Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

Кіріспе…………3

1 ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК……4

1.1.  Қаржы үғымы оның мәні мен қажеттігі……..4

1.2   Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі……7

1.3  Қаржының функциялары және рөлі…….14

2 ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ….21 

2.1.  Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы.21

2.2.  Қаржы қатынастарының ресурстары мен қорлары….26

2.3   Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыу қағидаттары……30

Қорытынды……..34

Қолданылған әдебиеттер……35

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды үлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мағынасы  болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа үйымдары оның субъектілері болып табылады.

Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі — материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зертгеуді болжайды.

Бұл жұмыста негізінен қаржы ұғымы мен негізгі атқарушы функциялары, мақсаты мен міндеті бейнеленген. Сондай-ақ қаржының  басқа категориялармен өзара байланысы қарастырылған.

курстық жұмыс / 34 бет