Тергеулік қарауды жауапқы оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау сияқты тергеу әрекетін де айыра білу керек. Жауапты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудағы тергеушінің әрекеттерінде осы тергеу әрекетін қарау мен жақындастыратын біраз элементтері бар: тергеуді жүргізуші тұлға жауабы тексеріліп жатқан адамның көрсеткен жерлерін және үй-жайларын куәгерлердің қатысуымен қарап тексеріледі. Бұл тәсіл кейде тергеушінің осы жерлерді сипаттағандағы айтылған белгілердің бар екендігіне көз жеткізуіне көмегін тигізеді. Бірақ та жауапты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың мазмұны осындай бақылаулармен шектелмейді. Сонымен қатар тергеулік қараудың мазмұнына куәлар немесе айыпталушылардың заттарды немесе жерлерді көрсету, олардан істің мән-жайлары тура жауап алу кірмейді, оған қоса, қарау кезінде орта куәлардың немесе айыпталушылардың жауаптары бойынша бекітілмейді, тергеушінің бақылау нәтижелері бойынша бекітіледі.
Тергеулік қараудың келесі түрлері бар:
— оқиға орнын қарау;
— мәйітті табылған жерінде сырттай қарау;
— заттарды қарау;
— құжаттарды қарау;
— жануарларды қарауъ
— оқиға орны болып табылмайтын жерлер мен үй жануарларын қарау.
Тергеулік қараудың ерекше түрі болып куәландыру табылады, яғни адамды қарау.
Тергеулік қараудың түрлерінің өзінің ерекшеліктері бар, соған сай оларды жүргізушінің тактикалары анықталады, бірақ та тергеулік қараудың барлық түрлеріне ортақ және көрсетілген тергеулік қараулардың кез-келген түрлерінде тең қолданылатын процессуалдық және тактикалық сипаттағы бірнеше ережелері бар.
Осылайша, тергеулік қарау – бұл тергеуші мен немесе анықтаушымен қылмыс іздері мен басқа да заттай дәлелдемелерді алу, оқиғаның мән-жайын, сонымен қатар іс үшін маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтау мақсатында тікелей қабылдауы, сараптау мен бекіту арқылы жүргізілетін тергеу әрекеті..