Мазмұны
Кіріспе
1. Инвестициялық жобаның тиімділігін талдау
1.1. Инвестициялық жоба мен жобалық цикл түсініктері
1.2. Жобаны әзірлеудің және талдаудың алдын ала кезеңі
1.3. Жобаны коммерциялық талдау
2. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері
2.1. Инвестицияның тиімділігін бағалаудың қарапайым әдістері
2.2. Инвестициялық жобалардың тиімділігін салыстыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». Осы курстық жұмыста негізгі үш бөлімді қарастырдым. Бірінші бөлім кәсіпорын қаржылық жағдайын талдаудың мәні мен мақсаты, ақпараттық негізі туралы. Екінші бөлімінде қаржылық жағдайды талдау әдістері, соның ішінде экспресс талдау әдісі қарастырылған.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыру оның өз контрагенттері мен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым қатынасы үлкен әсер етеді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:
— Пайда болу орнына дайланысты – ішкі және сыртқы;
— Нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
— Құбылыс бойынша – қарапайым және күрделі;
— әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Қаржылық жағдайды талдай кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қортындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жыйынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қорды құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
Ал екінші бөлім қаржылық талдаудың алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
— көлденең талдау;
— тікелей талдау;
— трендтік талдау;
— салыстырмалы талдау;
— факторлық талдау;
— қаржылық коэффициенттер әдісі.
Аудитордың аналитикалық қызметінің логикасы оны, яғни талдауды екі модульдік құрылым түрінде ұйымдастыруды көздейді:
— қаржылық есепті экспресс-талдау;
— қаржылық жағдайды тереңдетіп талдау.
Экспресс-талдаудың мақсаты шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып табылады.
Экспресс-талдаудың үш кезеңде жүргізілуі орынды:
— дайындық;
— қаржылық есепке алдын ала шолу жасау;
— экономикалық оқу және есеп беруді талдау;
Курстық жұмысымның өзектілігі: кәсіпорынның жағдайын әр түрлі әдістерін қарастырып, оның тиімді шарттарын қарастыру
Курстық жұмысымның мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдап, қорытынды жасау
Курстық жұмыс / 34 бет