Ішкі аудиттің халықаралық стандарттары

Ішкі аудиттің халықаралық стандарттары (ІАХС) туралы қазақша реферат

ІАХС мүдделес тараптармен барлық өткізілген нәтижелерді біртұтас түсінуді қамтамасыз етеді. Бұл стандарттардың мақсаты: ішкі аудит тәжірибесінің дұрыс құрастырылуының негізгі қағидаларын орнату, ішкі аудит төңірегіндегі қызметтерідің кең спектрінің негізінде жатқан концептуалды базаны анықтау, ішкі аудит қызметін бағалау үшін негізді жасау, ұйым ішіндегі процесстердің және жүйелердің дамуына әсер ету.

ІАХС ішкі аудиттің екі топ стандарттары кіреді:

  • Профессионалдық мінездеме стандарттар (топ 1000)
  • Қызметтік стандарттар (топ 2000)

Профессионалдық мінездеме стандарттарда ішкі аудитпен айналысатын ұймдар мен жеке тұлғалардың мінездемелері қаралады.

Қызмет стандарттары ішкі аудиттің мәнін айқындайды және ішкі аудит қызметін сапалы бағалау белгілерін береді.

Бұл екі топ станадарттары ішкі аудит жүйесінің қызметінің маңызды сұрақтарын реттейді.

Профессионалдық мінездеме стандарттар

Бұл топ стандарттарында ішкі аудиттің мақсаттары, өкілеттігі және жауапкершілігі ішкі аудит анықтамасына, стандарттарына, этика кодексіне сай келіп, ұйымның ішкі құжаттарында  анықталуы керек (Ішкі аудит туралы жағдай). Жағдайдың мақұлдауы хаттамада ұйымның жоғарғы басқарма органның мәжілісінде құжатты түрде рәсімделуі керек.

Жағдайда келесілер көрсетіледі:

  • ұйымдастырушылық жүйеде ішкі аудиттің орны мен рөлі;
  • аудиторлық тапсырмаларды орындаған кезде қызметкерлерге құжаттамаға қол жеткізу құқығын беру;
  • ішкі аудит қызметінің мазмұнын анықтау.

Бұл топ стандарттарда келесі талаптар қойылады:

  1. Тәуелсіздік
  2. Объективтілік
  3. Мүдделердің арасындағы даудың жоқтығына
  4. Жұмысқа деген кәсібилік және кәсіби қатынас
  5. Ішкі аудитке мониторинг жүргізу

ІАХС жағдайы тәуелсіздік және объективтілік бойынша келесі ережелерді көрсетеді:

1)    ішкі аудит ұйымдастырылу жағынан тәуелсіз болу керек, ал ішкі аудиторлар өз қызметтерін орындаған кезде объективті болуға міндетті;

2)    ішкі аудит басшысы ішкі аудиторларға өз қызметтерін мүлтіксіз орындауға жағдай жасай алатын басқарма органы алдында есеп беруі керек;

3)    ішкі аудиторларға ішкі аудиттің мазмұнын анықтаған кезде, жұмыс жасаған және есеп беру кезінде үшінші жақтан қысым болмауы тиіс;

4)    ішкі аудиторлар өз жұмыстарына алаламайтын және қасақана емес қарайтын болуы тиіс;

5)    ішкі аудитор өткен уақытта белгілі бір облысқа жауап берген болса, онда сол облысты бағалаудан іркілу керек;

6)     ішкі аудит басшысы жауап беретін облыс бойынша аудиторлық тапсырмаларға кепілдіктердің беруін аудиторлық қызметке тәуелсіз қарайтын жақ болуы тиіс;

7)    ішкі аудиторлар өткен уақытта жауапкершілігі болған облыс бойынша кеңес беру қызметтерін бере алады;

 Жұмысқа деген кәсібилік және кәсіби қатынас

Ішкі аудиторлар аудитті жоғары кәсіби деңгейде орындауы қажет:

v өз персоналдық міндеттерін орындау үшін керекті білім мен дағдыға ие болу;

v алаяқтықтың болуын анықтау үшін жеткілікті білімдерге ие болу;

v информациялық технологиялармен сабақтас бақылау процедуралары және негізгі тәуекелдері туралы керекті білімі болуы керек;

v тиiстi және ақылды күтiлетiн алды-артын байқауды және құзыреттiлiкті көрсете біліп, кәсіби қатынасты, дағдыны және біліктілікті қолдану;

v өз кәсібінің принциптерін сақтау: адалдық, объективтiлік, құпиялылық және құзыреттiлiк;

v этика Кодексімен қойылаған этикалық талаптарды сақтау;

v ұймның ресурстарына, қызметіне және мақсатына әсер ете алатын тәуекелділіктің бар болуына дайын болу;

v керекті кәсіби деңгейді сақтау үшін квалификацияны арттыру.

Ішкі аудитке мониторинг жүргізу

Ішкі аудит сапаны жоғарылату бағдарламасының жалпы бағалау тиімділігін және монитринг жүйесін құрастыру керек. жүйеге ішкі және сыртқы бағалау әдістері кіру керек.

Ішкі бағалау:

  • ішкі аудит қызметін жедел талдау;
  • аудиорлық тапсырмалардың орындалуын қадағалау;
  • ішкі аудитпен қабылданған процестердің орындалғандығы туралы кепілдік бере алатын бақылау формалары;
  • аудит клиенттерінің немесе басқа қызығушылығы бар жақтардың ішкі аудит туралы пікірлері;
  • проекттердің бюджеттері, жұмыс уақыт жүйесінің есебі, аудиторлық планның жасалынуы, шығыстардың азаюы;
  • қызмет нәтижесінің басқа көрсеткіштерін талдау, мысалы, қабылданған ұсыныстар;
  • ішкі аудитте және оның Стандарттарында тәжірибесі және білімі бар, ішкі аудиттің немесе ұйымның басқа қызметкерлерімен жасалатын талдау.