Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

Кіріспе……………3

1.      КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ…………5

1.1  Кәсіпкерлік қызметтің мәні,мазмұны және негізгі бағыттары…5

1.2  Кәсіпкерлікті қолдау құрылымы және тиімділігі……..7

2.     КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЗІРГІ  ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ………12

2.1  «ҚазТрансОйл» АҚ-ң кәсіпкерлік қызметі……12

2.2 «ҚазТрансОйл» АҚ-ң  кәсіпкерлік қызметіне баға беру жолдары………14

      3.    ҚР КӘСІПКЕРЛІКТІ  ДАМЫТУ……18

3.1Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау бағдарламалары  және оларды жетілдіру тетіктері……20

3.2Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік  қолдау және дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жолдары……….24

Қорытынды………28

Пайдаланылған әдебиеттер………….29

Кіріспе

Нарықтық экономиканы реттеуге мемлекет кірісуі керек пе?деген сауал бірнеше ғасырлар бойы қойылып келеді. Нобел сыйлығының лауреаты В.Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. «Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль –мемлекеттік реттеу». Шведцияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың  пікірі бойынша «реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік» — дейді.

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер табы өмірге келе бастады. Елдің тағдыры осы күштің іске қосылып, табысты еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, қаржы, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік қызмет экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді.Кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу, оның негізгі белгілерін анықтауға экономика ғылымы үш ғасырдан астам уақыттан бері өзіндік үлес қосып келеді. Алайда, үздіксіз жүргізілген зерттеулер негізінде  «кәсіпкерлік» түсінігі жаңа элементтермен толыға түсті. Ол өз кезегінде кәсіпкерліктің мәні мен мазмұнын толық ашуға септігін тигізеді. Бірақ, ол қоғам мен экономиканың дамуына сәйкес жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді.  Зерттеушілердің бір тобы, «кәсіпкерлікті шаруашылық жүргізуші субьектілердің бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелерін өтеу мен жеке істің дамуын қанағаттандыру үшін түрлі қызметтер аясында еркін экономикалық қызмет ету, нарық субьектілері мен қоғамның нақты тұтынушыларының сұраныстарын өнім өндіру арқылы қанағаттандыру және пайда табу мақсатындағы іс-әрекет» ретінде қарастырса, тағы бір тобы «кәсіпкерлікті меншік иелерінің инновациялық іс-әрекетіне негізделген, жаңа идеяларды табу және оларды қолдану,сондай- ақ, нақты кәсіпкерлік жобаларға енгізуге бағытталған шаруашылық жүргізу қағидаларының жаңа түрі» ретінде сипаттайды.

Курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік істің дамуы, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау және оны жақсарту,  «ҚазТрансОйл» АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштеріне және қызметіне талдау жасау.

Курстық жұмысымның зерттеу обьектісі ретінде – «ҚазТрансОйл»АҚ-н алып отырмын.Кәсіпкерлік қызмет пәнін зерттей отырып, аталмыш АҚ-ның кәсіпкерлік қызметіне талдау жасаймын.

Белгіленген мақсатқа жету үшін зерттеу жұмысымның келесі міндеттері анықталды:

  • Кәсіпкерлік қызметтің нысандарын ашып көрсету;
  • Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің дамуының қазіргі сатысын анықтау;
  • Кәсіпкерлік қызметке мемлекет тарапынан  көрсетілетін қолдау дәрежесін анықтау және аталмыш тақырыпқа байланысты  бағдарламаларды пайдалану;
  • Келешекте елімізде кәсіпкерлік қызметті қолдауға жұмсалатын басқа да белсенді жұмыстардың жүргізілуін бақылау;

Курстық жұмысты жазу барысында ҚР «жеке кәсіпкерлік туралы заңы», үкіметтік бағдарламалар, ғалымдардың еңбектері, ҚР статистика агенттігінің мәліметтері пайдаланылады.

курстық жұмыс / 29 бет