Инфляция және оның экономикадағы салдары курстық жұмыс

Мазмұны

КІРІСПЕ…….2

І. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Инфляция түсінігі және мәні……..3
1.2. Инфляцияның түрлері мен факторлары…….7

ІІ. ИНФЛЯЦИЯНЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
2.1. ҚР-да инфляцияның пайда болу себептері…..13
2.2. Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық салдары…17
ІІІ. ҚР-ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ….24

ҚОРЫТЫНДЫ……..30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…….32

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 4-акпанда, 2009 жылы айтқандай: «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлкет қазынагерлік, несие-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда баса көңіл бөлу керек. Оның бірі  — ақша-несие саясаты Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардығ қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар. Ақша-несие саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын. 2005-2008 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция.

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

— инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;

— ҚР инфляциялық жағдайын талдау;

— инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, пайда болу себептері мен салдары, онымен күресу жолдары.

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

 Курстық жұмыс / 32 бет