Инфляцияның монетарлық теориясы курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ:
Кіріспе………3

I-бөлім. Инфляцияның монетарлық теориясы……..4
1.1 Монетарлық саясаттың мәні………..4
1.2 Монетарлық саясаттың түрлері……………10
1.3 Монетарлық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірибиесі…….14

II-бөлім. Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық саясаты…15
2.1 Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық саясатын талдау……..15
2.2 Монетарлық саясатты табыстау механизімі және оның салық, бюджет, валюта саясаттарымен байланысы….20
2.3 (2004 – 2006 ж.ж.) Қазақстандағы монетарлық саясатты талдау…23

III-бөлім. Қазақстандағы монетарлық саясатты жетілдіру жолдары…25
3.1 Экономиканы ақша-несиелік реттеудің кейбір аспектілері…….25
3.2 Қазақстандағы монетарлық саясатты жетілдіру жолдары…….30

Қортыңды…….33
Пайдаланған әдебиеттер……..35

Кіріспе:

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция  көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда  болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды.

Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың  көбінде  сұранымның артуынан  қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда  болған елдегі баға  деңгейінің жалпы өсуі. Жалпы осы ифляцияға қарсы мемлекет  екі саясат жүргізеді.Ол монетарлық саясат пен фискалдық саясат. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік монетарлық саясатты анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.

Монетарлық саясаттың басты мақсаты — Айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады.

 Курстық жұмысымныңміндеттері:

  •  Монетарлық саясаттың мәнің ашу;
  • Монетарлық саясаттың құрылымын анықтау;
  • ҚР Ұлттық банкінің монетарлық саясатын және оның даму жолдарын талдау;

 Курстық жұмысымның құрылымы — кіріспе, үш бөлім мен қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмысты жазудың әдістемелік негізі — болған осы саладағы отандық  және шет ел авторларының еңбектері.

  Курстық жұмыс / 35 бет