Ғылыми-техникалық қызметтiң жай-күйi мен оны iске асырудың тетiктерi

Инновациялық даму елдiң ғылыми-техникалық әлеуетiмен ажырағысыз байланысты. Экономиканың дамудың инновациялық жолына көшуi жағдайында ғылыми әзiрлемелердi коммерциялау процестерiн үйлестiру және ынталандыру жөніндегі мемлекеттiң рөлi өседi.

Ғылыми-техникалық әлеуеттің жай-күйi бiрiншi кезекте ғылымды қаржыландыру деңгейiмен, оның материалдық-техникалық жағдайымен, алынған нәтижелердiң тиiмділiгiмен айқындалады. Соңғы жылдары Қазақстанда ғылымды мемлекеттiк қаржыландыру деңгейi өсiп келедi: ЖIӨ-ге 2002 жылы — 0,13%, 2003 жылы — 0,14%, 2004 жылы — 0,16% . Бiрақ, ол бұған қарамастан әлемнiң дамыған елдерiмен салыстырғанда жоғары емес күйде қалып отыр.

Төменде ғылымды жылдар бойынша бюджеттiк қаржыландырудың деректерi келтiрiлген:

2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. 2003 ж. 2004ж.
Қаржылан-
дыру
мөлшері,
теңге
2104314 3653177 4332136 6022384 8141116
ЖIӨ-ге % 0,08 0,1 0,13 0,14 0,16

 

Қаражаттың көп бөлiгі (90%-дан астамы) ғылыми-технологиялық жұмыстарды жүргізуге бағытталған.

2003 жылы мемлекет ғылыми-зерттеу жұмыстарының 88,7% қаржыландырды.

Кейiндеп қалған материалдық базаға қарамастан Қазақстан ғалымдары өнеркәсiптің — көптеген салалары үшiн бәсекелi технологиялық әзiрлемелерге ие. — тау-кен-металлургиялық кешен, химия және мұнай химиясы, биотехнологияның ядролық және әртүрлi салаларға және басқаларына арналған ғарыштық технологиялар саласындағы.

Бұдан басқа, БҰҰ-ның 1995 жылы коммерцияландыру ғылымды бойынша өткiзілген миссиясына сәйкес академиялық институттарының технологияларын iрiктеп сараптамада қазақстандық ғалымдардың 23 әзiрлемесi әлемдiк деңгейде танылғандығын атап өту қажет. Соңғы жылдары халықаралық бағдарламалар шеңберiнде республиканың ғалымдары өз зерттеулерiн қаржыландыруға гранттар ұтып алуда.

Қазiргi уақытта, өзiнiң коммерциялық қолданысын табуға инновациялық әзiрлемелердi және шығармашылық идеялардың аз үлесi ғана ие болады.

Проблема, бүгiнгi күнi елде iс жүзiнде тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк база мен жобалық-конструкторлық институттар бұзылуында және ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн экономиканың нақты секторына енгiзудiң тиiмдi тетiгінiң болмауында болып тұр.

Ғылымның институционалдық құрылымында соңғы жылдары болып жатқан қайта құрулар ғылыми-зерттеу институттарының меншiк нысандарындағы өзгерiстерге қарамастан жалпы алғанда инновациялық дамудың талаптарына жауап бермейдi. Ғылымда түпкілiктi нәтижеге өндiрiске жаңа өнiмдердi енгiзуге, жаңа коммерциялық тиiмдi технологияларды енгізуге әлсiз бағдар сақталып отыр.

Бiрқатар салалық ұйымдар өзiндiк мәртебесi бойынша ғылыми болып қағаз жүзiнде қала отырып, iс жүзiнде зерттеушілiк қызметтi жиып қойды және тек шаруашылық құрылымға айналды.

Инновациялық дамудың көзқарасы тұрғысынан қаражатты тиiмдi пайдалану, нақты айтсақ ғылыми әзiрлеменiң жылдамдығын нарықтық өнiмге дейiн жеткiзу оны коммерциялау ең бiрiншi маңызға ие. Сондықтан осы бағдарлама негізiнен қолданбалы ғылыми-технологиялық зерттеулерді дамытуға, қолдауға және ынталандыруға бағдарланған болады.

Қазiргі кезде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігі ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілеттi орган болып табылады. Бұл министрлiктен өзге ғылыми-техникалық қызметпен салалық министрлiктер де айналысады.

Уәкiлеттi органның функциясына бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми зерттеулердiң барлығына дерлiгіне тәуелсiз ғылыми-техникалық сараптама жүргiзудi ұйымдастыру кiредi.

Сараптау кезінде бағдарламаның ғылыми негізділігі, ғылыми ұжымның оңтайлы мөлшерi мен құрамы, зерттеулердiң бас ұйымы жобалауының негізінде мақсаттарға жетудің нақтылығы, орындасушы ұйымдарды тарту қажеттілігі және тағы басқалар тексеру мен бағалауға түседі.

Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, осының шеңберінде ғылыми ұйымдар ҒЗТКЖ жүргізуге мемлекеттік тапсырыс алатын ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру арқылы заңнамалық бекітілген бағдарламалық-мақсаттағы қағидаттар негізінде жүзеге асырылады.

Ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру ұсынылатын бағдарламалар мен ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық тәуелсiз сараптама мiндеттi жүргізіле отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Қазiргi заманғы кезеңде бағдарламалық-мақсаттық әдiс шеңберiнде мынадай ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру мен iске асыру жүзеге асырылады:

табиғи және әлеуметтiк жүйелер туралы қағидаттық жаңа бiлiмдердi және экономиканың жүйелiк қайта құрылуының, қоғамның, мәдениеттiң және ғылымның өзiнiң тұрақты дамуының ғылыми негіздерiн әзiрлеудi алу мақсаты бар ғылымның және ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарының сол шектеулi саны бойынша iргелiк зерттеулер;

— өнеркәсiптiк-технологиялық және әлеуметтiк экономикалық дамудың бас басымдықтарында ғылыми-техникалық әлеуеттi шоғырландыруға қабілеттi мемлекеттiк ғылыми-технологиялық саясатты iске асырудың маңызды құралы ретiндегi республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар;

— ғылыми-техникалық қызметтiң нақты және кешендiк-салааралық бағыттарын, қолданбалы және ендiрмелi зерттеулер мен әзiрлемелердi, өңiр үшiн басым ғылыми зерттеу бағдарламаларды бiлдiретiн қолданбалы (салалық, салааралық және өңiрлік ғылыми-техникалық) бағдарламалар;

— айқындалған басым бағыттар шеңберiнде «тәуекелдiк» пен перспективалық iргелiк және қолданбалы зерттеулердi ынталандыру және өңiрлердегі ғылыми зерттеулердi дамытуға ықпал ету мақсаты бар Ғылым қорының жобалары.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрi — ЖҒТК) мақұлдаған iргелiк ғылыми зерттеулердiң 5 басым бағыттары айқындалған.

Басым бағыттар шеңберiнде iргелiк және қолданбалы ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын iске асыруды ғылыми және ғылыми-өндiрiстік орталықтар мен Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң басқа да ғылыми ұйымдары, бағдарламаның басқа әкiмшiлерi жүзеге асырады. Орталықтардың қызметi, ғылыми бағыттардың үйлестірушiлерi ретiнде ғылыми ұйымдарды жетелейтiн әлеуеттерді сақтауға және одан әрi дамытуға, пәнаралық өзара әрекеттi, материалдық және кадрлық резервтi шоғырландыруға, ғылымның өндiрiспен және біліммен ықпалдасуын жүзеге асыруға бағдарланған.

Бұл ретте Ұлттық ғылыми орталықтар қолданбалы зерттеулердiң басым бағдарламаларын іске асыру жөніндегі бас ұйымдар болып айқындалған. Оның жекелей алғанда Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Ұлттық ядролық орталығы, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Радиоэлектроника және байланыстар жөнiндегi, минералдық шикiзатты кешендiк қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталықтары.

Сонымен қатар ұлттық ғылыми орталықтар үшін «бас ұйымдар» мәртебесi заңды түрде бекiтiлмеген, ел экономикасының қажеттілігіне  сүйене отырып, ғылыми бағыттарды үйлестiру бойынша оларға жүктелген функциялар толық көлемде iске асырылған емес.

Ғылыми зерттеулердiң жоғарыда аталған бағдарламаларын орындауға ғылыми-зерттеу институттарымен қатар көптеген жоғары оқу орындары да қатысуда. Бұл ретте iргелiк және қолданбалы бағдарламаларды iске асырудағы жоғары оқу орындардың үлесi орта есеппен тиiсiнше 12 — 20%-ды құрайды.

Одақтас мемлекеттiң орталықтандырылған жоспарлық жүйесi жағдайында республиканың ғылыми-техникалық кешенi жекелеген және едәуiр тар ғылыми проблемаларды шешуге бағдарланды. Iрi ғылыми зерттеулер, әзiрлемелер және ғылыми мектептер Ресей Федерациясында, Украинада және Беларуссияда басымдықпен шоғырланды. Дегенмен, республикада катализ, органикалық синтез, микробиология, металлургия саласында әлемдiк деңгейдегі күшті ғылыми мектептер қалыптасты.

Қазақстанның тәуелсіздiк алғаннан кейiнгі алғашқы жылдары қабылданған ғылыми-зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландырудың бағдарламалық-мақсаттық әдiсi елдiң ғылыми әлеуетiн сақтауға және оны ғылымның мүлде жаңа бағыттарына сәйкес келетiн ғылыми зерттеулердi орындауға бағыттауға мүмкiндiк бердi.

Соған қарамастан, мемлекеттiк тапсырыс нысанындағы қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру ел дамуының қазіргі заманғы кезеңiнде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру шеңберiнде алға қойылған мiндеттердi толық түрде жүзеге асыруға және ашық ұлттық инновациялық жүйенi құруға мүмкiндiк бермейдi. Қаржыландыруды гранттар нысанында емес мемлекеттiк тапсырыс нысанында бөлу зерттеушiлер үшiн iшкi ынталар жасамайды және жартылай заңды енгiзу компанияларын туындатады.

Бұдан өзге, iргелiк ғылымға негізiнен Білiм және ғылым министрлігі, ал қолданбалы ғылымға министрлiктердiң тиiстi салалары жетекшілiк ететiнiне байланысты республикада елдегi барлық ғылыми зерттеулердi үйлестiретiн бiрыңғай органның жоқ екенiн атап кету керек. Осыған байланысты инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту жөнiндегi уәкілеттi орган ретiнде Индустрия және сауда министрлігі салалық органдармен бiрлесiп өткiзiлген және өткiзілетiн, оның iшiнде ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберiнде орындалғандардың инновациялылығының және экономиканың нақты секторында сұранысқа иелілiгiнiң, сондай-ақ бiрнеше бағдарламалар шеңберiнде зерттеулердi қаржыландырудың қолда бар тәжiрибелерiн алып тастау мақсатында қолданбалы зерттеулердiң талдауын жүргізедi және тиiмділігiн айқындайды.