Жоспар
Кіріспе……3
1.Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық негіздері…….6
1.1. Кәсіпкерлік түсінігі және оның мәні…….6
1.2. Шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы маңызы мен оның ерекшеліктері…….8
1.3. Шағын бизнес құрудың өзекті формалары……..13
1.4. Шағын инновациялық кәсіпкерліктің формалары…..15
2.Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы………..19
2.1. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің деңгейін талдау…..19
2.2. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамыту мәселелері….25
2.3. Отандық шағын кәсіпкерліктің құқықтық қамтамасыз ету көздері……….27
3.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті жетілдіру жолдары……28.
Қорытынды…………40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…….44
КІРІСПЕ
Тәуелсіздік алумен Қазақстанда нарықтық экономикаға ауысуға бағытталған ірі реформалар жүргізіле бастады. Мемлекеттің халық шаруашылығын басқару мен реттеуде Үкімет ролі азайып, Адам Смиттің айтып өткен «көрінбейтін қол» нарықтық қатынастарды орнатуға мүмкіндік жасады. Тиісті саяси-әлеуметтік жағдай мен КСРО-дан мұрагерлікке қалған инфраструктура, дәмі татылмаған ішкі нарық, төмен бәсекелестік Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызды.
Соңғы жылдары Қазақстанда өз алдына жекелік, белсенділіктікті білдіре отырып өз мүлкімен жауапкершілікті артатын пайда алуға көзделген шағын кәсіпкерліктің даму қарқыны күшеюде.
Кеңес үкіметі кезінде “кәсіпкерлік не бизнес” түсінігі экономикалық лексикадан мүлдем алынып тасталынып, жағымсыз пікір тудырды. Нарықтық экономиканың дамуы шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен тәрбиесіне нұсқау береді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформа, шағын кәсіпкерліктің дамуына жаңа перспективалар көрсетуде. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мағынасы, оның нарықтық экономикаға икемділік және тұрғындардың қаржылық пен өндірістік ресурстарын тартымдылыққа ықпал етеді; монополияға қарсы потенциалды өз мойнына меңгереді; ғылыми-техникалық прогресстің бірқатар бағыттарының дамуына қозғау болады; жұмыс бастылық және нарықтық шаруашылықтың басқа да проблемаларының шешімін табады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік жан-жақты бағытта өріс алуда. Шағын кәсіпкерліктің динамикасы мен экономикалық нәтижесі көп жағдайда сәйкесінше сілтемелермен анықталады: құқықтық базамен, институционалды кәсіпкерлік ортаның қалыптасуымен, кәсіпкерлік құрылымдарды мемлекеттік қолдаумен айқындалуда.
Шағын кәсіпкерлік нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, нарықтық тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, шағын кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Шағын бизнес кәсіпкерлік өзінің мәнісі жөнінен нарықты экономика типіне жатады және бүгінгі заманғы инфрақұрылымының негізін құрайды. Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді.
Қарқынды даму үстіндегі ел экономикасы Батыс пен Шығыстың озық тәжірибесінен үлгі алғандықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кез-келген дамушы мемлекеттің тұрақты өркендеуінің негізі болып табылатын шағын және орта бизнеске баса назар аударды. Оның ішінде «Шағын бизнес мемлекеттің нарықтық экономикасының маңызды және бөлінбес бөлігі болып табылады»,- деп атап көрсетті.Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін «Шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту» қажеттігін айтқан болатын.
Осы курстық жұмыстың негізгі мақсаты- нарықтық экономикадағы шағын кәсіпкерліктің маңызын, қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасында шағын бизнестің ролін анықтау.
Мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
— шағын кәсіпкерлік түсінігі мен оның ерекшеліктерін зерттеу;
— шағын инновациялық кәсіпкерліктің формаларын қарастыру;
— Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуын бақылау;
— Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің проблемаларын ашып, сараптау және тиісті ұсыныстар жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыс / 45 бет