Қаржының мәні, рөлі және қызметтері

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттілігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді. Функциялардың жиынтығы қаржыны жан-жақты сипаттайды, демек оның мәнін толық ашады. Қаржы негізінен екі функция орындайды, оның бірі қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын қаржының бөлу функциясы болса, екіншісі оның бақылау функциясы.

Қаржының бөлгіштік функциясының іс-қимылы оның мәнімен жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен жиналымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.

Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық өнім мен оның негізгі бөлігі- ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана қауыштырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Өнімнің натуралды-заттық құрамын бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша қорларын (табыстар мен жиналымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралды өнімді де бөлінеді.

Қаржы көмегі арқылы бөлу қоғамның жиынтық өнімнің көлемінен молықтыру қорын (материалдық шығындар мен амортизациялық төлемдер) бөліп тастау, ұлттық табыс есебінен кәсіпорындар мен өндірістік сапа қызметкерлерінің алғашқы табыстарын жасау да қамтиды. Алғашқы табыстардың қалыптасуымен байланысты қаржының бөлгіштік процесі енді басталады. Табыстардың кейінгі болатын қозғалысы, жоғрыда айтып кеткеніміздей, қайта бөлу деп аталады, ол көбінесе қаржы арқылы жүзеге асады қайта бөлу салалық және аумақтық тұрғыда шаруашылық жүргізуші субьектілер бойынша қоғамдық өнімді бөлшектеудің көптеген процесін қамтиды, мұның нәтижесінде ұдайы өндіріске қатысушының ақша қаражатына деген әртүрлі мұқтаждары қанағаттандырылып отырады. Шаруашылық жүргізуші субьектілер аясында да, мемлекеттік басқару аясында да ресурстарға деген бұл қажеттілікті қаржысыз қанағаттандыру мүмкін емес. Демек, бөлу функциясы арқылы қаржы белгілі бір қоғамдық мұқтаждарды қанағаттандырады. Ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуден ақырғы нәтижесі оның құрамынан қорлану қорын, тұтыну қорын және резрв(сақтық) қаорын бөліп шығару болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы тбөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категориямен тығыз байланыста дамиды. Қайта бөлу көбінесе қаржы арқылы жүзеге асады.   

Кәсіпорындар, фирмалар өздерінің алғашқы табыстарынан салалық және орталықтандырылған ақша қорларына түрлі төлемдер мен аударым жарнасын береді. Мәселен, бюджетке табыс салығын, меншікке салынатынсалықты, қосымша құнға салынатын салықты және тағы басқа төлейді. Жалақыға есептелген ақшадан әлеуметтік қамтамасыздандыруға аударады.

Қаржы ұлттық табыс құрамындағы бастапқы табыстарды да, қалыптастыру мен пайдалануды қауыштырады. Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады:

 

1.Қаржылық-бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады

 

2.Несиелік-банктік әдіс.Ол уақытша басы бос ресурстарды жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде несиелер беруді білдіреді.

Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының, қалыптардың (нормалардың), ставкалардың, тарифтердің, аударымдардың және тағы басқа көмегімен жүзеге асырылыуы мүмкін. Ұлттық табысты қаржы көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;

елдің жеке экономикалық аймақтарының арасында қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың және күрделі жұмсалымдаржың  құбылмалы тиімділігімен ынталандырып отырады.

Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материалдық және ақша ресурстарын ұдайы өндірудегі қажетті мөлшерлестігімен қамтамасыз етеді.

Бөлгіштік функциямен қатар қаржы бақылау функциясын орындайды. Қаржының бақылау функциясы коммерциялық есеп пен маркетинг операцияларын жүзеге асыруға байланысты.

Бақылау функциясы қаржылық бақылауда-жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді.

Бақылау функциясы сандық түрде қаржы ресурстарының қозғалысы арқылы жиынтық қоғамдық өнімді бөлумен және  қайта бөлумен болатын экономикалық процестерді бейнелейді. Сонымен бірге нақты нысандағы қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтыққоғамдық өнімді құндық бөлу процесіне мемлекет тарапынан бақылау жасаудың негізі болып табылады. Мұндай бақылаусыз экономиканың теңгерімді дамуының қамтамасыз етілуі мүмкін емес.

Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы-кәсіпорынның, фирманың шаруашылық қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау материал,еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды анықтап қана қоймай, сонымен бірге кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс рентабельдігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Қаржы мәселесі жөніндегі заңнамалардың бұлжымастай сақталуын, мемлекеттік бюджет, банк алдындағы қаржы міндеттемелерінің, сондай-ақ кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың есептесу және төлемдер жөніндегі өзара міндеттемелерінің дер кезінде және толық орындалуын тексеру-қаржылық бақылаудың аса маңызды міндеттерінің бірі.

Ұдайы өндіріс процесіндегі қаржының бақылау функциясының рөлі қаржылық тәртіп арқылы жүзеге асуы және оның жай-күйімен, белгіленген нормалар мен нормативтердің сақталуымен, қаржылық міндеттемелердің орындалуымен байланысты болуы мүмкін.

Қаржылық тәртіп оны бұзушыларға қаржы санкцияларын қолдана отырып мемлекеттік борышты сақтауға негізделген.

Қаржының бақылау функциясы қаржы органдарының сан қырлы қызметі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы жүйесі мен салық службасының қызметкерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау процесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырады. Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында бақылау жұмысының бағыттары, қаржылық бақылаудың нысандары мен әдістері айтарлықтай өзгереді.

Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынандай түрлерін ажыратады:

қаржылық-шаруашылық бақылау. Оны фирмалырдың, кәсіпорындардың, бірлестікдің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді ақы төлеуге осылайша ықпал жасады. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс  тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;

қаржылық-бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының (пайдасының) бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алдын алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қаржы жүйесі белгіленгентөлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін, сондай-ақ бюджеттік қаражаттардың бизнес-жоспарлардың немесе құрылыс қарқынының орындалуына қарай берілуін бақылайды;

несиелік-банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің мезгілділігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептеудің (өнім, жұмыс, қызметтер үшін) жүйесі арқылы жүргізіледі.

Қаржының функциялары туралы мәселе осы кезге  дейін пікірталас тудыруда.

Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымы танылып отыр. Бірінші тұжырымның жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші сатысында –ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінуң ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымға сәйкес қаржы екі функция орындайды:

-бөлу

-бақылау

Бөлу функциясының көмегімен қоғамдық жалпы өнім мен оның аса  маңызды бөлігі — ұлттық табыс. Сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігі (мысалы, айналым қаражаттарын алып тастағанда,   мемлекеттің   мүлікті  сату  операцияларында)  бөлінеді.

Ұдайы өндірістің тұжырымның жақтаушылары қаржы-бір стадияның емес, жалпы алғанда ұдайы өндірістің категориясы деп санайды және қаржыға мына функцияларды береді: ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастыру; ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану; бақылау функциясы. Қаржы көмегімен мемлекет өзінің иелігіне материалдық өндіріс сферасында жасалған қоғамдық  жиынтық өнім құнының бір бөлігін алады. Бұл процесс қаржының бірінші функциясын-ақша қорларын (табыстарды) қалыптастыру арқылы жүзеге асады, бұл өзінің нақты түрдегі практикалық көрінісін, ең алдымен, мемлекеттің салық саясатында табады. Нәтижесінде қоғамда дәйекті түрде сан алуан қорлар орталықтандырылған (мемлекеттік бюджет), мақсатты қорлар және тағы басқа қалыптасады.

Ақша қорларын (табыстарды) нақты пайдалану қаржының екінші функциясы арқылы жүзеге асады, оның заттық мазмұны негізінен мемлекеттің шығындары саясатынжүргізгенде көрінеді. Ақша қорлаының (табыстардың) қаражатты қайта бөлу жолымен мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғамдық өндірістің ұтымды әрі тиімді құрылымын жасап, қолдауға, материалдық жағынан аз қамтылғандары қолдауды қамтамасыз етуге және т.с.с. Сөйтіп, бөлу процесі ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы бөлу экономикалық қатынастардың бір түрі болып табылатын қаржы қатынастарының пайда болуына себепші болады.

Қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдардың өкілдері мойындайжы. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретінде қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен біг мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.

Қаржы микроэкономикалық дамуының тиімді арақатынасын белгілеуде, ұдайы өндірістің заттық және құндық элементтерінің тепе-теңдігіне жетуге, өндіріс тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Қаржының  экономикалық  рөлі  мына  бағыттардан  көрінеді:

қаржы капиталдың айналымын тездете отырып кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;

кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады:

қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара қатынасын қамтамасыз етеді;

қаржы ұлттық табыстарға қорлану мен тұтыну қорларының үйлесуі тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;

қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының және шаруашылық жүргізудің нысандарының дамуына мүмкіндік жасайды.

Сонымен бірге қаржы оптималды ұлттық шаруааһшылық арақатынасын қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалықжәне әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының басты элементтерінің өзара теңдестірілуіне қол жетеді; қаржы тұтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы өндіріске қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі қаржылық көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай жасайды.