Өспе өсуінің патогенезі – канцерогенез.
Канцерогенез – гендік зақымданулардың жинақталуымен сипатталатын ұзақ үрдіс. Канцерогенез сатылары: инициация, промоция, прогрессия.
Инициация– сау жасушаның өспе жасушасына айналуы, яғни жасушаның шексіз көбею қасиет қабылдауы.
Инициация әртүрлі канцерогендердің әсерінен жасушаның көбеюін реттеп отыратын гендердің біреуінде мутация пайда болуымен сипатталады: онкогендердің белсенденуі (протоонкогеннің онкогенге айналуы), супрессор гендердің (антионкогендердің) әсерсізденуі, апоптозды реттейтін гендердің зақымдануы, ДНҚ репарация гендерінің зақымдануы.
Протоонкогендер – пролиферацияны күшейтетін гендер. Протоонкогендердің онкогендерге айналу механизмдері:
- Протоонкогеннің нүклеік мутациясы
- Протоонкогеннің транслокациясы
- Протоонкогеннің амплификациясы – қалыпты жағдайда әсері аз протоонкогендер санының артуы
- Промотордың қосылуы – қатар орналасқан гендерді әсерлейтін ДНҚ бөлшегі.
Промоция – өспе жасушасының көбеюі.
Прогрессия – өспе жасушаларының қатерлілігінің артуы.