КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Бизнесті бағалаудың негізгі ұғымдары
1.1 Бизнесті бағалаудың түсінігі, принциптері, құн түрлері
1.2 Бизнесті бағалаудың әдістері мен тәсілдері
2 ЖШС «Eurasian Finance Capital» компаниясының қаржылық жағдайын талдау
2.1 ЖШС «Eurasian Finance Capital» жалпы сипаттамасы
2.2 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау
2.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және өтімділігін талдау
2.4 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
2.5 Кәсіпорынның қызметінің іскерлік белсенділігін талдау
2.6 Кәсіпорынның табыстылығын талдау
3 ЖШС «Eurasia Finance Capital» компаниясын бағалау
3.1 Шығын тәсілімен бағалау
3.2 Кіріс тәсілімен бағалау
3.2.1 Ақша ағымдарын дисконттау әдісі
3.2.2 Табысты капитализациялау әдісі
3.3 Салыстырмалы тәсілмен бағалау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау керек. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Қаржылық тепе-теңдікке жету кәсіпорынды шаруашылық жүйесінің тұрақты звеносы ретінде қарастыруға болады, бұл экономиканың нақты секторының дамуының маңызды факторы болып табылады.
Жаңа және тиімді әрекет ететін нарықтық жүйені қалыптастыру үшін қаржылық, ақша-несие, баға, валюта сфераларында, сонымен қатар заң шығару және монополияға қарсы реттеу облысында нақты және дәйекті саясатты жүзеге асыру керек. «Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында экономиканың нақты секторын дамытудың қажеттілігі ҚР Үкіметінің алдағы қызметінің бірден бір негізгі бағыты ретінде анықталды, ал нақты сектордың басымдылығы оның іс-әрекетінің негізгі принципі ретінде бекітілді.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: «Eurasian Finance Capital» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік. Меншік түрі — жеке. Негізгі қызмет түрі – тұрғын емес жылжымайтын мүлікті жалға беру. «Eurasian Finance Capital» ЖШС-ң өзінің балансы, банкте есеп айырысу және өзге де шоттары, мөрі белгісі бар.
Курстық жүмыстың мақсаты: «Eurasian Finance Capital» ЖШС-ң қаржылық жағдайын, шаруашылық қызметін талдау және бағалау. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылған :
1) Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
2) Кәсіпорынды бағалаудың үш тәсілімен мүліктік кешенін бағалау;
3) Кәсіпорынның мүліктік кешенінің нарықтық құнын шығару.
Осы міндеттері орындау барысында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдау, сонымен қатар оның қаржылық жағдайын жалпы бағалау, актив кұрамы мен құрылымын, меншікті капиталын, міндеттемелерін, олардың жағдайы мен қозғаласын бағалау, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігін талдау, табыстылық, іскерлік белсенділік көрсеткіштерін және кәсіпорын кызметінің қаржы шаруашылық тиімділігін бағалау жүзеге асырылады.
Курстық жұмысты орындау барысында «Eurasian Finance Capital» ЖШС-ң есеп беру формалары пайдаланылды. Атап айтқанда 2008-2010 жылдың бухгалтерлік балансы, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп, Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі.