Жоспар
Кіріспе…….3
1. Инфляцияның теориялық аспектілері…………5
1.1. Инфляция мәні мен пайда болу себептері…….5
1.2. Инфляцияның түрлері мен типтері………..7
1.3. Инфляцияның айқындалу формалары……….9
2. Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау……….12
2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляция даму ерекшеліктері……12
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі көрсеткіштеріне талдау жасау……18
2.3. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары….22
3. Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар…..27
3.1. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының 2011-2013 жылдарға арналған сценарийлік нұсқалар……27
3.2. Инфляцияны бәсендету шаралары…..29
Қорытынды………..34
Пайдаланған әдебиеттер…….36
Қосымшалар………37
Кіріспе
Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің бірі – инфляция табиғаты, оның туындау себептері мен салдары, онымен күресу жолдары, Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны.
Курстық жұмыстың өзектілігі: «Инфляция: түсінігі, түрлері мен туындау себептері» тақырыбы қазіргі экономикалық жағдайда өзекті проблемалардың бірі болып саналады, бұл мәселе экономикалық ғылымда маңызды орын алып отыр, себебі инфляция көрсеткіштері және оның әлеуметтік-экономикалық салдары кез-келген мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің деңгейін айқындайды және бүкіл әлемнің экономикасын бағалауда маңызды роль атқарады. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі. Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады. Инфляция қалыпты инвестицияларды тартуға және теңгенің нақты толық айырбасталымдылығын жүргізуге кедергі келтіреді және ол сатып алушылардың сатып алу қабілеттігін одан әрі төмендетеді. Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты: инфляция түсінігін толығымен зерттеп, оның түрлері мен типтерін ашып көрсету, инфляцияға қарсы әдістерді қарастыру және туындау себептерін толығымен анықтап, оған баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіріп, инфляция қарқынының бәсендету шараларын көрсету, Қазақстан Республикасындағы инфляциялық ерекшеліктерін талдай отырып, оның болашақтағы перспективаларын анықтау.
Осы мақсатқа сәйкес курыстық жұмыста келесі міндеттер қойылады:
— Инфляцияның теориялық аспектілерін зерттеп, оның негіздері мен себептерінің мән-мағынасын ашу;
— Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсері мен олардың салдарын анықтау;
— Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау мен ерекшеліктерін айқындау;
— Мемлекеттің инфляцияға қарсы шараларын жүргізу барысында инфляция салдарын нейтрализациялау;
— Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Курстық жұмыс кiрiспеден және үш тараудан тұрады. Бiрiншi тарау “Инфляцияның теориялық аспектілері” деп аталады, онда жалпы инфляцияның мән-мағынасы анықталынды, оның түрлері мен айқындалу формалары қарастырылуда. Екiншi тарау “Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау ” деп аталады, бұл жерде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бері келе жатқан инфляциялық қарқыны зерттелінді, сонымен қатар осы инфляцияға қарсы мемлекеттің қандай шаралары бары екендігін анықталды. Үшінші тарауда “Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар” қарастырылады. Курстық жұмыс, сонымен қатар қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмысты жазу барысында отандық әдебиеттер, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің деректері, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер мен мерзімді басылымдар қолданылды.
Курстық жұмыс/ 38 бет