Инфляция және ҚР экономикалық дамуындағы инфляцияны жою жолдары курстық жұмыс

ЖОСПАР

Кiрiспе

І. Инфляция және оның экономикалық мәні.
1.1 Инфляцияның мәнi және түсiнiгi.
1.2 Инфляцияның даму механизмi және түрлері.
1.3 Инфляцияның факторы және оның себептері.

ІІ. Инфляцияға қарсы саясат және Қазақстан Республикасындағы инфляция.
2.1 Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық салдарлары.
2.2 Инфляцияға қарсы саясат.
2.3 Қазақстан Республикасындағы инфляция, оның ерекшеліктері.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

КIРIСПЕ

Жер бетінде ХХ ғасырдың екінші жартысында болмаған елдер дерлік жоқ. Инфляция бұрынғы нарықтық экономика дертінің орнына келгендей болды, бұл дерт әлсіздене бастады. Инфляция ақша айналымына тән болды: Ресейде – 1769 жылдан 1895 жылға дейін (1843-1853 жылдарды есептемегенде); АҚШ – тәуелсіздік үшін соғыстың кезеңінде 1775-1783 жж. және 1861-1865 жылдардағы Англияның азамат соғысы жылдарында және ХІХ ғасырдың басында Наполеонмен соғысында, 1789-1791 жылдардағы Франциядағы француз революциясы кезеңінде, әсіресе инфляция жоғары қарқынға Германиядағы бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жетті. Бұл кезде 1923 жылды күзінде айналындағы ақша массасы 496 квинтиллион маркаға жетті, ал ақша бірлігі триллион рет қонсызданды.

Осы жоғарыда келтірілген тарихи мысалдар инфляцияның осы заманның баламасы болмағанын дәлелдейді, яғни ол бұрынғы кезде де орын алды.

Ақша ежелгi заманда пайда болды. Олар тауар болады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшiн жасалынған еңбек өнiмi. Адам еңбегiнiң өнiмi (зат), оны өндiрушiлердiң белгiлi қоғамдық қатынастар тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы  объктивтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгiленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құнын  алу құрала бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны  ретiнде көрiнедi. «Айырбас құн тауарларды өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша”.

Әрбiр ерекше тауар мiндеттi түрде тұтыну құны ретiнде көрiнедi. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестiру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бiр  және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесiнде бiр-бiрiн табады және өзара бiр–бiрiне ауысады.

Ақша – қазiргi экономикалық өмiрiнде мемлекеттiк субъектiнiң басты феноменi болып табылады. Сондықтан көптеген ғалымдар осы мәселеге көп көңiл бөлген. Осы курстық жұмыстың басты мақсаты — сол мәселенi жан-жақтан қарастыру. Бiрiншiден, инфляцияның мәнi және түсiнiгi ашып көрсіетіледі. Инфляция – ғасыр бойы қалыптасқан мәселе. Көптеген мемлекеттер инфляция кезiнде экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Батыстағы инфляция ол құнның өсуi деген мағынаны бiлдiредi.

Экономикалық құбылыс ретiнде инфляция көптен берi өмiр сүрiп келедi. Оны тiптi ақшаның шығуымен бiрге пайда болды әрi ақшаның қызметiмен тығыз байланысты деп саналады.

Қазіргі инфляцияға келесі тән ерекшеліктерін атап өтуге болады: яғни егер бұрын инфляцияның жергілікті сипаты болса, ал қазір – жаппай, жалпы қамтылған; егер бұрын үлкен және кіші кезеңдерді қамтыған болса, яғни оның кезеңдік сипаты болса, онда қазір ол созылмалы; қазіргі инфляция тек ақшаның ғана емес, сонымен бірге ақша әсерінің ықпалында тұр.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптеген бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.

Демек, қазіргі инфляция көптеген әсерлердің ықпалын бастан кешіреді. Осы курстық жұмыста көптеген сұрақтарға жауап алып, қазіргі инфляцияның және оған қарсы қандай шаралар жүргізілетіндігі туралы білуге болады. Сондай-ақ Қазақстандық инфляцияның ерекшеліктері туралы, Ұлттық Банктің және үкіметтің инфляцияға қарсы саясатын көруге болады.

 Курстық жұмыс / 38 бет