Дамыған инновациялық жүйелерi бар барлық елдердегі инновациялық қызметтi қаржыландыру ағыны мынадай компоненттерден қалыптасады:
— ҒЗТКЖ-ға мемлекеттік гранттар жүйесi, олардың нәтижелерiн патенттеу және басқа да мақсаттар;
— венчурлiк капитал;
— ҒЗТКЖ-ға арналған корпоративтiк шығындар мен олардың нәтижелерiн енгізу;
— жекелеген инвесторлардың шығыстары.
Қазiргi уақытта Қазақстанның ҒЗТКЖ-ның қаржылық инфрақұрылымы мына көздерден жүргiзiледi:
— Ғылым қорын қоса алғанда, ғылыми зерттеулер бағдарламаларына арналған республикалық бюджет қаражаты;
— ұлттық компаниялар мен кәсiпорындардың қаражаты;
— жеке инвесторлардың қаражаты;
— «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-тың қаражаты;
— венчурлiк қорлардың қаражаты.
ҒЗТКЖ-ды бюджеттік қаржыландыру республикалық бюджеттiң, Ғылым қорының қаражатынан жүзеге асырылады. Бұдан өзге, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-тың (бұдан әрi — ҰИҚ) (елдегі инновациялық белсенділікті жандандыру мақсатында 2003 жылы құрылған және басқалармен қатар «қорлар қорының» функциясын орындайтын мемлекеттiк даму институты) инвестицияларының бағыттарының бiрi қолданбалы ҒЗТКЖ-ды конкурстық негізде гаранттар беру жолымен қаржыландыру болып табылады.
Инновациялық жобаларды қаржыландыру құрылған мемлекеттiк даму
институттары арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттiң күш салымы инновациялық процеске кәсiпкерлер мен жеке капиталдың қатысуынсыз жеткілікті түрде тиімді емес. Қазiргі кезде кәсіпкерлердің отандық ғылыми әзiрлемелердi iздестiруде, бағалауда және жылжытудағы қызығушылығының әлсiздiгі байқалып отыр.
Венчурлік қорлар венчурлiк инвестициялаудың негізгі тетiгi болып табылады. Венчурлік инвестициялауды дамытудың бастапқы кезеңiнде қызметi инновацияларды құруға және/немесе коммерцияландыруға бағытталған жеке отандық және шетелдiк капиталды тарту мемлекеттiң тiкелей үлестік қатысуымен венчурлiк қорларды құру кезiнде мүмкiн болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттiк қаражат бұл қорға кiретiн жеке инвесторлардың тәуекелдерiн төмендетедi. Венчурлiк индустрияны қалыптастырудың бастапқы кезеңiндегi мемлекеттiк жәрдемдесудiң мұндай нысаны барлық елдерде дерлiк өзiнiң тиiмділігін көрсеттi.
Мемлекеттiң венчурлiк қорларды құруға қатысуы ҰИҚ арқылы жүзеге асырылады. ҰИҚ-тың инновациялық саясатының негiзгi бағыттарының бiрi құрылатын венчурлiк қордың жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу (49%-ға дейiн) жолымен отандық және шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп, венчурлiк қорлар құру болып табылады.
Осы Бағдарлама қызметi компанияның/жобаның тiршiлiк ету кезеңiнiң бастапқы кезеңiне арналған инновацияларды құру және коммерцияландыруға бағытталған компаниядағы инвестицияларды венчурлiк инвестициялау ұғымын ғана шектейдi.
Осыған байланысты осы Бағдарламада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Венчурлiк инвестициялау — идеяларды жаңа өнiмнiң тұсаукесер үлгiлерiн құруға және оның коммерциялық әлеуетiн бағалауға дейiн жеткiзуге байланысты қолданбалы ҒЗТКЖ-ның зерттеулерi (1); бастапқы сериялық өндiрiс және өнiмдi бiрiншi сату (2); өндiрiстi ерте ұлғайту және өнiмдi өткiзудiң жаңа рыноктарына шығу (3) кезеңдерiнде инновацияларды құруға және/немесе коммерцияландыруға бағытталған инвестициялау.
Венчурлiк қор — венчурлiк инвестициялауды жүзеге асыру мақсатында заңды тұлға құрумен де, құрмай да жасақталған заңды және/немесе жеке тұлғалардың бiрiктiрiлген капиталы.
Венчурлiк қордың компаниясын басқарушы (менеджер) — инвестициялардың объектiлерiн таңдау және бағалау, компаниялармен мәмiлелер жасасу, олардың қызметiн бақылау және олардан шығуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi қамтитын венчурлiк қорды басқару үшiн жауапты заңды тұлға.
Шығу — инвестордың оның иелігіндегi акциялардың пакетiн/қатысу үлесiн сатудағы венчурлiк инвестициялау процесiнiң аяқталған кезеңi.
Венчурлiк инвестициялауды дамытудың бұл кезеңiнде мынадай сәттердi ескеру қажет:
бүкіл әлемдегi венчурлiк қаржыландыру 2000-2001 жылғы дағдарыстан кейiн стагнациялық кезеңдi бастан кешiрiп отыр, венчурлiк қорларға қаражат тартудың көлемi Еуропада да, АҚШ-та да қысқарып жатыр, бұл Қазақстандағы венчурлiк инвестицияларды тарту жөнiндегi мiндеттердiң орындалуын қатты қиындатады;
дамыған елдердегi венчурлiк қор менеджерлерiнiң басым көпшiлiгi инвестициялаудың географиясын дамыған елдерден тысқары ұлғайту туралы мәселеге және жекелей алғанда Қазақстандағы инвестициялау ұсыныстарына сақтана қарайды;
барлық қор менеджерлерiн бiрiншi кезекте елдегi венчурлiк кәсiпкерлiктi дамыту мәселесi және оны қолдау жүйесi қызықтырады. Егер елде идеялар мен ғылыми-зерттеу ұжымдары түрiнде емес, мемлекеттiк қолдау жүйесi бар инновациялық менеджерлер мен кәсiпкерлер жетекшілік ететiн тiркелген компаниялар объектілерiне таңдау болмаса шетелдiк қорлар елге келмейдi;
кейбiр басқарушы компаниялар бiрiншi қадам ретiнде жобаларды ғылыми-техникалық талдау, инвестициялау процесi, инвестициялар қоржынын әртараптандыру, тәуекелдердi бағалау, жобадан шығу әдiстемесi бойынша консалтингтiк қызметтердi, екiншi ынтымақтастықкезеңін (кем дегенде бiр жылдан кейiн) олар Қазақстанда олардың қатысуынсыз толықтырылатын венчурлiк қорларды басқару бойынша бiрлескен компаниялар құру туралы мәселенi қарауға дайын болады. Тек бiрлескен жұмыстың үшiншi кезеңiн ғана акционерлердiң алдына Қазақстандағы өз қорларының қаражатын тарту бойынша мәселе қоятын болады. Бұл жолдың болуы мiндеттi түрде деп ұғынылады және еуропа қор менеджерлерiнiң тәжiрибесiн, жұмыс технологиясын қабылдауға, оларға елдегi венчурлiк капиталға сұраныстың және инвестициялардың кiрiстiлiгінiң бар екенiн көрсетуге мүмкiндiк бередi;
көптеген қорлармен және венчурлiк қорлардың активтерiн басқару жөнiндегi компаниялармен жұмыстық өзара iс-қимылын орнату үшiн оларға ақшаны инвестициялау, олардың акционерлерiмен өзара қатынасты орнату, өз мамандарын тағылымдамаға жiберу және одан әрi Қазақстандағы инвестициялауға бұл қорларды тартуға, бiздiң елiмiзде инвестициялау үшiн бұл қорларды тартуға мүмкiндiк беретiн олардың акционерлерi (пайшылары) болу қажет. Венчурлiк капиталды елге тартудың бұл тәсiлiн Оңтүстiк Шығыс Азия, Корея және тағы басқа елдер пайдаланды;
Қазақстандағы венчурлiк инвестициялауды, әсiресе Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнде дамыту, венчурлiк капитал рыногын капиталдандыру тек отандық институционалдық инвесторлар мен қаржылық институттардың белсендi қатысуы кезiнде ғана мүмкiн болады. Дамыған елдерде нақ осылар венчурлiк капиталдың негізгі көздерi болып табылады. Мәселен, АҚШ-та 2000 жылы институционалдық инвесторлардың үлесiне венчурлiк капиталдың 60%-ына жуығы ал банктер үлесiне 23%-ы тиесiлi болды. Еуропада қаржылық институттар сияқты институционалдық инвесторлардың үлесiне венчурлiк капиталдың 30%-ына таяуы тиесiлдi болды.
Қазақстанда қазiргi сәтке екiншi деңгейдегi банктер, инвестициялық қорлар, қаржы-өнеркәсiп топтары олардың бiр бөлiгі реттегіш режимiн ырықтандырудан экономиканың нақты секторына, оның iшiнде венчурлiк капитал түрiнде құйылған қаржылық ресурстардың үлкен көлемiн жинақтады.
Сонымен қатар, Қазақстанда институционалдық инвесторлар мен қаржы институттарының венчурлiк қаржыландыруға қатысуы үшiн елеулi кедергілер бар. Мәселен, «Инвестициялық қорлар туралы» Заңға сәйкес акционерлiк инвестициялық қордың акционерлерi компаниясы басқарушы бола алмайды. Тыйым салу тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қордың акционерлерiне қолданылмайды. Бiрақ тәуекелдiк инвестициялау қорының қызметiне елеулi шектеулер орнатылады. Мысалы, тәуекелдiк инвестициялаудың акционерлiк инвестициялық қорының акциялары сауда-саттықты ұйымдастырушылардың сауда-саттық жүйелерiнiң айналымына жiберiлмейдi. «Сақтандыру қызметi туралы» Заңға сәйкес сақтандыру ұйымы өз активтерiн жоғары өтiмдi құралдарға, оның iшiнде ең жоғары санат бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасы эмитенттерiнiң мемлекеттiк емес эмиссиондық бағалық қағаздарын орналастыруды жүзеге асырады. Зейнетақы қорлары «А» санаты бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлген Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес эмиссиондық бағалы қағаздарына инвестициялауға құқығы бар. Екiнші деңгейдегi банктердiң инвестициялық қызметi капитал реттегiшiн есептеу кезiнде жүргiзілген инвестициялардың барлық сомалары алынып тасталатын оларға қарсы активтер мен шартты мiндеттемелердiң жiктелiмi және провизиялар құрудың ережесiн ескере отырып, жүзеге асырылады.
Жаңа өспелi компанияларға (бизнес қамқоршылары, немесе ресми емес инвесторлар) тiкелей қаржы қаражатын инвестициялайтын жеке инвесторлар венчурлiк капиталдың ресми емес рыногын құрады. Абсолюттік көрiнiстегi венчурлiк капиталға салыстырмалы түрдегi өзiнiң елеусiз үлесiне қарамастан, бизнес қамқоршылары компания дамуының бастапқы кезеңiнде (бастапқы және сөре кезеңдерiнде) инвестициялаудың маңызды көздерiнiң бiрi болып табылады.
Қазақстанда реформалар жылдарында жеке кәсiпкерлерде, халықта венчурлiк жобаларға инвестициялануы мүмкiн елеулi қаржы ресурстары жинақталды. Сонымен қатар инвестициялық инфрақұрылымның жоқтығы, кәсiпкерлiк дағдының төменгi деңгейi, ақпараттық желiлердiң жоқтығы венчурлiк инвестицияға жеке инвесторлардың қатысуына кедергi жасайды.
Консультациялық қызметтерге және оларға жеке инвесторларды енгiзетiн жобалар бойынша деректер қорын құру жолымен жобаларды жылжытуға дайын жеке консалтингтiк компаниялар бар. Алайда, бұл компаниялардың қызметтерi бiрiншi кезекте олардың инвестиция тарту және/немесе жобаны iске асыру түрiнде нәтижелерге жету емес, бизнес жоспарларға әзiрлеуге өтiнiш бiлдiрушілерден төлем алу есебiнен қысқа мерзiмдiк пайда алуға бағытталған. Яғни, мұндай компаниялар идеялар кезеңiнде перспективалық жобаларды тиiсiнше iрiктеуге мүдделi емес, ал өздерiнiң қызметтерiне тапсырыстар алуға және ағымдағы пайдаға ғана мүдделi.
Осылайша мемлекет инновациялық қызметтi қаржыландырудың қазiргi заманғы жүйесiн құру үшiн төменде ұсынылған iс-шаралар кешенiн iске асыруы тиiс.