Ипотекалық несие туралы түсінік және оның мәні

Ипотекалық несие туралы түсінік және оның мәні туралы қазақша реферат

Ипотекалық несие — бұл қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиенің түрі болып табылады. Қамтамасыз етілген несиелер, банктік несиелермен салыстырғанда банктер үшін қауіпсіз, яғни несиенің қайтарылмай қалған жағдайында банк кепілге алған мүліктерін сата отырып, өз қаражаттарын қайтарып алады.

Классикалық түсінікте, ипотека — бұл тек несие беру ғана емес, сондай-ақ салынған мүлік туралы актілермен қамтамасыз етілген облигациялар шығару мен байланысты қосымша несиелік ресурстар тарту тәсілін білдіреді.

Ипотекалық несиелеу процессі екі түрде жүзеге асырылуы мүмкін:

1)      Тұрғын үй құрылысын несиелеу;

2)  Халықтың тұрғын үй сатып алынуына ұзак мерзімді несие беру.
АҚШ-та 20 ғасыр басында жылжымайтын мүлік нарығын дамыту

арқылы елді қаржылық дағдарыстан шығаруға болатынын түсініп, экономиканың бүл сферасына ірі қаржы ресурстарын тарту мақсатында, құрылымдық өзгерістер жүзеге асырылған болатын. Ең алғашқы тұрғын үй иелерінің корпорациясы кұрылып, 20 мың доллардан аспайтын тұрғын үйлермен ипотекалық несиелерді сатып алу үшін 18 жылдық кезеңге екі млрд. доллар салынған, осының есебінен банктер меншікті тұрғын үй сатып алуды қажет ететіндерге несие мерзімін созуға мүмкіндік алды. Содан кейін ипотекалық несиелерді сақтандыратын Федералды тұрғын үй әкімшілігі құрылды, сонымен — ипотекалық несиенің Федералды ұлттық ассоциациясы — Фэнни Мей (Federal National Mortage Association) құрылды.

Ал ФРГ-де тұрғын үйлерді салуды кешенді қаржыландыру үшін банктердегі халықтардың жинақтарын қамтамасыз ететін ипотекалық жүйе 100 жылдан аса жұмыс істеуде.

 

Ресей Федерациясында ипотекалық жүйені дамыту үшін заңды негіз және механизмдер жасалуда.

Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі ипотеканың дамуына әсерін тигізіп, біздің елімізге лайықты модельдің калыптастыру процессі басталды. Қазіргі уақытта, орташа қазақстандық отбасының жылдық шығындарының нақты экономикалық мөлшері табыстарының мөлшерінен аз болып отыр. Ал, бұл ақша қаражаттарын корландыруға мүмкіндік береді. Көбінесе бұл қаражаттар банктердегі салымдар ретінде немесе жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы сақталады.

Ипотека — дамыған елдердегі қаржылық операциялардың кең тараған түрі. Бұл операцияларда халықтың көп бөлігі катысады, тұрғын үй салуды ипотекалық несиелеу банктің өтімді активтерінің бірі болып табылады. Дамыған елдерде ипотекалық несиелеудің схемалары әртүрлі болады, бірақ негізінен америка және неміс елдерінің схемалары қолданылады.

Ипотекалық несиелеудің американдық схемасы банктік несие негізінде құрылып, белгілі бір құрылысқа байланыссыз болады. Мысал келтіретін болсақ, клиент банкке тұрғылықты үй сатып алу максатында несие алу өтінішімен келеді. Өз алдында, банк несие алушының несиелік тарихын зерттейді, және негізінен бұрынғы несиелер бойынша өз мойынына алған міндеттемелердің орындалуын қарастырады. Егер несие алушы банктің қойған талаптарына сәйкес келетін болса, онда клиент тұрғын үй алу мақсатына, өзі қайтара алатын несие сомасын алады. Несие сомасын анықтау барысында клиенттің жасы, білімі, жүмысы, ағымдағы табысы жэне оның өзгеру мүмкіндігі үлкен роль атқарады.

Несие алушының келесі кадамы несие сомасы шегіне сәйкес келетін тұрғын үй іздеу. Тұрғын үйді өзі немесе делдал фирмалар іздеуі мүмкін. Телекоммуникацияның дамуына байланысты, қазіргі кезде, дамыған елдердің кез-келген бөлігіндегі тұрғын үй нарығын зерттеп білу көп қиындық туғызбайды. Сондықтан болар, АҚШ-та миграция деңгейі өте жоғары дәрежеде болып отыр. Ипотеканың американдық схемасы бойынша қозғалмайтын мүлікті сатып алуғаберілген несие сомасы толық өтелмесе де, оны сатуға мүмкіндік беріледі. Бұл жағдайда қозғалмайтын мүлікке заклад актісі сатылады. Ал, ипотеканың неміс схемасы американдықпен салыстырғанда икемсіз болып саналады.

Классикалық неміс схемасы бойынша пәтерді несиеге сатып алу үшіи бірнеше жыл қатарынан қоғамдық салымдарды уақытында төлеп отыру қажет. Бұл пәтер сатып алушының дәулеттілігіне және мақсаттылығына деген емтихан ретінде қарастырылады. Болашақта сатып алынатын пәтер бағасының жартысын жинағаннан соң ғана, қоғам мүшесі таңдаған пәтеріне көшуге құқық беріледі де, ол қалған соманы, әдетте, он жыл ішінде өтеуі қажет. Пәтердің құнын өтегеннен кейін коғам мүшесі пәтердің иесі болады.

Пәтерді таңдау бірқатар ережелермен шектеледі, біріншіден, тек осы қоғам салған пәтерлерден таңдауға болады. Іс жүзінде, бұл коғам өз қатысушыларының ақша-қаражаттарын қолдана отырып, тұрғын үйдің заказ берушісі болып отыр. Бұл жағдай құрылыс компанияларына өте тиімді, себебі олар қоғамның халықтан жинаған ақшаларын пайдаланып, құрылыс көлемін көбейтеді. Қазіргі кезде көптеген Қазақстандық коммерциялық банктер ипотекалық несиелеудің әдістерін енгізуде.