Ішкі несиелік саясат туралы ережелер туралы қазақша реферат
АҚ “Банк Центр Кредит” ҚР банктік жүйесінде акционерлік қоғам формасында қызмет көрсететін коммерциялық банк болып табылады. Ішкі несиелік саясаттың мақсаты тәуекелді төмендету. Міндеттері:
- Перспективті жобаларды қаржыландыру және шаруашылық жүргізуші субъектілерді несиелеу арқылы сапалы ссудалық портфель құру;
- Ссудалық портфельдің мөлшерін және құрылымын қамтамасыз ету, баланстан тыс міндеттемелер;
- Банк активтерін орналастырудың табыстылығының және қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
АҚ “Банк Центр Кредиттің” несиелік процедуралары келесідей:
— Банктің құрамдас бөлімшілерінің арасында жобаларды қарастыру бойынша өкілдіктерін шектеу;
— Несиелердің сыныпталуы;
— Несиеге өтініш беру тәртібі;
— Несиеге өтінішті қарастыру тәртібі;
— Жобаларды қабылдамауды мақұлдау тәртібі;
— Несиелік құжаттарды мақұлдау тәртібі;
— Несиені беру, құжаттарды дайындау және сараптама жүргізу кезінде жұмысшылардың жауапкершілігі;
— Қарыз алушының несиелік досьесін құру тәртібі;
— Несие беру тәртібі;
— Несиені пролонгация тәртібі;
— Сыйақы мөлшерлемесін өзгерту тәртібі;
— Несиенің мониторингі;
Несиелік досье несиелік келісім шартқа қол қойғанда ашылады. Несиелік досьеде келесі құжаттар бар:
— Қарыз алушы қол қойған анкета және өтініш;
— Егер ол заңды тұлға болса, ресми түрде куәландырылған, қарыз алушының құрылтай құжаттарының көшірмесі;
— Несиелік келісім-шарттың көшірмесі;
— Қаржылық есеп беру, балансты, шығындар және табыстар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті қоса.
— Егер қарыз алушы жеке тұлға болса, жалақысы туралы анықтама;
— Заңды тұлғаның бизнес-жоспары;
— Салық органнан қарызы жоқ туралы анықтама;
— Бағалау таралы анықтама;
— Банктің Несиелік Комитеттің шешімінің көшірмесі.
Егер несие кепілденсе:
— Кепіл туралы келісім-шарттың көшірмесі;
— Кепіл берушінің қаржылық халін дәлелдейтін, аудиторлық нәтиже;
— Қаржылық есеп беру;
— Мүліктің сатып алынатын бағасын растайтын құжат;
Банктің Несиелік Комитеттің шешімінің көшірмесі.