Қара шірікті И.В.Тюрин әдісі бойынша анықтау

Қара шірікті И.В.Тюрин әдісі бойынша анықтау туралы қазақша реферат

Әдістің мақсаты: Әдіс топырақтағы қара шірікті К2 Cu2 О7  тұзымен күкірт қышқылына  тотықтау, оны колорометрлеу негізделген.

Жұмыстың барысы: Алдын ала дайындалған орташа үлгіден аналитик таразыда 0,001 гр шыны ыдысқа салынады, тартып алынады. Бұл салмақ  топырақтың қара шірік мөлшеріне байланысты болады. 7% көбірек болса 0,05 – 0,10 гр, 4-7% болса 0,1-0,2 гр, 2-4 % болса 0,25-0,35 гр, ал 2% болса 0,50-0,70 гр алынады. Даладан алынған топырақ құрғатылып, тесікті сеткадан өткізіп, одан 5 гр 2-3 рет алынады. Жақсылап, тамыр қалдықтарынан тазаланған топырақтан 0,25 аламыз. Осындай  жолмен топырақтан 5 жерден алынады. Тартып алынған топырақ 50 см3 өлшеп таразыға  қайта  тартып, оны өлшеу  пробиркасына салыңыз. Оны 1 сағат қайнатамыз, содан араластырылады, суытылады. Оның үстіне 40 см3 дистилденген су құямыз.

Кесте 1 Қара шірікті анықтаудың салыстырмалы шкаласы.

Колбаның реттік саны.(ерітінді) 1 2 3 4 5 6 7 8 9
1 Судың мөлшері см3 40 38 36 32 30 25 20 15 10
2 Тотықсыздандыру ерітінді мөлшері см3 0 2 4 8 10 15 20 25 30
3 Тотықсыздандыру ерітіндісіне сәйкес  келетін қара шірік салмағы. мг 0 1,03 2,07 4,14 5,17 7,76 10,30 12,90 15,50

1 см3 жұмсалған тотықсыздандыру ерітіндісіне 0,517 мг қара шірік сәйкес келеді. Ол мына формуламен анықталады.

М · К · 100

М

Г = ———-

m

мұндағы: М = қара шірік салмағы.

К = тотықсыздандыру ерітіндінің түзілуі.

100 = пайыз коэффициенті.

m = топырақ салмағы.

Ерітінді дайындау: Хромды қоспа, майдаланған К2Cu2О7 тұзынан 40 гр өлшеп аламыз. Фильтр қағазына  салып, дистилденген сумен сүземіз. Тумбаға 1 литрге дейін су құямыз, ерітіндіден 3-5 дм3 алып фосфор ыдысына құямыз, оның үстіне 70-100 см3 аралығы 10-15 минуттан концентрленген күкірт қышқылын араластырып салып құямыз. Кейін фильтрлеп шыны ыдысқа саламыз.