ҚР СТ ИСО 19011 стандартына сәйкес аудит (тексеріс) — аудит (тексеріс) куәлігін алудың жүйелі, тәуелсіз және құжатталған үрдісі және аудиттің (тексерістің) сәйкестендірілген критерийлерін орындау дәрежесін белгілеу мақсатымен оларды объективті бағалау.
Кейде бірінші жақтың аудиті (тексерісі) деп аталатын ішкі аудиттер (тексерістер) көбінесе ішкі мақсаттары үшін ұйымның өзімен немесе сол ұйымның атынан орындалады.
Аудит критерийлері сілтемелер түрінде қолданылатын саясат, процедуралар немесе талаптар жиынтығы.
Аудит куәлігі — аудит критерийлерімен байланысқан және тексерілетін жазбалар, фактілерді мазмұндау немесе басқа да ақпарат.
Ішкі аудиттің тиімді үрдісі менеджмент жүйесінің күшті және әлсіз жақтарына баға береді және кез келген үрдісті немесе қызмет түрін тәуелсіз бағалау кезінде менеджмент құралы ретінде әрекет етеді. Бұл талаптардың орындалғанына объективті куәлікті алған кезде қолдануға арналған тәуелсіз аспап болып табылады, себебі ішкі аудит кезінде ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігі бағаланады.
Басшылық ішкі аудит нәтижелерінен туындайтын жақсартулар бойынша әрекеттердің орындалуын қамтамасыз ету керек. Жоспарлау оңтайлы түрде болуы қажет, себебі аудит барысында алынған қорытынды мен объективті куәліктерге сүйене отырып, өзгерістер енгізу керек. Аудитке кіретін салалардың, сонымен қатар басқа да мүдделі тараптардың сәйкес шығыс деректерін ішкі аудит жоспарларын әзірлеу кезінде ескеру қажет.
«Қарашығанақ» кен орнында ЫМЖ-ны жоспарланған шараларға, ҚР СТ ИСО 9001:2008 «Сапа менджмент жүйесі. Талаптар», ИСО 14001:2006 «Қоршаған ортаны басқару жүйесі. Қолдану бойынша талаптар және басшылық» халықаралық стандарттар талаптарына, сонымен қатар ЫМЖ енгізу және пайдалану тиімділігі үшін ««Қарашығанақ» кен орны сапасын басқару жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкестігін орнату үшін жүргізілетін ЫМЖ ішкі аудиттерінің үрдісі енгізілген және әзірленген.
ЫМЖ-ның ішкі аудиттері ЫМЖ үрдістерінің беделі мен маңыздылығын, бір жылдың қарсаңында аудитке ЫМЖ-ның барлық үрдістері мен компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері ұшырайтындығын ескере отырып құрылатын ішкі аудиттердің жылдық графигіне сәйкес жоспарланған мерзімде жүргізіледі.
Ішкі аудиттер арнайы оқу мен даярлықтан өткен және ЫМЖ ішкі аудиттерін жүргізуге біліктілігі бар арнайы тағайындалған ішкі аудиторлармен жүргізіледі. Аудит жүргізу барысында ішкі аудиторлар өздері қызмет атқаратын жұмыс бөлімін немесе құрылымдық бөлімшенің қызметін тексеруге құқығы жоқ. Тексерілетін бөлімше жетекшілері ЫМЖ аудитін жүргізу кезінде табылған сәйкессіздіктерді жоюға бағытталған әрекеттерді әзірлеуді және орындауды қамтамасыз етуі тиіс.
Ішкі аудит нәтижелері түзетуші және ескертуші әрекеттерді әзірлеу мен орындау үшін, сонымен қатар «Қарашығанақ» кен орнын басшылық тарапынан ЫМЖ-ны талдауға арналған бастапқы ақпарат болып табылады.
Мониторинг және үрдістерді өлшеу
Ұйым үрдістердің орындалуын бағалау үшін өлшеу әдістерін анықтап, олардың орындалуын қадағалау керек. Міндетті түрде бұл өлшеулерді үрдістерге қосу қажет және үрдістер менеджментіне қолдану керек. Өлшеулерді күнделікті операциялар менеджментінде, сатылы немесе тұрақты жақсартулар үшін, сонымен қатар ұйымның болжамы мен стратегиялық мақсаттарына сәйкес жобалар үшін объектілері болуы мүмкін үрдістерді бағалау кезінде қолданылады. Үрдістердің орындалуын өлшеу кезінде олар мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен күтімдерін қамтуы тиіс. Егер жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілмесе, өнімнің сәйкестігін қамтамасыз ету үшін түзетулер және түзетуші әрекеттер енгізілуі мүмкін.
«Қарашығанақ» кен орнында үрдіс жағдайын бағалау мен олардың жоспарланған нәтижелерге жету қабілеттілігін растау үшін жүргізілетін ЫМЖ үрдістерін өлшеу және мониторинг әзірленіп, іске асырылған. Мониторинг нәтижелері түзетуші және ескертуші әрекеттерді әзірлеу және жүзеге асыруға арналған бастапқы ақпарат ретінде қызмет атқарады. ЫМЖ үрдістерін өлшеу және мониторингті жүргізу тәртібі сәйкес құжатталған әдістемелерде көрсетілген және 1 — суретте көрсетілген сұлба бойынша жүргізіледі
Ұйым өз қызмет көрсетуіне өлшеміне талаптарды әзірлеп, белгілеу қажет. Қызмет көрсетуді өлшеу мүдделі тараптардың талаптары орындалатындай және олар қызмет көрсетудің өмірлік цикл үрдістерін жақсарту үшін қолданылатындай тексеру мақсатында жоспарланып, жүзеге асырылуы тиіс.
Қызмет көрсетудің белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін өлшеу әдістерін таңдау кезінде, сондай-ақ ұйым тұтынушыларының қажеттіліктері мен күтімдерін қарастыру кезінде төмендегілерді ескеру қажет:
— өлшеу түрлерімен, өлшеу құралдарымен, қажетті дәлдікпен және талап етілетін қабілеттіліктермен байланысты өнім сипаттамаларының түрлері;
— қажетті құрылғы, бағдарламалық құралдар және аспаптар;
— өнімнің өмірлік циклінің тізбегінде сәйкес келетін өлшеу нүктелерінің орналасуы;
— әрбір нүктесінде өлшеуге ұшырайтын, пайдаланылатын қабылдау құжаттамасы мен критерийлерге қатысты сипаттамалар;
— өнімнің таңдалған сипаттамаларын куәландыру немесе верификациялау үшін тұтынушылармен белгіленген нүктелер;
— тапсырушының қатысуымен немесе заңнамалық және реттеуші өкілетті органмен жүзеге асырылатын бақылау немесе сынау;
— типті сынау, үрдіс барысында, өнімді верификациялау және валидтеуде бақылау үшін ұйым қашан және қалай біліктілігі жоғары үшінші жақты тартады;
— жұмысшылар, материалдар, өнімдер, үрдістер және менеджмент жүйесінің квалификациясы;
— верификация және валидтеу бойынша қызмет аяқталып, құпталғандығы мақсатындағы соңғы бақылау;
— өнімді өлшеу нәтижелерін тіркеу.