Жоспар
Кіріспе
I. Инфляцияның экономикадағы ролі мен мәні
1.1 Инфляцияның мәні даму механизмі және түрлері
1.2 Инфляцияның әлеуметтік экономикалық зардаптары мен себептері
1.3 Филипс қисығы және стагфляция
ІІ. Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты инфляцияны тежеу
2.1 Антиинфляциялық саясат
2.2 Инфляцияға қарсы саясат және Қазақстандағы оның әдістері
ІІІ. Қазақстан Республикасында инфляция қарқынын жою жолдары
3.1 Қазақстандағы инфляцияның процесін болжау
3.2 Мемлекеттің инфляция деңгейін болдырмау үшін қолданылатын нақты шаралары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Экономиканың өз заңдылығы бар.Ол да адам тәрізді: қалыпты жағдайда дұрыс тыныс алады,аршындап алға басады, тірлік ретті болады.Адамның қызуы көтерілгені сияқты экономиканың да қызуы көтерілетін болады.Адам ағзасы әлсірей бастаған уақытта әуелі түшкірік пайда болады. Бір-екі түшкірік денсаулығы мықты организмге әсер ете қоймауы мүмкін.Түшкірік басылмаса,дене қызуы көтерілсе сырқаттың күш алып кететіні белгілі. Мәселе-кез келген дерттің алдын алуда.Кейінгі кезде инфляция туралы жиі сөз бола бастады. Осы жерде «инфляция деген не? Ол қандай құбылыс, қашан пайда болған?..» деген сұрақ туады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып,ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келеді. Әлі де бірқатар шетелдік авторларинфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуіне көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдердегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.
Бүгінгі инфляция бағаның өсуі нәтижесіндегі ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияның әуел бастағы себебі-ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бузылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляция халықаралық экономикалық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайын ұйымдастыруды бұзып, экономикалық қылмыс, көлеңкелі экономика жане т.б. белсенділігін арттырады.
Қазақстан экономикасы ретті жүргізілген реформалардың арқасында мың құбылған үрдістерден кідіріссіз өтіп келеді. Ұлыбританияның премьер-министрі Э.Чарльз Линтон Блэрдің: «Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері айтарлықтай экономикалық прогреске қол жеткізілді. Қазіргі нарықта бағдарланған мөлдір және ашық инвестициялық ахуалды дамыту маңызды болып отыр. Бұл Қазақстан қол жеткізген табыстарды шоғырландыруға көмектеседі, ол Орталық Азияның басқа елдері үшін тамаша үлгі болады», деген сөзі бар.
Жыл өткен сайын ел алдында жаңа меже, жаңа бағдарлар қойылып отыр. Президенттің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену туралы бастамасы ақыл-ой, қуатын жедел жинақтап, белді буу қажет. Осы ретте инфляцияны ауыздықтау әрекетін жасауға тура келеді. Елбасының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауында қаржы жүйесінің және Ұлттық банктің алдында:
— инфляция қарқынын бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарын азайту үшін нақты айырбас бағамына тиісті икемділігін қолдануға және сонымен бірге экономикалық өсуі ынталандыру;
Халықтың күн-көрісі арасында айырма өскен сайын ертеңгі күнге деген алаңдатушылық арта түседі. Үкімет жағдайы қаншалықты өз бақылауында ұстай алады? Шошыған балықтай инфляция қолдан сусып шығып кетіп жүрмей ме? Мемлекет белгілеген шаралар қаншалықты бекем? Баға мен бағам бетімен кетіп қалмай ма? Барлығымыздың көкірек түкпірінде тұрған сауалдар осындай.
Курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты».
Бірінші тарауда инфляцияның мәні, дамуы, механизмі, түрлері, формалары, факторлары және оның экономикаға тигізетін зардаптары, себептері қарастырылған.
Екінші тарауда ақша-несие саясатының негізгі мақсаты инфляцияны тежеу, антиинфляциялық саясат және Қазақстандағы оның әдістері көрсетілген.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасында инфляция қарқынын жою жолдары, инфляция процестерін болжау және деңгейін болдырмау үшін нақты шаралар қарастырылған.
Курстық жұмыс 30 беттен, 4 график, 2 кесте, 25 әдебиет қолдандым.
Курстық жұмыс / 30 бет