Карталардың ерекшеліктері курстық жұмыс

Жоспар

Кіріспе….3
1.Карталардың ерекшеліктері…..4
2.Картаның мазмұны және шарты белгілері….7
3.Шартты белгілер…9
4.Карта және пландар…….11
5.Пландар мен карталардың шартты белгілері…..12
Қорытынды……16
Пайдалынған әдебиеттер тізімі……19

Кіріспе

Топографиялық карталардың ерекшеліктері. Жер бетінің карталары географиялық карталар деп аталады. Әдетте олардың масштабы ұсақ болады. Жер беті ондай карталарда 1 млн. еседен артық кішірейтіліп бейнеленеді. Ірі масштабты карталар (1 : 200 000 және одан ірі) топографиялық карталар деп аталады. Олар мазмұны жөнінен жалпы географиялық карталарға жатады (неліктен?). Неғұрлым ірі масштабты (1 : 25 000, 1 : 50 000, 1 :  100 000) топографиялың карталар жер бетінде жүргізілген топографиялық түсірулер мен өлшеулердің нәтижесінде жасалады. Оның өзінде аэрофотосуреттер кеңінен пайдаланылаңы.

Ірі масштабты топографиялың картаның әрбір табағы жер бетінің іс жүзінде жазықтыққа жақын біршама шағын бөлігін бейнелейді. Сон-дықтан ұсақ масштабты географиялық карталармен салыстырғанда мұндай карталарда бұрмаланулар өте мардымсыз болатындықтан оларды ескермеуге болады. Масштаб картаның барлық жерінде бірдей болып келеді.

Топографиялық карталарда үлкен территорияны бейнелеу үшін ондай карталардың көп табағы басылып шығарылады.[1]
Топографиялық картаның әрбір табағы жер бетінің  мери-диандармен және параллельдермен шектелген учаскесін алып жатады. Мысалы, 1 : 1000 000 масштабтағы картаның әрбір табағы 6° сайын жүргізілген меридиандармен және бір-бірінен 4° қашықтықтағы параллельдермен шектеледі. Соның нәтижесінде жер шарында мөлшері бойлық бойынша 6° және ендік бойынша 4° трапециялар пайда болады. Тым ірі масштабты карталар үшін кішірек мөлшердегі трапециялар пайдаланылады. Мәселен, 1 : 100 000 масштабтағы картаның трапециясының мөлшері бойлық бойынша 30′ және ендік бойынша 20′, ал 1 : 25 000 масштабтағы топографиялық картаның табақ бетінің мөлшері бойлық бойынша 7′ 30″ және ендік. бойынша 5′.

 Курстық жұмыс / 19 бет