Қаржылық есептілікті тексеру кезіндегі талдамалық рәсімді жүргізу қойылған мақсаттардан, сондай-ақ ақпараттық, уақытша, әдістемелік, кадрлық және техникалық қамтамасыз етудің әр түрлі факторларына қатысты болады.
Экспресс-талдау мақсаты шаруашылық субъектіні дамытудың жай-күйін және серпінін көрнекі және қарапайым бағалау болып табылады.
Экспресс-талдау үш кезеңде орынды орындалады:
- дайындық
- қаржылық есептіліктің алдын ала шолуы
- экономикалық оқу және есептілік талдауы.
Бірінші кезеңнің мақсаты – қаржылық есептіліктің орындылығы туралы шешім қабылдау және оның оқуға дайындығы туралы сенімділік.
Бірінші тапсырма есептілікте берілген ақпараттың растығы туралы аудитор бағасынан және оның қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкестігінен тұратын аудиторлық қорытындымен танысу арқылы шешіледі. Бұл жерде қағаз жүзіндегі белгілері бойынша және нақты қолданысы бойынша визуалды және қарапайым есептік тексеру жүргізіледі: барлық қажетті нысандар мен қосымшалардың, реквизиттер мен қолдардың болуы айқындалады; есептік нысандарды толтырудың дұрыстығы мен айқындылығы салыстыра тексеріледі; есептік нысандар көрсеткіштерінің өзара байланысы және олардың арасындағы негізгі бақылау қатынастары тексеріледі.
Екінші кезеңнің мақсаты – теңгерімге түсіндірме жазбамен танысу. Бұл есептік кезеңдегі жұмыс шартын бағалау, негізгі көрсеткіштердің үрдістерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық субъектідегі мүліктік және қаржылық жағдайдағы сапалық өзгерістерді айқындау үшін қажет.
Түсіндірме жазбада, әдетте, осы кәсіпорын қандай есептік саясатты ұстанатындығы айтылады, кәсіпорынның қаржылық жай-күйінде көрінуі мүмкін тәуекелдер туралы және белгісіз жағдайлар туралы, қаржылық есептілікте бейнеленбеген кез келген ресурстар мен міндеттемелер туралы басқа маңызды ақпарат айқындалады. Атап айтқанда, онда кәсіпорын қызметінің шаруашылық және қаржылық нәтижелеріне есептік жылы әсер еткен негізгі факторлар, сондай-ақ кәсіпорында жылдық бухгалтерлік есепті қарау қорытындысы және таза табысты тарату бойынша шешім қабылдау жазылады.
Түсіндірме жазбада бірқатар жылдар ішіндегі кәсіпорындар жұмысының аса маңызды экономикалық және қаржылық көрсеткіштерінің серпіні туралы, келешектегі капитал салымдарының сипаттамасы, жүзеге асырылатын экономикалық іс-шаралар, жылдық бухгалтерлік есептің ықтимал пайдаланушылары туралы деректер болуы тиіс. Мәселен, онда пайыздық ставкалар, кредиттерді жабу мерзімдері, төлем кезектілігі мен кредиттік келісімнен және қарыз шарттарынан туындайтын басқа да ерекшеліктер ашылуы тиіс.
Талдаушы қосымша, мысалы, нарықтың географиялық сегменттері, салалық ерекшеліктер туралы ақпаратпен танысуы қажет.
Түсініктеме жазбамен танысқаннан кейін, негізгі экспресс-талдаудағы үшінші кезең – экономикалық оқу және есептілікті талдауға кірісу қажет. Оның мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін қорыта бағалау. Мұндай талдау әр түрлі пайдаланушылардың мүдделері бойынша қандай да бір деңгейде нақтылау үшін жүргізіледі. Сондықтан объективті және әсіресе субъективті факторларды ескере отырып, оны іске асырудың әр түрлі нұсқалары болуы мүмкін.
Жылдық есеппен, жекелей алғанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және бағалау үшін оның барынша ақпараттық нысаны болып табылатын бухгалтерлік теңгеріммен жұмыс істеу шарты экспресс-талдаудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады.
Бухгалтерлік теңгерімнің мәні зор, өйткені қаржылық жағдайды талдауды көбіне теңгерімді талдау деп те атайды.
Теңгерімді оқи білу–басқа баптармен байланысты оның әрбір баптарының мазмұнын бағалау, кәсіпорын қызметіндегі рөлін, кәсіпорын экономикасы үшін бұл өзгерістерді сипаттау әдісін білу:
— кәсіпорын туралы ақпараттың елеулі көлемін алуға;
— кәсіпорынның меншікті айналым құралдарымен қамтамасыз деңгейін айқындауға;
— айналым құралдарының ұлғаюы қандай баптар есебінен екенін анықтауға;
— талдамалы көрсеткіштер есебінсіз-ақ кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Теңгерімді оқу мыналарды:
— зерттелетін кезең ішінде теңгерім валютасының өзгерістерін бағалауды;
— теңгерім валютасы өсімінің қарқынын өндіріс көлемінің, өнімді өткізу өсімінің жиынтық және таза кіріс қарқынымен салыстыруды;
— теңгерімнің бөлімдерінің, топтарының және жекелеген баптарының негізгі өзара байланыстарын зерделеуді;
— теңгерімнің жекелеген бөлімдері мен баптарының өзгерісі сипатын талдауды қамтиды.
Талдаудың бұл кезеңінде кәсіпорын қызметі туралы бастапқы ұғым қалыптасып, кәсіпорынның мүлкі құрамындағы және олардың қаржыландыру көздеріндегі өзгерістер айқындалады, көрсеткіштер арасындағы өзара байланыс, кәсіпорынның қаражаты орналасуының дұрыстығы, оның ағымдық төлем қабілеті анықталады. Осы мақсатта теңгерімнің активі мен пассивінің жекелеген баптарының қатынасы, олардың теңгерім валютасындағы басым салмағы (жалпы жиында) айқындалады, алдыңғы кезеңмен салыстыру бойынша теңгерімнің негізгі баптарының құрылымындағы ауытқулар сомасы есептеледі.
Теңгерімді оқуды талданатын уақыт кезеңі ішіндегі теңгерім шамасының өзгеруін белгілеуден бастайды. Кәсіпорын мүлкінің құнын зерделеу үшін кезең басындағы теңгерім жиыны кезең аяғындағы теңгерім жиынымен салыстырылады.
Теңгерім валютасын түпкілікті өзгеруін айқындаумен қатар оның өсім қарқынын өткізу және жалпы (таза) кіріс көлемі өсімінің қарқынымен салыстыру қажет. Өткізу және жалпы кіріс көлемінің өсу қарқынының теңгерім валютасы өсімі қарқынынан асып кетуі осы кәсіпорындағы қаражатты пайдаланудың жақсарғанын, керісінше өндіріс, өткізу және жалпы кіріс көлемі өсімі қарқынының теңгерім валютасы өсімі қарқынынан кейіндеп қалуы кәсіпорын қаражаты пайдалануының нашарлағанын көрсетеді.
Бухгалтерлік теңгерімді оқу процесінде әрбір бапты екі аспектіде:
1) экономикалық мазмұны, шамасы және қарқыны бойынша;
2) ол теңгерімнің қарама-қарсы жағының қандай бабымен (бап топтарымен) қатысатынын қарау керек. Басқаша айтқанда, активтің әрбір бабы үшін оны жабудың тиісті көзі болуы және керісінше пассивтің әрбір бабы үшін қаржы ресурстарын пайдаланудың бағыттарын көру қажет. Қаражат көздерін мәні бойынша пайдалану дұрыстығын белгілеу шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайының негізгі идеясы болып табылатынын атап кету керек.
Теңгерім өзара байланыс желісімен төмендетілген, логикалық және сандық қатынастар бөлімдер, топтар мен жекелеген баптар деңгейінде. Бірінші кезекте кәсіпорынның теңгерімі бөлімдері арасындағы өзара байланыс сипатын көрсетеміз.
1. Теңгерім активінің барлық бөлімдері жиынының сомасы оның пассивінің барлық бөлімдерінің жиыны сомасына тең:
А (І+ІІ) – П (І+ІІ+ІІІ)
Бұл теңдеу бухгалтерлік теңгерімнің негізгі идеясын көрсетеді, кәсіпорынның сол сомасы екі аспектіде берілген:
1) құрамы және орналасуы бойынша;
2) құрылу (қаржыландыру) көзі бойынша.
2. Активтің бірінші бөлімінің жиыны, әдетте пассивтің бірінші бөлімінің жиынынан аз болады
АІ <П І
Бұл теңсіздіктің экономикалық мағынасы меншікті қаражаттың бір бөлігі негізгі құралдарды сатып алуға және ұзақ мерзімдік қаржы салымдарын жүзеге асыруға, ал қалған бөлігі активтің екінші бөлімінде көрсетілген айналым құралдарын жабуға кететінімен қорытындыланады.
3. Ағымдағы активтердің жалпы сомасы ағымдық міндеттемелердің шамасынан астам болады
А ІІ >П ІІІ
Бұл теңсіздік алдыңғы теңсіздікпен байланысты. Ол қалыпты жұмыс істеу кезінде айналым құралдарының елеулі бөлігінің кәсіпорынның меншікті қаржы ресурстары есебінен сатып алатынымен шарттасады.
4. Меншік қатынастарын көрсететін теңгерім баптарының топтары арасындағы байланыстың терең экономикалық мағынасы бар, ол мына теңсіздіктен көрінеді:
А=Мк + Тк
Мұндағы А – кәсіпорын активтері;
Мк – меншікті капитал;
Тк – тартылған капитал.
Бұл теңдік кәсіпорынның барлық активтерінің (А) екі қағидатты әртүрлі жабу көздерінің бар екенін көрсетеді, олар: Меншікті капитал (Мк) және таптылған (қарыз) капитал (Тк). Бұл теңдікке кейбір маңызды коэффициенттер негізделеді. Келтірілген теңдік элементтерінің абсолютті мәнінен және олардың арасындағы қатысы осы кәсіпорынға несие берушілердің сенім деңгейі байланысты болады. Осы қатынастарды бақылау және оларды басқару – дұрыс және парасатты қаржы саясатының мәні болып табылады.
Теңгерімді оқу кезінде талдаушының маңызды іс-қимылдарының бірі оның “науқас”, яғни айрықша назар салуды қажет ететін баптарын айқындау болып табылады, бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметін экономикалық диагностикалау тәсілдерінің бірі. Бұл баптар, сондай-ақ теңгерімдік баптар арасындағы кейбір қатынастар не жекелеген белгілі бір кемшіліктер туралы көрсетеді. Талдау кезінде “науқас” баптар өткен кезеңдегі шаруашылық субъектісінің жұмысын көрсетіп қана қоймай, болашақта шаруашылық ахуалдың дамуына әсер етеді. Талдаушы жалпы түрде шаруашылық субъектісінің қалыптасқан қаржы жағдайын жақсартудың мүмкін болатын жолдарын белгілеуі керек.
Талдаушының одан кейінгі ықтимал әрекеттері: қалыптасқан жағдайдың негізгі себептерін айқындау; есептік кезеңде алынған шығындардың заңдылығын анықтау үшін нәтижелі көрсеткіштердің серпінін зерделеу; шығынды жұмыс себептерін жоюдың жолдарын айқындау.
Екінші бап бойынша соманың болуы кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін, қаржы жұмыстарындағы елеулі кемшіліктерді, талдамалық есеп деректері бойынша анықтауға болатын шаруашылық субъектісінің мерзімі өтіп кеткен несиесінің бар екенін көрсетеді.
Мерзімі өткен қарыз үшін банк жоғары пайыз алатын болғандықтан, бұл шаруашылық субъектісі кірісінің мөлшерін азайтады.
Талдамалық есеп деректері бойынша кәсіпорын жұмысының басқа да “науқас” көрсеткіштері айқындалуы мүмкін, олар:
А) сатушылар және тапсырыс берушілер мерзімінде төлемеген және акцепттен бас тартуға байланысты сатып алушыларда жауапты сақтауда тұрған тауарлар үшін есептесу құжаттары бойынша қарыздар бөлігінде дебиторлармен есептесу. Оларды жабу үшін меншікті айналым қаражаты тартылады. Олар қозғалыссыздандырылады, олардың айналымы баяулайды, сондай-ақ кәсіпорынның қаржылық ресурстарды шұғыл пайдалану мүмкіндігі азаяды;
Б) қызметкерлермен алынған несиелер бойынша қарызының қызметкерлерге арналған банк кредиттерінен астам болу бөлігіндегі есебі;
В) теңгерімнен белгіленген тәртіпте есептен шығарылмаған ТМБҚ-ның материалдық шығынын, жетіспеушілігін және шығысын өтеу бойынша персоналмен есептесу.
Сонымен, қол жеткізілген нәтижелер әрі кәсіпорынның шаруашылық өмірін дамыту перспективалары көзқарасы бойынша талдаушының ерекше назар аударуын талап ететін теңгерім баптарын қарастырдық.
Бұдан әрі экспресс-талдау әдістемесімен қаржылық есептілікті талдау көзделеді. Бұл үшін ең бірінші салыстырмалы түрде есептелген көрсеткіштердің есебі орындалады, содан соң олардың ішінде барынша елеулілерінің аз ғана іріктеледі де олардың серпініне бақылау жүргізіледі. Іріктеу субъективті болады және оны талдаушы жүргізеді.
Бұл көрсеткіштердің жиынтығы кәсіпорынның салыстырма түрдегі кеңістіктік-уақыттық қызметін сипаттайды. Кәсіпорынның экономикалық әлеуеті екі жақты сипатталуы мүмкін, олар: кәсіпорынның мүліктік жағдайы ұстанымы және оның қаржылық жағдайы ұстанымы бойынша. Бұл екі ұстаным да бір бірімен байланысты, ал көрсеткіштер өзгерістер қарқыны ескерілген серпінде қаралуы тиіс.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік перспективалар көзқарасы бойынша бағалауға болады. Бірінші жағдайда қаржы жағдайын бағалаудың өлшемдері – кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттігі.
Кәсіпорынның өтімділігі туралы сөз қозғаған кезде ондағы жабудың ең кемі келісім-шартта көзделген мерзімдерін бұзып, қысқа мерзімдік міндеттемелерді жабуға арналған теориялық жеткілікті мөлшерде ағымдық активтерінің болуы туралы айтылады.
Төлем қабілеттігі кәсіпорынның несиегерлік қарыздар жөніндегі есептесулер үшін жеткілікті қаржы қаражатының және олардың баламаларының болуын білдіреді. Төлем қабілеттігінің экспресс-талдауы шеңберінде кассадағы және банк есеп шоттарындағы қолма-қол ақшаны сипаттайтын бапқа назар аударылады. Бұл түсінікті де, өйткені олар қолма қол қаржы қаражатының, яғни тек салыстырмалы түрде құндылығы бар кез келген өзге мүлікпен салыстырғанда абсолюттік құндылығы бар мүліктердің жиынтығын білдіреді. Бұл ресурстар барынша ұтқыр, олар кез келген уақытта қаржы-шаруашылық қызметке енгізілуі мүмкін, ал активтердің басқа түрлері белгілі бір уақыт аралығымен ғана енгізіледі.
Ұзақ мерзімдік перспективалар ұстанымы бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы көздерінің құрылымымен, кәсіпорынның сыртқы инвесторлардан және кредиторлардан тәуелділігі деңгейімен сипатталады.
Осылайша, кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау әр түрлі ресімделуі мүмкін: көрсеткіштердің жиынтығы, қысқа мәтіндік есеп, талдамалық кестелер сериясы түрінде болып, орындылығы немесе кәсіпорынның қаржылық жағдайын барынша және егжей-тегжейлі талдау туралы қорытындымен және оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерімен аяқталады.
Осыған орай, қаржы-экономикалық талдау оның нарықтық құнының артыру резервтерін айқындау және тиімді дамуды қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорынның қаржы жағдайын және шаруашылық қызметінің негізгі нәтижелерін зерттеу процесін білдіреді.
Активтер мен пассивтер құрылымы өзгерісінің пайдасы мен шағынының мөлшерін, тиісті кезеңдегі дебиторлық және кредиторлық берешегінің жай-күйін көрсететін қаржы ақпараты қаржы талдауының объектілері болып табылады. Талданатын субъектінің қаржылық жай-күйі туралы қорытындыны талдау жүргізудің нәтижесі деп санау қажет.
Талдау тәжірибесі қаржылық есептерді оқудың негізгі ережелерін әзірледі, олар: көлденең, тік, трендті, негізгі көрсеткіштерді талдау, салыстырма талдау, факторлық.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын факторлық экспресс-талдау өте жедел болып табылады, ол қысқаша сәттік есепті және әр түрлі көрсеткіштердің жиынтығын қамтиды. Экспресс-талдау бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайын терең талдаудың орындылығы туралы және оның қызметінің нәтижелері туралы қорытынды шығаруға болады.
Отандық және шетелдік экономистердің жұмыстарына сүйене отырып, жоғарыда сипатталған қорытындылар жасалды, бұл тек теориялық бөлік қана, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайына терең ену үшін оны іс жүзінде қарап, «Қазақтелеком» ААҚ –ның қаржы жағдайын талдаймыз.