Мазмұны:
Кіріспе……3
1.1. Шығындар есебі мен калькуляциялық бірліктердің түрлері және түсініктері……5
1.1 Калькуляциялық бірліктердің түрлері және түсініктері …….5
1.2 Өнімнің өзіндік құнның калькуляциялау және есептің нормативтік әдісі..8
2. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың есепке алу әдістер түрлері……….11
2.1 Калькуляциялаудың қарапайым (процесстік) әдісі….11
2.2 Калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі……13
2.3 Калькуляциялаудың бөлістік әдісі……15
3. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және есепке алудың халықаралық практикада қолданатын әдістері…..19
3.1 Стандарт- кост жүйесі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есепке алу…..19
3.2 Директ – кост жүйесі бойынша өндіріс шығындарды есепке алу….24
Қорытынды……26
Қолданылған әдебиет:…..29
Кіріспе
Калькуляция және өндірістегі шығын есебі, басқару есеп жүйесінің негізгі элементтері болып табылады. Ақшалай түрдегі өнімді өндіруге және жүзеге асыру үшін кеткен шығындарды біз өнімнің өзіндік құны деп түсінеміз.
Өнімнің өзіндік құнға кірген шығындарға байланысты, Қазақстанда өзіндік құнның келесі түрлері бар:
1) Цехтік, оның ішінде өнімді дайындау үшін, цехтың ішіндегі кеткен шығындар
2) Өндірістік, оның ішінде өнімді дайындау үшін ұйымның ішіндегі кеткен шығындар
3) Толық, бұл өнімді өндіруге және сату үшін кеткен барлық шығындар.
Есеп жүйесіндегі өзіндік құнның өнім бірліктер калькуляциялау деп атаймыз.
Кез келген ұйымның ішіндегі калькуляция келесі принциптерге сәйкес болады.
1) Өндірістің шығындарын класификациялау
2) Шығындар объект есебін бекіту немесе орналастыру, объектірерді калькуляциялау және калькуляциялық бірліктер.
3) Жанама шығындарды орналастыру әдісі.
4) Мерзімдер бойынша шығындарды шектестіру
5) Өндірістегі капиталдық және ағымды салымдар бойынша бөлістік есебі.
6) Шығындар есебі және калькуляциялау әдісі.
Объектілер бойынша шығындар есебін үш калькуляциялық әдіске бөледі: тапсырыстық, бөлістік, қарапайым әдісі.
Шығындар есептің тапсырыстық әдісі өндірістегі тапсырма немесе ерекше өнім түрін өндіретін, кәсіпорында қолданылады. Бұл әдіс ереже бойынша, бірлік типттер арқылы ұйымдастырылған өндірісте және ұқсас сериалық кәсіпорындарда, құрнылыста немесе қызмет көрсету сферасында қолданылады. Осы әдістің объектісі болып бөлек берілген тапсырма бойынша кеткен шығындар есебі анықталады.
Өндірістегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың тасқынды озат әдісінжәне белгілі бір стандарт бойынша бұйымды тобымен (сериасымен) өндіруді қамтамасыз ететін өндірісті ұйымдастыру әдісін қолданатын кәсіпорындарда шығындарды есептеу және калькуляциялаудың бөлістік әдісі қолдынылады. Бұл әдіс өндірістің бір өнім түрі барлық өндірістегі этаптардан өтіп өндіретін өнімдерге жатады.
Шығындар есептік және калькуляциялаудың қарапайым әдісі, сериалық бұйымды тобымен мөлшерлі өндіретін немесе үздіксіз өндірісті жүргізетін кәсіпорындар қолданады. Қарапайым әдіс негізінде кен өндіретін өнеркәсіп немесе энергия жүцесінде қолданылады. Бұл салалардағы өндірілетін өнім калькуляциялаудың объектісі және шығындар есептің объектісі болып табылады.
«Директ-костинг» жүйесінде өзіндік құнның толық емес есеп айрысу негізі болып табылады бұл жүйеніңнегізгісі өзгермелі шығындар дайын өнімге қарай бөлінеді, ал тұрақты шығындар бөлек шоттарда жиналып, өздері пайда болған мерзімге қарай жалпы қаржылық қортындыларға көшіріледі. Осы ерекшеліктер толық емес өзіндік құнның есеп айрысу жүйесі, бағаның пайда болу саясатына әсер етеді және есеп процестерге, жоспарлау, мөлшерлеу, бақылау процестердің шығындарын бағалауға және қортындыларына жеңілдіктер береді. Нормалау өндіріске қажет шикізаттарды жіберу, ішкі есеп айрысу, калькуляциялау, экономикалық анализден бақылау- басқару шығындарын нормативтік жүйесінің процедулар жиынтығы болып табылады. Оның ішінде тікелей материалдық, тікелей еңбектік және жалпы өндірістік шығындар жатады.
Нормалар негізінде шығындарды жоспарлау, шығындарды құжаттандыру, нармаларға қарай шығындарды бухгалтерлік есепте көрсету «Стандарт-кост» жүйесінің жиынтықтары болып табылады. Жоспарлау және есептеу объектісі өндірістің құрамына кіретін натуралдық мөлшері. Нормативті есептің басты принципі-өндірістегі нормалар бойынша шығындарды есептеу және бұл нормаларға қарай шығындардың өзгеру мен қозғалысын байқау негізгі принциптерге келесілер жатады: ағымдағы нормалар мен сметалар арқылы нормативті калькуляцияны алдын-ала қарастыру; есепті периодын ішіндегі белгілі нормаларды кірістіру ; нормалар бойынша шығындарды және нормаларға қарай өзгерістерді, есепті мезгілдің бөлімшелерге нақты шығындар есебін жүргізу. «Стандарт- кост» жүйесінің ерекшелігі есепті жазуларды кірістіру үшін уақыт экономикасы және бұл жазуларды ұзақ мезгілдер ішінде қолдануы. Бұл нәтиже басты басқару шешімдерді оперативті қабылдау үшін әсер етеді. Нақты жеткен немесе нормативті берілген көрсеткіштермен салыстыра аламыз.
Курстық жұмыс / 30 бет