Имандылықтың денсаулыққа әсері

Денсаулық — зор байлық. Денсаулық адам өмірінің негізі, тірегі. Денсаулығы нашар адам қоғамға да, отбасына да жайсыз екені белгілі. Денсаулық берген мүмкіндікте ғана адам өз мақсатын жүзеге асыра алады. Дегенмен, әрбір адам өмірінде әдеттегі тіршілікпен өз денсаулығына атүсті қарап, профилактикалық тексеруді кейінге қалдырып, күнделікті маңызды мәселелермен айналысу орын алады. Осы тұрғыда Құран аяттарының денсаулыққа тигізер әсері ерекше. Белгілі бір аяттарды күніне екі мезгіл тыңдаудан адамның көңіл күйі жоғарылайды, есте сақтау кабілеті артып, жаңадан басталып келе жатқан ауруларға қарсы тұру иммунитеті күшейеді. Аяттардың тағы бір маңызы — жүйке жүйесін тыныштандыру арқылы қоршаған адамдармен араласуда тепе-тендік күйге, ал табиғатпен үнемі және екі жаққа тиімді қатынасқа көше бастайды.Туа біткен, тұқым қуалаған және т.с.с. санаулы ауруларды айтпағанда, адам ағзалары оның сезініп, ұғынған ұстанымдарының нәтижесі немесе оның өмір алқабының жемісі іспетті. Ауруға әкелетін басты шарттардың бірі жұмыс орнында немесе отбасында қалыптасатын психологиялық дискомфорт. Бұл шарт адамның денсаулығына деген тиянақтылығын төмендетіп,ауруға бейімділігін арттырады. Осындай көңіл күйдегі адамның жұқпалы ауруларға қарсы тұру иммунитеті азайып, кеселге ұшырауы мүмкін. Қасиетті кітапты басшылыққа алған адам өзінің өмірлік ұстанымдарымен, салиқалы, сындарлы мінезімен жұмыс орнындағы, отбасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу немесе одан шығу жолдарын терең меңгереді, орны толмас өкінішке әкелетін жайттардан алыс болып, жан-жағына мейірімділік таратады.Қоршаған ортаның денсаулыққа әсері бірер сағатқа созылған шаршампаздық симптомдарынан басталып, катерлі ауруға дейін әкеліп соғуы мүмкін. Ал қасиетті кітап сүрелері қоршаған ортада адамның қонақ екенін санаға сіңіру арқылы ортамен байланысты қалыптастырып, қоршаған ортаның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.Күн сәулесі, қар мен жауын, жел, т.б. қоршаған ортаның тікелей әсерінен қорғайтын бірден-бір тәсіл киген киімнің табиғи құбылыстарға сәйкестігі. Жалпы қай дінде болмасын, әйел адамдардың киім үлгісі ұқсас. Өзінің алдындағы діндерді жоққа шығармайтын халқымыздың діні әйел адам организміндегі ерекшеліктерді есепке ала отырып, оны барлық табиғи құбылыста қорғайтын киім үлгісін негіздеді. Әйел затының терісіне сырт көзге ақпарат түсетіні ғылыми делелденген факт. Үйлесімді тамақтану тұрғысында қасиетті кітапта тағамды шүкіршілікпен қабылдау ғибрат етіледі. Ризашылықпен зарядталған тағамның құрамы адам ағзаларын да ризашылыққа бөлейтіні белгілі. Ал, үнемі басыңқы кеңілде қабылданған тағам ауру әкелетіні және тою сезімін топастандырып, тамақтың дәмін жоятыны белгілі. Ислам дінінде қарынды толтыра тамақ жеуден сақтандыру орын алған. Сенімдегілер үшін қарынның үштен бір бөлігі ғана тамакқа, бір бөлігі су, қалғаны ауаға арналған. Бұл тағамның қорытылуын жеңілдетіп, тоя тамақтанудан пайда болатын жалқаулықтан сақтандырады. Көп тамақтану денені салбыратып, тез картаюға, тамақ қалдықтарынан ағзалардың тазаруын қиындатып, көптеген ауруларға әкелетіні белгілі. Мұны кешкі мерзімде сыралатып, темекі түтінімен өмірін қысқартумен айналысатын жастар есте ұстауы тиіс.Көп ұйықтау адамның санасын бұлыңғырлап, ағзаның әлсізденуіне, сол арқылы ауруға ұшырауына әкеледі. Сонымен қатар, көп ұйықтаудан денені делсалдық билеп, адам жаман ойларға беріледі. Жүйкенің жұқарып, жүйке ауруларына әкелуіне аз ұйықтаумен қатар, жоғарыда айтып кеткен шүкірліктің болмауы, көрсеқызарлық пен астамшылық та себеп болады. Іштен жегідей жеген құрттай бұл мінездер адамды ауру етіп тынады. Қасиетті дініміз мұндай себептердің алдын алатын ұждан тербиелейді.Нөпсіқұмарлықтың салдарынан қоғамның калыптасқан негізі жойылып, ақ пен қараның арасы араласып кетеді. Нәпсіқұмарлықтың адам денсаулығына әсерінен отбасы ажырасып, ер адамдар жалғыздыққа, әйелдер салқындыққа ұшырауы мүмкін. Қоғамдағы теңсіздікті, әділетсіздікті туындататын басты себепкер нәпсіқұмарлық пен зиянды әдеттерге үйірсектеуді сенімсіз тізгіндеу өте қиын.

Қорытынды

            Дерттердің көпшілігі қант диабеті, қан қысымы жоғарлауы, жүрек аурулары, тіс ауруы, қатерлі ісік, ми соқпасы (инсульт және толып кету) (семіру) дұрыс және жүйелі түрде тамақтандырудан пайда болады. Теңестірілмеген тағамдарды ішуден неше түрлі ауруларды өзіне таратып алуың мүмкін.

1. Тиімді тамақтану ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының зиянды әсеріне қарсы тұрарылқ қасиетін дамытатын маңызды тәсілдердің бірі.

2. Теңестірілген тағамдардың ролі.

3. Тағам мөлшерінде (рационында, қалаулы өнімдерде қант,

ас түзы және «майлар өте аз болуы керек. 4 мектепте болсын, жоғары оқу орындарында оқыған кезде жақсы оқуға дем

беретін тағамдар ішу керек.

4. Ішетін тамақ жас ерекшелігіне, профессияға, істейтін жү-мыстың категорияларына қарай сөйкестелінуі тиіс. Сонда ғана денсаулық зор байлыққа айналады.