледі.
Бұл бөлімде, сондай-ақ, әзірленген нормативтік шамаларды өлшеу бірліктері беріледі және жинақтағы қызметкерлердің кәсіптері мен жұмыс разрядтары алынған тарифтік-біліктілік анықтамалыққа сілтеме жасалады.
«Қолданылатын жабдықтың сипаттамасы мен жұмыс технологиясы» бөлімінде жабдықтың түрлері мен типтері туралы деректер, олардың негізгі техникалық және пайдалану сипаттамалары, технологиялық жабдықталуы туралы деректер (қажет жағдайларда жабдықтардың эскиздері келтіріледі), сондай-ақ өндірілетін өнімнің сапасына (оның ішінде дәлдігіне, сұрыпталуына) қойылатын талаптар келтіріледі.
«Еңбекті ұйымдастыру» бөлімінде жинақта көзделген еңбекті ұйымдастыру: нормативтерді әзірлеу кезінде ескерілген жұмыс тәсілдерін орындау әдістері; жұмыс орындарын ұйымдастыру; жұмыс орындарына қызмет көрсету жүйесі; қауіпсіздік техникасы талаптарына және санитарлық-гигиеналық нормаларға жауап беретін еңбек жағдайлары жеткілікті де толық жазылуға тиіс.
«Нормативтік бөлім» технологиялық принцип бойынша немесе пайдалануға ыңғайлы басқа да тиімді тәртіппен топтастырылған параграфтарды немесе нормативтік карталарды қамтиды.
Әрбір параграф немесе нормативтік карта: жұмыстың мазмұнын, орындаушылардың сандық және біліктілік құрамын, нормативтер кестесін, түзету коэффициенттері мен қажетті ескертулерді қамтиды, сондай-ақ, қажетіне қарай еңбек құралдарының эскиздері келтіріледі.
Нормативтерді әзірлеуге арналған бастапқы материалдар
Нормативтерді әзірлеу кезіндегі негізгі материалдар:
— жұмыс уақытын бақылау жолымен өлшеу нәтижелері;
— ірілендіру дәрежесі әзірленетіннен төмен сараланған нормативтер;
— үлгілік технология деректері, төлқұжаттық деректер, машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық сипаттамасы болып табылады.
Бірыңғай өндірістік процестеріне алдын әзірленген нормативтерді пайдалану кезінде соңғылары техника деңгейінде де, олардың технологиялық процесс пен есептеудің түрлі нұсқаларын қамтуы бойынша да шарттарының ұқсастықтарын белгілеу үшін жан—жақты талдауға салуға тиіс.
Қолданыстағы нормативтер деңгейін талдау арнайы өткізілген бақылау тексерулерінің осы кәсіпорындарда жұмыс істеп жатқан нормалары (олардың нақты орындалуын есепке ала отырып) және нәтижелерімен сол нормативтер бойынша есептелген нормаларды салыстыру жолымен жүзеге асырылуға тиіс. Алдын әзірленген нормативтер деректерін жинақтау кезінде жаңа нормативтерді жобалауда олардың ішінен сол жұмыс орнының нақты жағдайларында еңбек өнімділігін арттыру мүмкіндігінде ескерілетіндері ғана қолданылуы мүмкін.
Уақыттың сараланған және ірілендірілген нормативтерін микроэлементті нормативтердің базалық жүйесі негізінде әзірлеу (МБЖ-1)
Ірілендірудің ең жоғарғы дәрежелі уақыттың нормативтерін әзірлеу үшін микроэлементтерді пайдалану уақыттың нормативтік мәнінің тең күштенуін қамтамасыз етуге, нормативтік-зерттеу жұмыстарының көп күш жұмсалуын төмендетуге мүмкіндік береді, сондықтан бұл нормативтерді әзірлеудің дәстүрлі әдістерінде орын алатын қол еңбегін орындау жөніндегі еңбек тәсілдеріне хронометражды бақылауларды жүргізу қажеттігін жояды.
Микроэлементтерді пайдалана отырып, уақыт нормативтерін әзірлеу мынадай негізгі кезеңдерге бөлінеді:
— еңбек процесін орындаудың ұйымдық-техникалық шарттарымен танысу;
— еңбек процесін құрастырушы микроэлементтерге бөлу;
— еңбек процесін талдау;
— оңтайлы еңбек процесін және оған тиісті уақыт нормативтерін жобалау.
Еңбек процесінің ұйымдық-техникалық шарттарын орындауды зерттеу барысында жұмысты орындаушы туралы, оның ішінде жұмысшының кәсібі, жұмыс өтілі, жұмысшының разряды туралы ақпарат, жұмыс орнының қолданыстағы жоспарламасы туралы деректер енгізілетін зерттеп тексеру картасы ресімделеді.
Бұл үшін белгілі көлемде еңбек құралдары, аспаптары мен құрылғылары олардың жұмысшыға қатыстылығы бойынша орналастырылып толық сәйкестікте көрсетілетін жұмыс орнының жоспары сызылады.
Жұмыс орындарындағы шығыс деректерін жинақтауда еңбек процесін жеке тәсілдерге, ал әрбір тәсілді – оны құрайтын микроэлементтерге бөлу жүргізіледі. Еңбек тәсілдері олардың орындалу кезектілігі тәртібінде арнайы нысандарға жазылады. Дәл сол нысанға оң және сол қолмен, кеудемен және аяқпен орындалатын еңбек тәсілдерінің микроэлементті мазмұны да жазылады.
Еңбек процесін талдауда бірінші кезекте еңбек құралдары, аспаптары мен жабдықтарының орналасуы қол жетерлік аймаққа сәйкес келетіндігі айқындалады. Кейін жұмыс орнының дұрыс жоспарланбауы себепті артық қимылдар анықталады. Күштің кезектестірілуі, ирек қимылдарды болдырмау, күрделі және ұзаққа созылатын қимылдарды қарапайымдау және қысқалау қимылдарға алмастыру жолымен бұлшық еттердің статистикалық күштенуін азайту мүмкіндігі айқындалады. Артық қимылдарды еңбек құралдары мен аспаптарының, оларды пайдалану кезектілігін ескере отырып, орналасуын өзгерту жолымен жою мүмкін болады: көбірек қолданылатын аспап жақынырақ, азырақ қолданылатыны – алысырақ жатуға тиіс.
Біріктіріп орындау мүмкіндігі бағытында микроэлементтердің орындалу уақытына, орындалу кезектілігіне әсер ететін сандық факторлардың мәні талдауға салынады.
Осындай талдау нәтижесінде оңтайлы еңбек тәсілінің бірнеше нұсқасы жобаланады. Олардың ішінен ең үздігі оны орындаудың ең аз уақытымен бағаланатын әр нұсқаның уақыт шығынын айқындағаннан кейін таңдап алынады.
Сонан соң әр сандық фактор бойынша олардың мәнінің көлемі белгіленеді. Сандық факторлардың әртүрлі мәндік байланысы үшін еңбек тәсілдерін орындауға кететін уақыт шығыны анықталады. Уақыт шығыны анықталған соң олардың көлеміне әсер ету дәрежесі талданады. Факторлардың тәсілдерді орындау уақытына әсер етуін талдау графикалық немесе өзара байланысты әдістермен жүргізіледі. Кемімелі теңдеу қорытындысы графикалық талдау немесе ең төмен квадраттар әдісімен жүзеге асырылады.