Калькуляциялау принциптері, оның объектісі мен тәсілдері туралы қазақша реферат
Калькуляция өнімнің сапасы мен бәсекеге қабылеттілігін бақылауды жүзеге асыру үшін мағызды рөл атқарады. Калькуляцияны кәсіпорында белгіленген шығындар бабы номенклатурасы (шығындар есебі өнім түрлері бойынша ғана емес, есептік басқа объектілері бойынша жүргізілуі мүмкін болса да) бойынша, өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің түрлері бойынша құрастырады.
Басқару есебінің маңызды міндеттерінің бірі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады.
Өзіндік құнның калькуляциясы өндірістік шығындар есебі мәліметтері бойынша шығарылған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын есептеу. Ол есепті ай соңында барлық нақты жасалған міндеттерді есепке алғаннан кейін есептеледі.
Басқару есебінде ай сайын жалпы тауар шығарудың өзіндік құны мен өзіндік құнның егжей-тегжейлендірген көрсеткіштері мысалы өнімнің жеке түрлерін тауарлық шығару өзіндік құны, бұйым бірлігінің өзідік құны калькуляцияланады.
Өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялауда меншік түрінің барлық ұйымдары 7 «Тауарлық-материалдық қорлар есебі» бухгалтер сеп стандарттарын және оған әдістемелік ұсыныстарды, сонымен қатар «Қорлар» ХҚЕС-ын басшылыққа алады. Өндірістік құнды калькуляциялауда қолданылатын өндіріске босатылған материалдық-өндірістік қорларды бағалау тәсілдері, қосымша шығыстарды бөлу әдістері және ұйымның есеп ішінде өзгеріссіз қолданылуы керек.[1]
Кәсіпорын басшылығы нарыққа көшу қазіргі заманғы, құбылмалы жағдайында негізгі басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның қызметіне үнемі талдау жүргізіп бұруға тиіс, ол үшін көрсеткіштер қатарынан алынатын бастапқы ақпарат қажет, олардың бірі – өзіндік құн.
Өнімнің өзіндік құны – оның шығару мен өткізуге арналған, ақшалай түрде бейнеленген шығындар кәсіпорын өнімнің өзіндік құны өндіріс процесінде табиғи ресурстарын, материалдарды, отынды, энергияны, негізгі құрал-жабдықтарды, еңбек ресурстарын, қолданумен байланысты шығындардан сондай-ақ оны өндіру мен өткізуге шыққан шығындардан жиналады.
Өнімнің өзіндік құнына мыналар кіреді:
- кәсіпорында өнім өндіруге шығатын еңбек, қаржы және еңбек керек-жарақтары шығындары (өндірісті дайындау мен игеру шығындары, өндірісті технологиясы және ұйымдастырумен, тапқырлық жне үнемділікпен байланысты шығындар; техника қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығындар; кадр жинақтау, дайындау және қайта даярлаумен байланысты шығыстар; салықтар, өндірісті басқару шығындары және т.б.);
- өнімді өткізуге: буып-түю, орау, сақтау, тиеу мен тасымалдауға; делдалдық қызметке төлеу, комиссиялық алымдар мен сыйақылармен; жарнамаға шығатын шығындармен байланысты шығыстар;
- өнімді осы кәсіпорында өндіру мен өткізуге байланысты емес, бірақ олардың өінмнің өзіндік құнына кіргізу жолымен орнын толтыру жай ұдайы өндірісті қамтамасыз ету үшін қажетті.
Сонымен қатар, өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына ақаудан, жұмыстың өндірістік себептерге байланысты тоқтап қалуынан болған шығындар, материалдық құндылықтардың кем шығуы, өндірістік зақым (сот шешімі негізінде) алуға байланысты еңбекке қабылеттілігін жоғалту салдарынан жәрдемақы төлеу де кіреді.[9]
Басқару есебі жүйесінде өзіндік құнды жасау, қалыптастыру тәртібі тым реттелмеген. Бұл өзіндік құн салық салу мақсаты үшін емес, басқарушының шығындар жайлы толық түсінігі болуы үшін есептеледі. Сондықтан бұл есеп жүйесінде өзіндік құн шоттарының әр түрлі тәсілдері қолданылуы мүмкін.
Кәсіпорын үшін өз шығындарын басқару мүмкіндігі болуы, өзіндік құнға ықпал ете алуы өте маңызды, яғни өзіндік құнның құрылымы туралы анық сенімді ақпарат қажет. Дәл осындай ақпарат бухгалтерлік басқару есебі жүйесінде пайда болады.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығын түрлеріне байланысты отандық экономикалық әдебиетте оның мынадай түрлері дәстүрлі бөлінуде:
- цехтық – тікелей шығындар мен жылпы өндірістік шығыстарды біріктіреді; өнімді дайындауға шыққан цехтың шығындарын сипаттайды;
- өндірістік – цехтық өзіндік құн мен жалпы шаруашылық шығыстар кіретін және өнім өндіруге байланысты кәсіпорынның шығындары;
- толық өзіндік құн – коммерциялық және өткізу шығыстарына ұлғайған өндірістік өзіндік құн. Өндіріспен де, өнім өткізумен де байланысты кәсіпорынның жалпы шығындарын біріктіреді.
Сатуға өндірілген және дайындалған өнімнің толық өзіндік құнын мынадай формуланы пайдаланып есептеуге болады:
Жұмыс күшіне тікелей шығындар + материалдар + қосымша шығыстар = өндірістік өзіндік құн + өткізу шығындары + әкімшілік шығыстары = рентабельділік % толық өзіндік құны = сатылым (келісімшарттық) құны
Жеке және орташа салалық өзіндік құн бөлінеді. Жеке өзіндік құн нақты кәсіпорынның өнім шығару жөніндегі шығындарын; орташа салалық – сала бойынша бұл бұйымды өндіруге шыққан орташа шығындарды сипаттайды.
Жоспарлы және нақты өзіндік құн болады. Жоспарлы өзіндік құнның есебіне ондағы кезең жоспарында қарастырылған өнімді дайындауға кәсіпорынның ең көп шамада мүмкін өнімге іс жүзінде нақты жұмсалған қаражаттың мөлшерін сипаттайды.
Калькуляциялағанда шығындар есебінің объектілері мен өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын дұрыс белгілеу маңызды. Кәсіпорын өндіріске кеткен шығындарға аналитикалық есеп ұйымдастыратын объектілер шығын есебінің объектілері болып табылады. Кәсіпорын калькуляциялайтын өнімнің, орындалған жұмыстың, кқрсетілген қызметтің түрлері калькуляция объектілері болып табылады.[3]
Кез келген кәсіпорындағы калькуляциялау, қызмет түріне, меншік мөлшері мен пішініне қарамастан, беліглі бір принциптерге сәйкес ұйымдастырылады.
Шығын есебінің объектісі – өзіндік құнды басқару мақсаты үшін өндірістік шығыстарды топтастыратын белгі.
Көпмақсатты есеп жүйесінде есеп объектісінің екі тобын бөледі: жауапкершілік орталықтары мен өнім бірліктері. Бұл жағдайда шығын есебі объектілеріне: шығын пайда болған орындар, жауапкершілік орталықтары, шығын баптары, өндірістік қызмет факторлары, біртекті өнім түрлері немесе топтары жатады.
Шығын есебі объектілері бойынша топтасқан ақпарат басқарма талаптарына сай келуді және бітпеген өндіріс пен дайын өнім арасындағы шығындарды бөлуге және барлық шығарылғандардың да, кейбір өнімдерді де калькуляциялау үшін де негіздеме болып қызмет етуге тиіс.
Калькуляциялау объектісі – белгілі бір құнды жұмыс пен көрсетілген қызмет, өнім, жартылай өнім, әр түрлі дайындық деңгейіндегі кейбір азық-түлік өнімдерінің түрлері.
Калькуляциялау объектісінің негізгі номенклатурасын әрбір кәсіпорын өндіріс типін, өнім ассортименті мен күрделілігін, бөлшектер мен тетіктердің бұйымда бірегейлену деңгейі және шығынның қай топқа жататындығын сипаттайтын, басқа да белгілерді есепке ала отырып, жасайды. Көбіне калькуляциялау объектісін шығынды көтерушілер деп атайды.[8]
Өнеркәсіптің кеткен өндіруші, газ-энергетико салалрында бітпеген өндіріс болмаса, шығын есебінің объектісі калькуляциялау объектісімен тура келеді. Бұл жекелеген даналармен, шағын сериялармен, жаппай өндірстегі бұйымның кейбір түрлерін дайындауға, бір жолғы тапсырыстарды, тәжірибелік-экспериментальды және біртекті жұмыстарды орындауға қатысты.
Барлық сомалар үшін өндірістегі тікелей материалдық және еңбек шығындарына ресурстарды қолдану дәрежесін өндірстік процестерді ұйымдастыру мен оларға қызмет етуге шыққан шығыстары, басқару шығындарын шығын есебі объектілері ретінде көрсету ортақ болып табылады.
Шығын есебі объектілерін таңдау өндіріс технологиясының ерешеліктеріне, өндірісті ұйымдастыру түріне, кәсіпорынды басқару құрылымына, шығарылатын өнімнің техникалық параметрлерін, ішкі өзара қарым-қатынастарды және т.б. байланысты. Сипаттау әр түрлі және сондықтан шығын есебі объектілерінің номенклатурасын әрбір кәсіпорын жеке жасайды.
Машина жасау жеңіл өнеркәсіп, қара және түсті металлургия салалары және басқалар өнімнің үлкен номенклатурасымен, бұйымның кейбір бөліктерін бірегейлендірудің едәуір деғгейімен сипатталады. Бұл салалар калькуляциялық объектілерді шығарылатын бқйымдарды біртектілік белгілерімен ірілендіріледі. Технологиясы, конструкциясы бірдейлігімен, біртекті шикізат пен материалдардан, бірдей жуық деңгейдегі материал сыйымдылығымен және еңбек сыйымдылығымен жасалатын жалпы бөлшектер, тетіктер, жартылай өнімдердің бар болуымен сипатталатын өнім түрлері біртектілер деп саналады. Бұйымдарды бір калькуляциялау объектісіне топтастыру принциптерін сақтау өзіндік құнды қалыптастыру талаптарына жауап беретін негізгі шарт болып табылады.
Шығын есебі объектілері мен калькуляциялау объектілерін қалыптастырудың жалпы принциптері өндіріске арналған шығын есебі процесі мен калькуляциялау процестерінің бірлігімен негізделген. Жалпы алғанда өндірістік шығындардың басқару есебі жүйесі объектілерінің екі басты топтары: бөлімшелер мен өнімдер, бойынша шығындарды бөлуі тиіс.
Калькуляциялау объектілерінің калькуляциялық есеппен және калькуляциялық бірлікпен мақсатқа бағытталған байланыстары бар. Алайда ол жай өлшем бірлігі емес, ол калькуляциялық объектісінің сапасы мен тұтыну құнын сипаттайды.
Кез келген кәсіпорында калькуляциялау мынадай принциптерді ескере отырып ұйымдастырылады: шығын есебі объектілерін, калькуляциялау объектілері мен калькуляция бірліктерін белгілеу. Көп жағдайларда шығын объектілері мен калькуляциялау объектілері сәйкес келмейді.
Қосымша шығыстарды бөлу тәсілін таңдау өнім бірліктерінің өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін өте маңызды. Оны кәсіпорын дербес жасайды, есеп саясатында жазылады және барлық есепті кезең бойы өзгеріссіз қалады.
Шығындарды кезең бойынша шектеудің мәні операциялардың бухгалтелік есепте жасалған сәтінде көрсетілуінде және олар ақшалай түсіммен үйлеспейді.
Шығын есебі мен калькуляциялау тәсілдерін таңдау – өндіріске шыққан шығындардың аналитикалық есебі әдістері калькуляциялық
объектілері мен калькуляциялық бірліктерді есептеу амалдары бойынша жинақтау.