Инвестиция есебінің қолданыстағы тәртібі курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

Кіріспе…..3

І тарау. Инвестиция мәні……6
1.1 Инвестиция туралы түсінік және оның түрлері……6
1.2 Инвестиция есебінің міндеттері және бағалануы……12

ІІ тарау. Инвестиция есебінің қолданыстағы тәртібі….14
2.1 Қаржылық инвестиция есебі…..14
2.2 Еншілес,тәуелді және бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктерінің қаржылық инвестиция есебі…..28

Қорытынды…..37
Қолданылған әдебиеттер тізімі…..40

                          Кіріспе 

Экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін зерттеу, бағалау тәжірибесінде инвестиция жобаларының мәнін, есеп тәртібін және ерекшеліктерін үнемі зеттеу керек. Өйткені қаржылық жоба не бағалау объектісі, не меншіктің объектісі, не меншіктің бір элементі ретінде көрініс табады.

Бүкіл кәсіпорындар инвестициялық қызметпен байланысқан. Инвестиция дегеніміз-қолдабар мүлікті немесе ақшаны,яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін салым ретінде салып және сол арқылы болашақта пайыз түрінде табыс табу болып табылады.Сонымен қатар инвестиция-экономикалық өсудің негізі бола отырып,елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды,ол-экономикалық дамудың жоғары және қарқынын қалыптастырудың,ҒТП-ң жетістіктерін,өсудің,инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып табылады.Инвестициялық қызметті талдау келесі факторларға бола күрделенген: инвестиция түрі, инвестициялық жоба құны, қол жететін жобалардың көптігі, қаржы ресурстарының шектеулігі, белгілі бір шешім қабылдауға тәуекел. Сонымен кәсіпорындағы қаржылық құралдар есебі кәсіпорын басшылығының шешім қабылдауы үшін қажет. Инвестиция жайында шешім қабылдау басқарманың стратегиялық қиын міндеті болып табылады. Инвестициялаy кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы тиімді шараның бірі.

Инвестициялардың тиімділігін анықтау іс жүзіне келгенде компания алдында тұрған үлкен мәселе. Капитал салу немесе өз қарастырылып отырған кәсіпорынында басқа капитал енгізу жөнінде шешім қабылдамас бұрын, инвестицияны жоспарлау және талдау әдісін білу шарт. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде инвестицияларды жоспарлау мен талдау саласында жеткілікті мөлшерде тәжірибе жинақталғандығын ескерсек, біз осы тәжірибені пайдалана білуіміз қажет.

Басқа жағынан, егер инвестиция есебінің мақсаты меншікті сатып алу — сату, пайда алу болса, онда потенциалды меншік иесі қорытынды құн көлеміне сәйкес соманы инвестициялайды.

Осы курстық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорын инвестициясының есебінің теориялық және тәжірибедегі қолданысын қарастыру.

Осы мақсатты орындау міндеттері мыналар:

— инвестицияның экономикадағы алатын орнын анықтау;

— кәсіпорын жобасының инвестицияларын жүзеге асыру талаптарын көрсету;

— кәсіпорын жобасының инвестицияларының пайда әкелу әдістерін анықтау.

Кәсіпорын инвестициясының жобасы бірнеше факторлар бойынша бағалана алады:

— инвестиция нарығындағы жағдайлар;

— қаржы нарығындағы жағдай;

— инвестордың кәсіби мүддесі мен тәжірибесі;

— жобаның қаржылық қамтамасыз етілуі.

Курстық жұмыстың зерттелу объектісі болып «Шығыс» АҚ, «Темір» АҚ және «Цемент» АҚ табылады. Зерттеу барысында біз осы үш акционерлік қоғамдар арасындағы инвестициялық операцияларды қарастырамыз.

Курстық жұмысты жазу барысында әдістемелік негіз ретінде қарастырылып жатқан сұрақтардың аясындағы отандық және шетелдік экономист ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар мерзімді басылымдардың мәліметтері, «Қазақстан Республикасының инвестициялар мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулары қолданылады.

  Курстық жұмыс / 40 бет