Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары — жоғары кәсіби ұйымдармен дайындалған және ұсынбалы бухгалтерлік есеп ережелері , әдістері , ұғымдары мен процедуралары жиыны. Халықаралық есеп тәжірибесінде әр түрлі елдерде есептізерттеумен, салыстырумен және жіктеумен , беру унификациясы бойынша дайындалымдар және ұсыныстармен айналысатын көптеген ұйымдар бар. Олардың ішінен атап көрсетуге болатындары:
- Халықаралық бухгалтерлік стандарттар комитеті;
- Біріккен Ұлттар Ұйымы;
- Трансұлттық корпорациялар бойынша комиссия;
- Есеп пен есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша эксперттердің үкіметаралық жұмыс тобы ( БҰҰ );
- Экономикалық ынтымақтастық және даму бойынша ұйым;
- Еуропалық Одақ ( ЕО );
Есеп стандарттары үрдісіне ықпал етуші кәсіби бухгалтерлердің аймақтық ұйымдарына мыналар жатады:
- Кәсіби бухгалтерлердің Еуропалық федерациясы;
- Америкааралық бухгалтерлік ассоциация;
- АСЕАН елі мүшелері бухгалтерлерінің федерациясы;
- Азия және Тынық мұхит аймақтары бухгалтерлерінің конфедерациясы;
- Бухгалтерлік есеп бойынша Африкалық кеңес.
Америкалық ұйымдар:
- Бағалы қағаздар және биржа бойынша комиссия;
- Қаржылық есеп стандарттары бойынша кеңес.
Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары Қазақстан Республикасында да қолданылады. Олардың тізімі төменде берілген:
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары
Стандарттар
нөмірі |
Стандарт атауы | Енгізілген жылы
|
ХБЕС 1 |
Қаржылық есептілікті ұсыну |
2004 |
ХБЕС 2 |
Қорлар |
2004 |
ХБЕС 7 |
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп |
2003 |
ХБЕС 8 |
Есеп саясаты,есеп айырысуды бағалаудағы өзгерістермен қателер |
2004 |
ХБЕС 10 |
Есеп беретін мерзімнен кейінгі жағдайлар |
2004 |
ХБЕС 11 |
Құрылысқа келісімшарттар |
2003 |
ХБЕС 12 |
Пайдаға салықтар |
2003 |
ХБЕС 14 |
Сегментті есептілік |
2003 |
ХБЕС 16 |
Негізгі құралдар |
2004 |
ХБЕС 17 |
Жал |
2004 |
ХБЕС 18 |
Түсім |
2003 |
ХБЕС 19 |
Қызметкерлерге ыйақылар |
2003 |
ХБЕС 20 |
Мемлекеттік субсидияларының есебі мен үкіметтік көмек туралы ақпараттарды ашу |
2003 |
ХБЕС 21 |
Валюталық бағамдар өзгерістерінің әсері |
2004 |
ХБЕС 23 |
Қарыздар бойынша қарыздар |
2003 |
ХБЕС 24 |
Байланысушы тараптар туралы ақпараттарды ашу |
2004 |
ХБЕС 26 |
Зейнетақылық қамтамасыз ету бағдарламалары бойынша есеп және есеп беру |
2003 |
ХБЕС 27 |
Жеке және жинақ қаржылық есептемелік |
2004 |
ХБЕС 28 |
Қауымдастырылған ұйымдарға инвестициялар |
2004 |
ХБЕС 29 |
Гиперинфляция жағдайындағы қаржылық есептемелік |
2003 |
ХБЕС 31 |
Бірлескен қызметтерге қатысу |
2004 |
ХБЕС 32 |
Қаржылық инструменттер-ақпараттарды ашу және ұсыну |
2004 |
ХБЕС 33 |
Акцияға пайда |
2004 |
ХБЕС 34 |
Аралық қаржылық есептілік |
2003 |
ХБЕС 36 |
Активтердің құнсыздануы |
2004 |
ХБЕС 37 |
Бағалау міндеттемелер,шартты міндеттемелер және шартты активтер |
2003 |
ХБЕС 38 |
Материалдық емес активтер |
2004 |
ХБЕС 39 |
Қаржылық инструменттер-мойындау және бағалау |
2004 |
ХБЕС40 |
Инвестициялық жылжымайтын мүлік |
2004 |
ХБЕС 41 |
Ауыл шаруашылығы |
2003 |
Қорытынды
Нарықтық қатынастар жағдайында құжаттарға жазылған кейбір маңызды экономикалық ақпараттарды бәсекелестердің пайдаланып кетпеуі үшін оны құпия сақтау керек. Маңызы жағынан аса жоғары дәрежедегі ақпараттарды құпия сақтау үшін құжаттар қозғалысының айрықшы айналымын жасап, құжат жасаушы міндетті адамдарды арнайы нұсқаудан өткізіп, бұларды материалды жағынан ынталандыру шаралары белгіленгені жөн. Құжат жасауға байланысты адамдар ақпараттардың ұрланып немесе сатылып кетпеуін қамтамасыз етуге міндетті. Ұйым бухгалтерлері мен басшылары арасында жасалған келісім-шартта осы ұйымның коммерциялық құпиясын сақтау жөнінде бухгалтерлерден жазба түрде міндеттеме талап етіліп, құпия сақталатын құжаттар тізімін белгілеу шаралары іске асырылып отыруы керек.
Ұйымдардағы бухгалтерлік есепті компъютерлік технологиямен жүргізілуіне байланысты ақпараттар құпиясын сақтау мақсатында компъютерге басқалардың кірмеуі керек. Компъютерлік ақпараттарға бөлек адамдардың кірмеуі үшін арнайы кіліттер, парольдер (атқарушының дауыс ерекшелігі, саусағының таңбасы) қолданылуы керек. Ақпараттар құпиясын сақтау барысында шаруашылық операцияларын компъютерге енгізу алдында бұларды арнайы шифрлармен белгілеп, шығару кезінде шифрларды жою керек.
Сонымен ұйымдарда жасалынатын құжаттардың коммерциялық құпиясын сақтау үшін компъютерлік арнайы бағдарлама құрылады. Мұндай бағдарлама ұйым экономикасының қауыпсіздігін қамтамасыз етеді. Коммерциялық құпияның сақталуын қамтамасыз ету шараларына ақпараттар ағынын тексеру мен пайдаланушылардың тізімін арнайы категория мен уәкілдік етуші топтарға бөлу керек. Ұйым басшысы мен бас бухгалтері ақпараттар жүйесіне кірушілер мен уәкілдік етушілердің қыэметін тексеріп, қажет болған жағдайда шектеу шараларын белгілейді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Н.Қ.Қабылова
Ш.А.Доспалинова
Е.Н.Оразалинов
Бухгалтер ( Бухгалтерлік есеп негіздері)
Астана : Фолиант.
2. С.Б. Баймұханова
Ә.Ж. Балапанов.
Бухгалтерлік есеп.
Алматы-2001.
3. Қ.К. Кеулімжаев
Н.А. Құдайбергенов
Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері.
Алматы
Экономика