Жоспар
I. Кіріспе… …3
II. Негізгі бөлім. …4-8
II.1. Иммуномодуляторлар және олардың әсер етуі бойынша бөлінуі. ..4-5
II.2. Иммуномодуляторлардың шығу тегі бойынша бөлінуі… ……..5-7
II.3.Иммуномодуляторлардың клиникалық қолданылуы ……8
III.Қорытынды…… …….9
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі….. …10
Кіріспе
Иммунитет- организмнің жұқпалы агенттерді және антигендік қасиеті бар генетикалық бөгде заттарды қабылдамауы. Р.В.Петровтың айтуы бойынша , иммунитет- организмнің генетикалық бөгде белгілері бар тірі денелер мен заттардан өзін -өзі қорғау қабілеті. Бұл тұжырымның негізінде Бернеттің теориясы жатыр, ол бойынша «өзінікін» және «басқаны» тану иммунитеттің орталық биологиялық механизмі болып табылады. Иммунитеттің негізгі қызметі – организмнің ішкі тұрақтылығын бақылау. Генетикалық табиғаты бөгде заттарды (бактериялар, вирустар, рак клеткалары т.б) тану, одан кейін оны ерекше тежеу, бейтараптандыру немесе жою. Генетикалық табиғаттың биологиялық дербестігін сақтауға организмнің иммундық жүйесі- лимфалық органдар және лимфалық клеткалар жиынтығы жауап береді (лат. «лимфа» — сөл, жануарлардың организмдегі қоректік заттарды бойға тарататын сұйық зат).
Иммундық жүйе орталық және шеткі органдардан тұрады. Иммундық жүйенің құрамына төс астындағы сырт пішіні айыр тәрізді болып келетін тимус, қарын астында орналасқан көк бауыр, жілік майы, ішектерді жағалай орналасқан лимфалық түйіндер және аппендикс жатады. Бұл органдар денеге таралып сөл (лимфа) тамырлары арқылы организмнің барлық мүшелерін қамтып жатады.
Көптеген елдердегі зерттеулер жұмыстары нәтижесінде, иммундық жүйенің бұзылуының дәрежесі мен деңгейін анықтай келе кең көлемде кешенді иммунотропты препараттар жасап шығарылды. Ауруларды емдегенде және иммунодефициттің алдын алғанда қойылатын басты мақсат бұл базалық терапия мен рациональді иммунокоррекцияның үйлесімділігі. Қазіргі таңда иммунофармакологияның негізгі міндеті болып қолданғанда қауіпсіздік пен тиімділікті қамтамасыз ететін жаңа препараттар жасап шығару болып табылады.
Иммуномодуляторлар- иммундық жүйеге реттеуші әсер ете алатын табиғи немесе синтетикалық заттар. Имундық жүйеге әсер етуі бойынша оларды иммуностимулдеуші және иммуносупрессивті деп бөледі.
Иммуностимулдеушілерге тимус препараттары, интерлейкиндер, интерферондар, интерферондардың индуктоы, биологиялық белсенді пептидтер, кейбір саңырауқұлақтардың полисахаридтері, емдеуші вакциналар жатады. Олардың белсенділігі организмнің клеткалары мен ұлпаларының метаболизміне әсер ету қабілетімен және иммунокомпонентті клеткаларды белсендіре алатынында болса, оның нәтижесінде организмнің инфекционды және инфекционды емес ауруларға қарсы қабілеті артады.
Иммуностимулдеуші белсенділікке пробиотикалық микроорганизмдер (бифидо және лактобактериялар) ие, оларды тамақтану өнімдерінің құрамына енгізгенде олар организмнің қалыпты микробиотының балансын қалпына келтіреді және бірқалыпты ұстап тұрады.
Иммуностимуляторларды инфекционды және инфекционды емес ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолданады.
Иммуносупрессорлардың негізгі тобы – бұл гормональді препараттар, цитостатикалық заттар, антилимфоцитарлы және анти — резус иммуноглобулиндер, лимфоциттің белгілі рецепторларына қарсы моноклональді антиденелер, кейбір антибиотиктер (циклоспорин, рапамицин және т.б.). Олардың иммуносупрессорлы белсенділігі гемопоэзді жою қабілеттілігімен, белокпен әсер ету, яғни иммунды жауапта қатысатын, нуклеотидтің синтезін генгибирленуі, лимфоцит апоптозының индуцирленуі және т.б. байқалады.
Иммуносупрессорлар қабынуда, аллергияда, трансплантацияда, аутоиммунды ауруларды емдеуде лимфоцидті клеткалардың белсенділігін басу үшін қолданылады.
Иммуностимуляторларды секілді оларды да жануарлар мен өсімдіктердің ұлпаларынан, генетикалық инженерияның әдістері арқылы биосинтез жолымен және химиялық синтез арқылы алады.
Иммуностимуляторлар – организмнің спецификалық емес резистенттілігін (ОСЕР) және иммунитетін (гуморальді және клеткалы иммунды реакция) стимулдейді. Әдебиеттерде иммуномодулятор термині иммуностимуляторлар терминінің синонимі ретінде қолданылады.
Иммуностимуляторларға- қалыпты және төмендетілген гуморальді және клеткалы иммунды жауапты жоғарлата алатын қабілеті бар қосылыстар жатады. Иммуностимуляторлар функциональді белгілері бойынша ОСЕР-ді стимулдеуші препараттар болып бөлінеді: продигиозан, метилурацил, пентоксил, натри нуклеинаты, клеткалы иммунитет: тималин, тактивин, тимептин, тимоген, молграмостин, леакадин, тимостимулин тим-увакол, тимомодулин.
Иммунитеттің гуморальді иммунды реакциялары (Иммунитеттің В-жүйесі): миелопид, спленин.
Иммуностимуляторлар шығу тегі бойынша микроорганизмдердің, өсімдіктердің, жануарлардың өмір сүру қабілеттілігінің өнімі (полисахаридтер, мембрана фосфолипидтері, гликопептидтер, модифицирленген токсиндер, микроорганизмдердің ДНК және РНК-сы, вакциналар және т.б.), иммунитеттің пептидті эндогенді стимуляторлары (тимус, өт, жұлын миы, интерлейкин және т.б. препараттар), иммунитеттің синтетикалық стимуляторлары (левомизол, леакадин, тимоген), метаболикалық процесстердің стимуляторы (анаболикалық гормондар, рибоксил ,плазмол, витаминдер және т.б.) болып бөлінеді.
Иммундық жүйенің бұзылыстарын түзейтін заттардың саны қазіргі таңда жүзден астам, бірақ қолданыстағы саны бірнеше оңдағаны ғана. Айта кететіні, барлық иммуностимуляторлардың жағымсыз кері әсері болады.
ОСЕР-ді, гуморальді және клеткалы иммунды реакцияларды белсендіретін экстраиммунды терапия құралдарына метаболикалық процесстердің стимуляторлары жатады (анаболикалық гормондар, рибоксил, плазмол, витаминдер- С витамині, А витамині, Е және т.б. витаминдер).
Табиғи иммуностимуляторлар: продигиозан, пирогенал, БЦЖ вакцинасы, деринат (натри дезоксирибонуклеаты), пицибанил, крестин, лентинан, бронховаксом, биостим, имудон, лизоцим, ликопид, паспат, рибомунил, тонзилгон, сұйық эхинацин, эхинабене, С композитум эхинацеясы.
Иммунитеттің пептидті эндогенді стимуляторлары:
Т-лимфоциттің функциясын жоғарлататындар:
- (тимус препараттары) : тималин, тимоген, тимотропин, Т-активин (тактивин), берофор, тимостимулин (ТП-1 сероно), тимоптин, вилозен.
В- лимфоциттің функциясын жоғарлататын фармакологиялық препараттар:
- өт, жұлын миы (миелопид) препараттары.
- Иммуноглобулин
- Сандоглобулин
Лимфоциттердің (Т- ,В- клеткалардың, табиғи киллер-клеткалардың) функциясын күшейтетің препараттар:
- Цитокиндер (интерферондар және интерлейкиндер): веллферон, А интроны, ребиф, А роферон, ферон, эгиферон, бронхо –мунал
Синтетикалық иммуностимуляторлар: ликопид, левамизол (декарис), метилурацил, беметил, дибазол, имунофан, циклоферон, полиоксидоний, глутоксим, пролейкин, галавит- натри аминодигидрофталазиндионы, берлопентин, полудан, арбидол, леакадин, молграмастин.
Қазіргі таңда шығу тегі бойынша иммуномодуляторларды 6 негізгі топқа бөледі: микробты, тимикалық, жұлын милы, цитокинді, нуклеин қышқылды және химиялық таза. Бұл классификация иммундық жүйенің функцияларының негізгі принциптері бойынша құрылған. Туа біткен иммунитеттің белсендірушісі мен жүре пайда болған иммунитеттің индукторы, яғни адам организмі мен жоғарғы жануарларда микробты клеткалардың антигені болып табылады, осыдан иммунотропты препараттарды іздеу, зерттеу және өндіру басталды. Иммунды жауап бірнеше иммунореттегіш молекулаларды бақылауымен түзіледі. Сондықтан иммунотропты дәрілік препараттар өндіргенде организмде иммунды жауаптың әсерінен синтезделетін молекулаларды бөлу мен зерттеу жүргізілген.
Микробты иммуномодуляторларды шартты түрде үш кезеңге бөледі. Ең бірінші препарат болып 1950 ж басында АҚШ –та және Еуропа елдерінде рұқсат етілген, медицинада иммуностимуляторлар есебінде қолданылған, туа біткен және жүре пайда болған иммунитеттің факторын күшейте алатын қабілеті бар БЦЖ вакцинасы табылды. Бірнеше кезеңдегі микробты препараттарға пирогенал және продигиозанды жатқызуға болады, олар бактерия тектес полисахаридтерден тұрады. Қазіргі уақытта әсері салдарынан олар сирек қолданылады.
Екінші кезеңде микробтық препараттар (Бронхомунал, ИPC-19, Имудон, Бронхо-Ваксом) және бактерия рибосомасы (Рибомунил), бұлар Klebsiella pneumoniae, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Haemophilus influezae және т.б. қоздырушыларға қарсы препараттар. Бұл препараттардың екі нұсқаулығы бар: спецификалық (вакцинирлеуші) және спецификалық емес (иммуностимулдеуші).
БЦЖ-ң клеткалық компонентін зерттегенде, мурамил — дипептид (ПМК)- пептидогликанның минималды компоненті ең жоғарғы иммуностимулдеуші қасиетке ие екені анықталды. ПМК-ң жоғары пирогендігі қасиеті болған соң, клиникада қолдау таппады, алайда Ресейде және басқа елдерде ол синтезделіп, пирогендігі төмен, бірақ иммуностимулдеуші қасиеті сақталған, аналогтары шығарылған. Олардың бірі Ликопидті микробты препараттардың үшінші кезеңіне жатқызуға болады. Ол табиғи дисахарид-глюкозаминилмурамил және оған қосылған синтетикалық дипептид — L- аланил – D – изоглютаминнен тұрады.
Эндогенді иммуномодуляторларды шартты түрде иммунореттегіш пептидтер мен цитокиндер деп бөлуге болады. Иммунитеттің орталық мүшелері болып клеткалық және гуморальді иммундық жауаптың дамуын реттейтін тимус және жұлын миы екені белгілі. Бір топ ресейлік Р.В. Петровтың басшылығымен осы мүшелерден клеткалық және гуморальді иммунитетті қалпына келтіретін дәрі-дәрмек жасау үшін иммунореттегіш пептидтерді бөліп алды. Осы зерттеулер нәтижесінде жаңа биологиялық белсенді қосылыстар тимустың пептидті гормондары, яғни тимозин, тимопоэтин және сарысулы тимикалық фактор-тиулин ашылды.
Ресейдегі тимикалық препараттардың алғашқысы Тактивин болды. Құрамы ірі қара малының тимусынан экстрагирленген пептидтер кешенінен тұрады. Сонымен қатар құрамында тимус пептидтер кешені бар препараттарға Тималин, Тимоптин және т.б. жатса, тимус экстракты барларға – Тимостимулин және Вилозен.
Бірінші кезеңдегі тимикалық препараттардың клиникалық тиімділігі күмән тудырмайды, алайда олардың бір кемшілігі бар: олардың құрамында стандарттауға келмейтін биологиялық белсенді пептидтер бар.
Жұлын ми препараттарының алғашқысы Миелопид, құрамында молекулалық массасы 500-3000 D, биореттегіш пептидті медиаторлардың кешені – миелопептид (МП) болып табылады, ол шошқаның жұлын миы клеткаларынан продуцирленеді. Қазіргі таңда Миелопидте 6 МП бар: әрбіреуі белгілі биологиялық әсерге ие. Бастапқы уақытта, жұлын ми препараттары гуморальді иммунитеттің дамуына әсер етеді деп есептелінген, кейін әр түрлі МП иммундық жүйенің әр түріне әсерін тигізетіні анықталған. Мысалы МП – 1 Т-хелперлердің функциональді белсенділігін жоғарлатса, МП – 2 қатерлі клеткалардың полиферациясын басады және улы субстанцияларды өндіретін ісік клеткалардың қабілеттілігін төмендетсе, МП – 3 ликоциттердің фагоцитарлы белсендіігін үдетеді. МП-ң аминқышқылды құрамы шешіліп, бұл жаңа жұлын миы препараттарының өндірісіне алып келді. МП – 3 негізінде антибактериялды қасиеті бар Серамил, МП – 2 негізінде ісікке қарсы Бивален жасалды.
Дамыған иммундық жауапты цитогендер реттейді, бұлар табиғи және рекомбинантты иммуномодулирлеуші препараттардың өндірісіне негіз болды және олар эндогенді иммунореттегіш молекулалардың күрделі кешенінен тұрады. Бірінші топқа Лейкинферон және Суперлимф, екіншісіне Беталейкин, Ронколейкин және Лейкомакс (молграмостим) жатады.
Химиялық таза иммуномодуляторларды екі топқа бөлуге болады: төменмолекулалы және жоғарғымолекулалы. Біріншісіне иммунотропты белсенділікке ие белгілі дәрілік заттар жатады. Олардың алғашқысы левамизол (Декарис) – фенилимидотиазол құртқа қарсы, кейін құрамында иммуностимулдеуші заттар табылған белгілі препараттар. Төменмолекулалыға жататын дәрілік заттардың бірі фталгидразидтің өнімі – Галавит. Бұл препараттың ерекшелігі құрамында иммуномодулирлеушімен қатар қабынуға қарсы қабілетінің болуы. Төменмолекулалы иммуномодуляторлардың қатарына үш синтетикалық олигопептид : гепон, Глутоксим және Аллоферон жатады. Жоғары молекулалы химиялық таза иммуномодуляторларға химиялық синтез арқылы алынған Полиоксидоний препараты жатады, оның құрамында молекулалық массасы полиэтиленпиперазиннің өнімі оксидирленген N болады. Препарат организмге кең спектрлі фармакологиялық әсер етеді: иммуномодулирлеуші, детоксицирлеуші, антиоксидантты және мембранопротекторлы.
Иммуномодулирлеуші қасиетке ие дәрілік заттарға интерферон мен интерферон индукторларын жатқызуға болады. Бұл препараттардың бөлек топқа жатқызылу себебі, олардың негізгі фармакологиялық қасиеті – вирусқа қарсы әсері. Бірақ интерферондар организмнің цитокиндік торының құрам бөлігі болғандықтан, иммунореттегіш молекуласы бар және иммундық жүйенің барлық клеткаларына әсер етеді.
Иммуномодуляторлардың клиникалық қолданылуы.
Иммуномодуляторларды көбінесе жоғарғы инфекционды ауруларда яғни иммунодефицитте қолданылады. Иммуномодуляторлы препараттардың басты мақсаты емделуі қиын барлық локализация мен барлық этиологиядағы инфекционды-қабыну ауруларын жою болып табылады. Әрбір инфекциялы- қабыну процессінің негізінде, осы процесстің персистенциясына алып келетін иммундық жүйенің парметрлерін зерттеу арқылы әрқашан табыла бермейді. Сондықтан инфекционды қабыну аурулары кезінде, иммуномодулирлеуші препараттарды иммундық жүйеде ауытқулар болмаса да қолдана береді. Мамандардың пікірінше, екіншілік иммунологиялық жетіспеушілікте микробқа қарсы заттар қолданылса, сонымен бірге иммуномодулирлеуші препараттар пайдаланған жөн.
Иммунотропты препараттарға қойылатын негізгі талаптар:
- Иммуномодулирлеуші қасиет;
- Жоғарғы тиімділігі;
- Шығу тегі табиғи;
- Қауіпсіздігі мен зиянсыздығы;
- Қарсы көрсеткіштері болмауы;
- Жанама әсерлер болмауы;
- Үйренгіштіктің болмауы;
- Концерогенді әсердің болмауы;
- Иммунопатологиялық реакцияларының индукциясының болмауы;
- Артық сенсибилизация тудрырмау керек және оны басқа медикаменттерден потенцирлеу керек;
- Оңай метаболизирленіп және организмнен оңай шығуы керек;
- Басқа препараттармен әсерлеспеуі керек;
- Олармен жоғары үйлесімділікте болу керек;
- Енгізу жолдары парентеральді емес болу керек.
Қазіргі таңда иммунотерапияның негізгі принциптері жасалып, бекітілген:
- Иммунотерапияны жүргізер алдында міндетті түрде иммундық статусты анықтап алу керек.
- Иммундық жүйенің зақымдану дәрежесі мен деңгейін анықтау.
- Иммунотерапия кезінде иммундық статустың динамикасын бақылау.
- Иммуномодуляторларды тек айқын клиникалық белгілері және иммундық статустың көрсеткіштері өзгерсе ғана тағайындау керек.
- Иммуномодуляторларды иммундық статусты бірқалыпты деңгейде ұстап тұру үшін, алдын алу мақсатында қолдану керек.
Қорытынды
Иммунитет – вирустар мен бактерияларға немесе басқа да өзге туысты агенттерге қарсы төтеп беретін қабілеті бар организмнің жүйесі. Иммунитеттің екі типі бар: спецификалық және спецификалық емес. Спецификалық түрі аурудан кейін белгілі бір микроорганизм түріне тұрақтылық түрінде қалыптасады. Спецификалық емес иммунитет – кез – келген зиянды агент түрінен қорғай алатын универсальді жүйе. Иммунитеттің екі типі де бірдей маңыздылыққа ие. Иммунитеттің жағдайы өмірдің әр периодында әр түрлі. Күйзелістер, шаршау, дұрыс тамақтанбау, жиіленген салқын тию аурулары – организмнің қорғаныштық күшін азайтады. Мамандар осы жағдайда иммуномодуляторларды тағайындайды, кейбіреулері нақты ауруды емдеуге бағытталса, ал кейбіреулері аурудын алдын алады.
Иммуномодуляторлар- иммундық жүйеге реттеуші әсер ете алатын табиғи немесе синтетикалық заттар. Имундық жүйеге әсер етуі бойынша оларды иммуностимулдеуші және иммуносупрессивті деп бөледі.
Шығу тегі бойынша иммуномодуляторларды 6 негізгі топқа бөледі: микробты, тимикалық, жұлын милы, цитокинді, нуклеин қышқылды және химиялық таза.
Иммуномодуляторларды кешенді терапияда антибиотиктермен, саңырауқұлақтарға, протозойлы, вирустарға қарсы заттармен бір уақытта қолданады. Бұл препараттарды қолданар алдында иммундық статустың деңгейі мен дәрежесін анықтап алып және препараттардың толық қауіпсіздігі мен тиімділігіне көз жеткізуіміз керек.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Б.К. Бегімқұлов «Генетика» Алматы 2000 ж. 156-159 б.
2 .Б.Т. Толысбаев, К.Б.Бияшев, Р.Ж. Мықтыбаева «Ветеринариялық санитарлық микробиология» Алматы 2008 ж.197-200 б.
3. А.Қ. Бұлашев «Иммунология» Астана 1998 ж.49-53 б.
4. www. Google. kz ., www.wikipedia.ru
5.Б.Т. Толысбаев, К.Б.Бияшев «Микробиология және иммунология» Алматы 2008 ж 218-221 б.