ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І. Істі сотта қарауға әзірлеу, істі әзірлеудің міндеттері
1.1 Бірнеше талап қою талаптарын біріктіру және ажырату
1.2 Істі сотта іс қарауға тағайындау
ІІ. Сот отырысындағы тәртіп
2.1 Сот отырысында тәртіп бұзушыларға қолданылатын шаралар
2.2 Сот отырысын ашу
ІІІ. Куәдан жауап алу тәртібі
2.1 Куәнің жазбаша материалдарды пайдалануы
2.2 Куәларды сот отырысы залынан шығару
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, осы Заңмен күшіне енгізудің өзге мерзімдері белгіленген ережелерді қоспағанда, 1999 жылғы шілдеден бастап күшіне енгізілді.
Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу, егер заң актіерінде өзгеше белгіленбесе, арыз қабылданған күннен бастап жеті күн мерзімнен кешіктірмей жүргізілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, мертігуден немесе денсаулықтың өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеу туралы істерден басқа, айрықша күрделі істер бойынша ерекше жағдайларда, сондай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты және еңбек қатынастарынан туындайтын талаптар бойынша бұл мерзім судьяның дәлелді ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін.
Істі қарау кезінде сот іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттеуге: та- раптардың және іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тыңдауға, құжаттармен танысуға, заттай дәлелдемелерді қарап шағуға, дыбыс жазбала- рын тыңдауға және бейне жазбаларды, кино, фотоматериалдарды көруге, ақпаратты қайта құрудың өзге де құралдарын материалдарымен танысуға міндетті. Қажет болған жағдайларда іс бойынша дәлелдемелерді зерттеген кезде сот маманның консультациялары мен түсіндірмелерін тыңдайды.
Судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылар орындарынан тұрады.
Азаматтық істер сотқа арыз түскен сәттен бастап екі айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі. Жұмысын қалпына келтіру туралы, алимент өндіріп алу туралы және мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істер бір айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі.
Курстық жұмыс / 28 бет