«Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негізге» сәйкес қаржылық есеп беруді пайдаланушылар қатарына мыналар қосылады:
- Ø Берілген инвестиияларға байланысты тәуекеклді көтеруші инвесторлар. Оларға акцияларды сату, ұстай тұру немесе сату жайлы шешім қабылдауға жне субъектінің дивидент төлеуге қабілетін бағалауға көмектесетін ақпарат керек болады;
- Ø Тиесілі кредиттер мен проценттер бола ма, олар уақтылы төлене ме деп білгісі келетін қарыз берушілер;
- Ø Тиесілі сома бола ма, төлене ме деп анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратқа қызығушы жабдықтаушлар мн басқа сауда кредиторлары;
- Ø Сатып алушылар. Олар субъекттің үздіксіз қызметі туралы, әсіресе олардың субъектіге ұзақ мерзімді келісімдері туралы ақпарат қажет;
- Ø Қызметкерлер. Олар субъект қызметінің тұрақтылығы мен тиімділігі туралы ақпаратқа, жалдау жөніндегі бұдан кейінгі жұмыспен қамтамасыз ету қабілетін бағалау мүмкіндігін беретін ақпаратқа мүдделік танытады;
- Ø Ресуртарды бөлу жайлы ақпарат алуға мүдделі мемлекеттік органдар. Сонымен қатар оларға субъектінің іс-әрекетін реттеу, салық салу саясатын белгілеу үшін жне ұлттық табыс пен басқадай статистикалық мәліметтерді анықтауға негіз есебіндегі ақпарат қажет;
- Ø Көпшілік, өйткені субъектілер жергілікті экономикаға көптеген тәсілдермен елеулі үлес қосады, бұған халықтың еңбекпен қамтылуы мен жергілікті жабдықтаушыларды қолдауы да қатысты. Қаржылық есеп беру көпшілікті субъектінің игілігін молайтуда жеткен жетістіктері мен даму бағыттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, көмектесе алады.
Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсыну үшін ұйым басшылығы қаржылық жағдай, оның нтижелері мен қаржылық жағдайдағы өзгерістер жайлы ақпаратқа сүйене отырып, жауапкершілік көтереді.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестииялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағынын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әрқилы пайдаланушыларының әртүрлі мүдде бойынша пайдалануы жеткілікті болғаны абзал. Сондықтан олардың негізгі талабы кәсіпорынның алған меншік капиталы мен басқа инвестииясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.
Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін ақпарат болып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпаратқа мүдделі болып келеді:
Есеп берудің мәліметтері |
Пайдалылығы |
Экономикалық ресурстары
(активтер құрылымы) |
Кәсіпорынның табыс алу қабілітін бағалау және болашақта болатын ақша қаражаты |
Қаржылық құрылымы
(кәсіпорынның қарызы мен меншік капиталының ара қатынасы) |
Қарыз қаражатының келешекке қажеттілігін бағалау және болашақта алынатын пайда мен ақша қаражатын мүдделі тараптардың арасына тарату: кәсіпорынның сырттан инвестицияны тартудың потенциалдық икемділігін бағалау |
Өтімділік пен төлем қабілеттілігінің коэффициенті | Өз міндеттемесіне жауап беретін кәсіпорынның ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыздарын төлеу қабілеттілігін бағалау |
Рентабельділік пен іскерлік белсенділігінің коэффициенті | Кәсіпорынның ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау |
Қаржылық жағдайының өзгеруі | Қаржылық, инвестициялық, оперативтік қызметінің нәтижесінде, кәсіпорынның алған ақша ағынын бағалау, келешекте ақша қажеттілігін болжау. |
Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады, әрбір есеп беру әртүрлі ақпартты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде ШЖС пайдаланады.
Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру керек.
Қаржылық есеп беруде заңды тұлғалардың атауы, тұрған жерін, есеп беру кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ ұйымның қызмет түрі, заңды нысаны, өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.
Қаржылық есеп беру өткен кезеңдердің мәліметтерімен салыстырылады. Есеп беру ҚР-ның валютасында жасалады, өлшем бірлігі – мың теңге. Жылдқ есеп берудің есептік кезеңі болып толық, күнтізбелік жыл саналады, ал жаңадан құрылған субъектілер үшін – заңд тұлға ретінде статусын алған күннен бастап есепті жылдң 31-ші желтоқсанына дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы бар.