Гуссерльдің иррационализмге жуық феноменология деген ілімі адамның сана-сезіміндегі қалыптасқан құрылымдарды зерттеген. Алдымен феноменологияны «таза ғылым» есебінде көруге әрекеттенген Гуссерль құрылымдардың тәжірибе мен сынаққа жатпайтынын жоспарлап, оларды логика және математиканың ұғымдарына жақындатқысы келді. Кейіннен Гуссерль ғылым жолынан иррационализмге бүтіндей ауып, құбылыстарды «өмір әлеміне» көшіріп, оларды теориялық және практикалық қызметттің негізі деп санады.
Идеализмнің біздің заманымыздағы етек жайған бөлігі – дін философиясы. Батыс елдерінде ол алдымен неотомизм, яғни Ватиканның философиясында кеңінен қолданылып отыр. Өкілдері Францияда тұратын Э. Жильсон мен Ж. Маритен т.б. Ал неотомистер болса, олар Батыс Европа мемлекеттерінде жиі кездеседі. әулие Фома академиясының философия институтында, католиктік институттар мен университеттерде неотомизм философиясы үнемі насихатталып отырады. Сондай-ақ оның идеологиялық ықпалын кітап, газет-журналдардан да айқын аңғаруға болады.
Өзінің концепциясы жағынан неотомизм материализмге де, субъективтік идеализмге де қарсы шыққан объективтік идеалистік ағым. Ол қарама-қарсы ғылым мен діни нанымды, сенім мен парасатты біріктіргісі келеді. Сонымен бірге ол нұрлану мен тәжірибенің , сынақтың аңдаушылық пен нақты істің, жекелік пен жалпылықтың қосылуын көздейді. Ол үшін құдайға сенушілікті толық мойындап, теология негіздерін ғылыми тілге аударуды ұсынып, сол салада көп әрекеттенуде. Біздің әлем ол түсінік бойынша құдай жаратқан көптеген бөлшектер мен қабаттардан тұрған секілді. Неотомизмнің философиялық негізінде Фома Аквинский өзгерткен Аристотельдің әлем бейнесі жатыр.
Бұл философияның таным теориясының астарында метафизикалық әдіс (яғни «бірінші философия») жатыр. Оның бастамасы – таза болмыс, оның ажырамайтын қасиеттері бірлік, ақиқат, игілік және әсемдік. Осы қасиеттердің арқасында құдайдың таза болмысын тануға болады. Неотомизм, аналогия бойынша, жергілікті нәрселер мен заттарды, құбылыстарды салыстыра отырып, құдайдың нұрлануын көруге болады деп үйретеді.
Неотмизмнің болмыс туралы ілімі онтологиясында құдайдың атқаратын қызметі зор. Табиғат концепциясында накты іске асқанмен келешекте іске асу ұғымдары да жатывр. Әр нәрсе, зат, құбылыс мүмкүндік күйінде болса, жаратқан тәңірі сол мүмкіндіктерді шындыққа айналдырып, заттар мен құбылыстардың пайда болуына жол ашады.
Қазіргі кезде Шығыста неотомизмнің орнына ислам дінінің, оның философиясының орны ерекше. Мұсылман философиясының ХХ ғасырға дейін сақталған иррационализмді қолдайтын бағыты – суфизм. Ол алдымен бір жағынан исламға қарсы шыққанда, екінші жағынан шығыс аристотелизмімен де келіспеген. Суфизм мистикалық, сана – сезімге сенбейтін бағыт. Ертеден келе жатқан хал ілімінде адам бірден нұрлану нәтижесінде құдайға жол ашуы мүмкін. Ғазалидің күшімен суфизм ислам өкілдерінен бата алған, бірақ осы уақытқа дейін көптеген дін әуесқойлары мұны таза мұсылмандық емес деп ол ілімге қарсы шығып отырған. Хал жүйесі сияқты біздің кезімізге дейін Сухравардидің ишрақ ( мистикалық нұрлану ), Хамаданидің вахдат аль вуджвуд ( болмыс бірлігі ) деген ілімдері сақталды.
Суфизмнен басқа идеализмге жататын ваххабизм бағыты сақталып келе жатыр. Оның өкілдері Абд әл-Ваххаб, Ибн Сауд т.б. дін философиясының түрін өзгерту, формаға салу керек деп, исламда тарихи бұрмалау мен қатеден арылтып, ілгерідегі оның таза түріне қайтарып, ежелгі Медина кезіндегі күйге алып келу қажеттілігін жариялады.
Біздің заманымызда реформаторлық бағыттан басқа панисламизм, ұлтшыл буржуазия мен мұсылман иелерінің мүддесін қорғаған реакцияшыл ағым, әсіресе фундаментализм басым болды.
Қазіргі кезде жер шарының едәуір бөлігінде әлемдегі кеңінен тараған діңнің бірі – ислам діні идеологияның жетекші формасына айналып отыр.
ХХ ғасырдағы философияның ішіндегі ғылым мен техниканың өрістеуіне жақындау бағыттардың ең алдынғы қатардағысы – неопозитивизм. Ол жаңа позитивизм аталып, бұрынғы позитивистік философияның негіздерін ашып, оны жалғастырып, логика, математика және білімді формаландыру арқасында ғалымдардың алдында үлкен абыройға ие болып, жалпы рухани өмірге зор әсер етті. Бұл ілім эмпириялық негіздер мен теориялық аппараттың қарым-қатынасын қарастырып, білімнің математикалық және формальдық жақтарын зерттеп, ғылым тілін логикалық талдау арқылы біраз жетістіктерге де жетті.
Неопозитивизм басынан-ақ философияға қарсы шығып, оны ғылым ретінде қажетсіз деп дәлелдеуге тырысты. Сондай-ақ ол «метафизика» ережелеріне де қарсы шығып, философия қағидаларының, әсіресе оның негізгі мәселесінің мағынасыз екендігін дәлелдеген болатын. Ал философияның негізгі мәселесін – адам ойлауының болмысқа қатынасын – ол дөрекі, жалған мәселе деп қарайды. Ілгеріден келе жатқан Дж. Беркли мен Д. Юмнан шыққан субъективизм мен феноменализм бағыттарын жалғастыра отырып, неопозитивизм, дегенмен жаңа күрделі мәселелерді қойды.
Вена үйірмесінен тараған логикалық позитивизм (Р. Карнап, О.Нейрат, т.б.) конвенционализм ілімін алға шығарды. Олар ғылыми философия тек ғылыми тілдің құрылымы мен құрылысын ғана зерттеуі тиіс деді. Логикалық позитивистер «тұтас (бөлінбейтін) ғылымды» іздестіру жолында оның іргетасы етіп «тікелей берілгендік» деген ұғымды алды. Ал бұл ұғымды эмпиризм болып аталды. Оның негізін қалаушылар АҚШ – қа көшіп кетті де, ол жерде позитивизм концепциясына кейбір өзгерістер енгізді. Мысалы, бұрынғы «базис тілі» орнына енді «нәрсе тілі» деген пайда болды, яғни адамның іштей сезіну тілінің орнына сырттай физикалық құбылыстарды зерттейтін тіл орнықты. Верификация ( әрбір ғылыми сөйлемді эмпириялық жолмен тексеру кішірейтілді. Логикалық эмпиризм теориялық түсініктердің мағынасын жете түсіндіре алмағандықтан, күшін жоғалта бастап, өз орнын ығысып позитивизмнің басқа түрлеріне беруге мәжбүр болды.
Логикалық позитивизмге қосылып, оның идеаларын әрі қарай дамытқандар қатарына америка философиясында Ч. Моррис, П. Бриджмен, Львов – Варшава логика мектебінде А.Тарский, К. Айдукевич т.б. жатады. Бірақ позитивизм ішіндегі логикалық позитивизм мен эмпиризм әлсіреп қалғаннан кейін олардың орнына лингвистикалық философия келді.
Эмпиризмнің орнына келген философияның шын аты – күнделікті тілдің философиясы, яғни лингвистикалық талдаудың философиясы. Ол да басқа позитивизм түрлері сияқты, философия тек қана ғылым ішінде болу керек, ал оның дүние-танымға қатынасы жоқ деп есептейді. Бірақ бұл бағыттың ерекшелігі ол тілді ғылым тіліне жақындатудың орнына адамның қарапайым, күнделікті табиғи тілін зерттеуіміздің керек болғандығын дәлелдейді. Сол жолмен ғылым көп қателіктерден арылып, ақиқат объектілерді қарастырып кетеді деп санайды. Жай, әдеттегі тілдің сөйлемдерін дұрыс пайдалана алмағандықтан жалған ойлар туады, сондықтан күнделікті тілді «тазартып», соның арқасында мағынасыз сөйлемнен арылуға болады дейді.
Неопозитивизмнің осы түрлеріне АҚШ – та пайда болып, өрістеген лингвистикалық философияға жақын логикалық прагматизм мектебі болды. (У. Куайн т.б.) Олар да логикалық позитивизм мен эмпиризмді философияның қадірін түсіргені үшін сынап, өздері көбінесе әлеуметтік философияға жақындай түсті. Біртіндеп ғалымдар арасында неопозитивизмнің абыройы жоғала бастады. Оған себеп болған нәрсе — өмір үшін өте маңызды әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді қарамағаны, логика, математика және форма жақтарын асыра дәріптеп, зерттеген заттардың мәнді жақтарын ұмытқаны, философиядан дүниетану, көзқарас функциясын алыр тастап, одан шеттету, философияның әлеуметтік маңызын кеміту. Кейінгі позитивистік ағымдар бұл аттан жалпы қашып, айрылғысы келді. Неопозитивизмнің қазіргі кезде атының жоғалуына марксизм-ленинизм өкілдерінің де қосқан үлесі мол. Осылардың сынының арқасында неопозитивизмнің нашар, босаң жерлері байқалып қалды. Философия пәні – ғылым тілін логикалық талдау дей отырып, неопозитивистер таным процесіндегі формальдық логиканың ролін асыра дәріптеді.
Неопозитивизмнің кейінгі және көрнекті өкілі К. Поппер ғылыми – техникалық ойдың өрістеуін ің нәтижесінде зат пен сана-сезімнене басқа «үшінші» әлем пайда болады деген қорытынды жасады. Оған ойлаудың объективтік мазмұны, теориялық жүйелер, кітаптардың, журналдық мақалалардың танымдық мәні жатады дейді.
Поппер білімнің өрістеуін жануарлардың табиғи сұрыпталуымен салыстырады, себебі ол үшін биологиялық сұрыпталу мен білімнің өсуінің арасында айырмашылық жоқ. Оның айтуы бойынша, Эйнштейнге дейінгі білімнің өсуі бір жолмен келеді: ол жолдың мазмұны – проблемалар, байқау және болжау, қателерді түзеу, маңызды сынау жағының көбеюі, сонан кейін сөйлемдердің шындығының артуы. Биология мен философияны қатар қойғаннан кейін Поппердің таным теориясы дағдарысқа ұшырап, жалпы позитивизмнің күйреуіне әкеліп соқты. Поппер өз өмірінде неопозитивизмге қарсы болды. Сонымен бұл ағым өзінің эволюциясын аяқтады.
Неопозитивизм, бір жағынан қазіргі ғылыми білімнің дамуына барабар философиялық көзқарас бола алмады, екінші жағынан, ол жалпы матерализмге қарсы шыққанымен сана – сезімнің қатынасын дұрыс түсінбей, оны психикалық және физикалық өлшемдердің қосылуы деп, таза дуалимз позициясына көшті.
ХХ ғасырда неопозитивизмнің барлық түріне қарсы шыққан, зерттеудің басты объектісі етіп адам мәселесін қойған бағыт көп. Солардың ішінде осы проблеманы ең алғаш қозғаған – персонализм. Оның өкілдері (Н. Бердяев, Э. Мунье, Р. Флюэллинг) адамды ең жоғары рухани байлық деп есептеп, ал ең жоғарғы адам ретінде құдайды (жаратқан тәңіріні) қабылдаған.
Осы қағида бірден дін философиясына жақындап, оның идеалистік жағын күшейте түседі. Идеалистік пікір таластыру негізінде бұл ағым классикалық философиядағы субъектінің орнына жеке адамды қояды, сондықтан персонализм үшін әлем көптеген адамдардан, сана-сезімдерден, еріктерден тұрады.
Ресейдегі персоналистер (Бердяев, Шестов, Лосский) жеке адамды тарихтағы жалғыз субъект ретінде қарап, оның мәдениет иесі, оны сақтаушы деп есептеп, бұқараға, халыққа қарсы қойған. Осыдан «бұқара мәдениеті» мен «бұқара қоғамы» теориялары туады. Адам мен жеке адамның арасына айырмашылық жүргізіледі. Өйткені, адам не руға, тайпаға, не қоғамға жатады, ал жеке адам ешқандай қоғамға кірмейді, өзінің «мен» деген жағдайын сақтайды. Сондықтан, персонализмнің негізінде жатқан ерік ілімі бойынша адамның бостандық принципі келіп шығады.
Америкада пайда болып, өріс алған, адамды ерекше зерттейтін философия – прагматизм. Негізін салған американдық филосософ, логик Пирс Чарлз Сандерс. Бұрыңғы философияның бәрі қате деп, Ч. Пирс, У. Джемс оны жаңарту керек екенін айтып, философия ойлаудан іске, әрекетке көшу қажет деді. Сондықтан философия бұрынғыдай, Аристотель заманынан келе жатқан болмыс пен танымның негіздерін зерттеу міндетін қойып, енді жаңа күшпен адам өміріне байланысты проблемаларды шешетін әдіске айналуы керек. Философияның жаңа түсінігі – оны өмірден алыстатпай, жер бетіндегі жағдайларды дұрыстап бейнелеп, ойдағыдай шешімге алып келуге тиіс.
Осы себептен прагматистер, өз философиясын істің құралы, жол көрсеткіші, мақсатқа жеткізетін негізгі амал мен тәсіл деп түсінген. Бұған дейін ойлау процесі әлеуметтік жағдайларға ешқашан жақындатылған жоқ еді. Ал прагматизм бұларды бір-біріне жақындатты. Прагматиктер Ч. Дарвин ашқан табиғи сұрыптаудың принциптерін қоғам өміріне қолданып, ойлауды басты функцияларын көрсетіп юерді. Оларға күмәнді жеңу, мақсатқа жететін әдістерді табу. «проблемалық ситуацияларды» шешу мәселелерін жатқызады. Сондықтан идеялар, ұғымдар және теориялар тек қана әрекеттің амалы, құралы, тәсілі ретінде түсіндіріледі. Олардың мәні практикалық нәтижелерде жатқаны атап көрсетілді. Ақиқат деген ұғым пайдалы табыспен теңестірілді, сөйтіп оның мазмұны өзгерді. Ал филасофияны айтарлық табысқа алып келетін жолмен салыстырды. Прагматизмдегі ақиқат теориясы Америкада зор сеніммен әрі үмітпен қабылданады.
ХХ ғасырдағы философияның ішінде адам туралы мәселелермен ең көп шұғылданған ағым – экзистенциализм. Негізін салған дат философы Серен Кьефкегор. Оны тіршілік философиясы деп те атайды. Бұл философиялық бағыт Россияда бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін пайда болды (Шестов пен Бердяев), екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Германияда (М.Хайдеггер мен К.Ясперс), Францияда (Ж.П.Сартр мен Г. Марсель және А. Камю) дамыған. 1940-1950 жылдары Еуропаның басқа елдеріне, 1960 ж. АҚШ-қа тараған (У.Баррет). Рационалды ойлаудың кемшілігі обьекті мен субьектіні қарама-қарсы қою принципіне сүйенген, ал экзистенциализм бүкіл дүниен, тіпті адамның өзін тек зерттеу обьектісі түрінде ғана қарайды. Болмыс субьекті мен обьектінің тура бөлінбейтін, тұтас түрінде қабылданады. Сондықтан болмыс адамның тікелей өмір сүруі (экзистенция) ретінде түсініліп, оны не ғылыми, не райионалдық философиялық құралдарымен тануға болмайтынын айтады.
Экзистенцияны, өмір сүруді түсіндіру үші Хайдеггер, Сартр, Мерло-Понти сана-сезімінің құрылымында интенциялық (басқа затқа бағыттылық) болатынын ашып, неміс философы Гуссерльдің феноменологиялық әдісін пайдаланған. Сонда тіршіліктің өзін ашық деп, оның басқаға бағытталғаның көрсеткен. Ал басқаға бағытталғандық «ешбір» дегенге келіп саяды. Сол «ешбірге» бара жатқан интенция адам тіршілігінің модустарынан (қамқорлық, қорқыныш, батылдық, ұят т.б) өтеді. Бұл модустар «ешбірмен» жақындасу немесе одан қашу жолындағы белгілер осы жерде «шекаралық уақиға», немесе шекаралық щытырман жағдай туады, сонымен адам өзінің экзистенциясын негізгі ретінде түсінеді.
Индивидуалдық, яғни жеке бастылық өмір сүру уақытша болатын құбылыс, оның арты өлім. Оның уақыты тағдыр, тағдырдың ішіне кіретіндер: туу, өлім, махаббат, торығу, өкіну т.б Сонымен бірге өмір сүруге батылдық, жоспар, үміт, дәме кіреді. Экзистенцияализм уақыттың тарихпен және адаммен байланысын, оның өмірін сүруін, ізденушілігімен, қарекетімен, үмітімен астастыра қарайды. Өмір сүру барысында кісі өзін-өзіі іздену жолымен табады. Ол үшін «шекаралық жағдайға» түсіп, өзінің жоспары мен үмітін айқындап, қиналыс кешеді.
Экзистенцияның ендігі бір маңызды белгісі – трансценділік, яғни әрекеті өзінің сыртына шығып кету қасиеті. Осыған орай экзистенциализм діни және атеитік болып екіге бөлінеді. Діни экзистенциализмде бұл жол құдайға апарады, ал атеистік бағытта трансценденция дегеніміз тіршіліктің ақыры. Осы жерде экзистенциализм рационализм мен гуманизмге қарсы шығады, себебі бостандық бір жағынан қажеттілікті тану емес, екінші жағынан, адамның табиғи талаптарын ашу емес.
Бостандық — өмір сүрудің өзі, экзистенция дегеніміз бостандық. Болмыс дегенді жалпылама қарап білу мүмкін емес. Экзистенция тек жеке адамның, нақтылы өз басының болмысы ғана деп білінеді. Адамның еркі дегеніміз өмір сүру философиясына алып келеді, себебі жеке адам ешбір табиғи немесе әлеуметтік қажеттіліктен тәуелсіз болып, әркім өзін-өзі қалыптастыруға тиіс деп түсіндіреді.
Бостандық, жеке адамның еркі туралы мәселе тек этикалық тұрғыда түсіндіріліп, оның әлеуметтік жағы есепке алынбайды. Экзистенциализм ұғымдары ғылыми- техникалық дамуға қарс, олар өмірлік пен әсемдік жағдайларына жақын. Сондықтан бұл бағыт қазіргі кезде өнер мен әдебиет арқылы батыстағы буржуазия интеллигенциясының санасына, көңіл-күйіне үлкен ықпал етуде.
Сонымен осы ағым кейінгі кезде буржуазия қоғамының қайшылықтары мен кемшіліктерін ашып берсе де, ол ауыр жағдайданқалай шығатының көрсете алмады. ХХ ғасырдың күрделі өзгерістеріне бұл ағым төтеп бере алмай, өзінің дағдарысқа ұшырағанын пайқын көрсетті.
Адам проблемасын ХХ ғасырда ерекше етіп қойған христиан эволюционизмінің негізін салушы Тейяр де Шарден. Ол дін философиясының ескі түріне қарсы шығып, Христос іліміне өрістеу теориясын қолданғысы келді. Сонымен адамды құдай жаратқан жоқ, ол мыңдаған жылдар бойы келе жатқан эволюцияның, органикалық дүниенің нәтижесі деп түсінді. Бұл өрістеудің үш сатысы болған: «өмірге дейін» (литосфера), «өмір» (биосфера), «адам феномені» (ноосфера).
Өзінің позициясына «монизм» деген атақ беріп, Тейяр материализмге, дуализмге, спиритуализмге қарсы шықты, материя мен сананы біріктіруге ұмтылды. Материяны сана-сезімнің «матрицасы» деп жариялап, азайып бар жатқан физикалық «тангенциалдың» қуаттың орнына көбейіп бара жатқан саналық («радиалдық») қуаттың тұрғанын көрсетті. Сана — сезім басы әлемде бар екенін, ол молекула мен атомның өзінде екенін, тірі материяда ол психика түрінде, адамда сан-сезім ретінде болғанын дәлелдеді. Сондықтан өрістеудің қозғаушы күші – ортогенез (мақсаттылық сана), ортогенез адамзатты «омега» жеріне (яғни құдайға) алып келу керек, сонымен космогенезге, христогенезге айналады.
Адамның жаратылуы өрістеудің бітуі емес, ол дүниенің әрі қарай дамуна жол ашатын жағдай. өмір сүріп жатқан дүниеміз өте тар, кемелсіз. Оны жақсатру үшін адамдар өздерінің азаптарынан, қайғы – қасіреттерінен арылып, Христосқа ұқсап жапа шегу керек. Тек қана осы жолмен адамзат кемелдікке жетеді, сана –сезімі өсуі арқасында адам жеке болуға тырысады, ал ол жеке адамдардың ауыз бірлігі болса, сонда ғана олар «жекеліктен» әлеуметтікке көшіп, қоғамдық болып шығады.
Тейярдың әлеуметтік көзқарасы кертартпа ілім. Жалпы махабббаттың керектігін мойындап, ол адамдардың таза ықыластарын діни құбылысқа алып келіп, «алға» дегенді «жоғарымен» шатастырып, Христостың екінші келуімен сәйкес ілімнің бәрін христологияға аударып жіберген.
Қазіргі уақытта адамның әлемі туралы арнайы ілім – философиялық антропология. Ол Дильтейдің өмір философиясы мен Гуссерльдің феноменологиясы негізінде пайда болған. Оның іргесін қалаушы М. Шеллер адам туралы арнайы үлкен жан-жақты ғылым жүйесін жасау жолында философиялық көзқарастың ішіне органикалық, биоантропологиялық т.б. мәселелер кіру керектігін айтқан. Бұл программа орындалмады, адам туралы жалпы философиялық теория жасалмады, оның орнына ғылыми концепциялар келді. Олардың әрқайсысы адам бейнесінің бір қырын қарастырып соның нәтижесінде өзінше концепциялар жасады. Шеллердің түсінігі бойынша, адам – саналы кісі, таза биологиядан алыстау, ол «заттарды аңдау, пайымдау» арқылы таниды.
Ал шәкірттері оған басқаша қарайды. Г. Плесснердің, түсінігі бойынша, адам бұл дүниеде өзін-өзі жоғалтып, ізденісте жүр, А. Гелен адамда биологиялық жағынан кемшілік көп деді. Сондықтан мәдениеттің әр түрінде өзін көрсеткісі келеді. Ротхаккер мен Ландман да адам мәдениетінің «объективтік рухының» жемісі, өзінің өмірбаянының жемісі, нәтижесі деп шығарды. Адам туралы біртұтас философиялық теория жасалмады, оның орнына аспектілерді қуған оқушылар биологиялық, психологиялық, діни, мәдени бағыттағы концепциялар жасады.
Сондықтан философиялық антропология онтология, таным теориясы, логика, метолология деген пәндердің қасына қосылмады., адамды зерттейтін философиялық пән жасалмады. Бұл бағыттың өкілдері адамды зерттегенде жеке бағыттарды ғана алып, асыра дәріптеп, басқа аспектілерді ұмытып, олармен шұғылданбайтын еді. Осы саладағы теориялық ережелер нашарлығын көрсетті. 1960 -70 ж.ж. ағым ада болып, кейінннен прагматизм, шыңырау психология, структурализм бағыттарымен қосылып жан-жаққа бытырап кетті.
Философия пайда болғаннан бері оның қалыптасуы, дамуы, ерекшелігі мен тағдыры туралы өте көп әңгіме қозғалуда. Біздің ойымызша, философия ерекше ғылым, рухани өндірістің айрықша формасы, себебі ол әлеуметтік сананың жеке түрі. Сондықтан ол нақты ғылымдардан өз білімінің ерекшелігімен, қоғамдық функцияларымен, мәдениет жүйесіндегі атқаратын қызметімен көзге түседі. Философия жеке ғылымдар сияқты жолмен құрыла алмайды. Ал кейінгі кезде философияны осылай құрамыз деп, оны көптеген жеке «пәндерге» тырысу көбейіп кетті. Диалектикалық және тарихи материализм бір – бірінен алшақтап, біртұтас философия жеке пәндерге бытырап, іштей бірліген жоғалта бастады. Қазіргі ғылымда дифференциация процесі жүруде, сондықтан философияда да ондай процесс болуы ықтимал дегенді кейбір мамандар айтатын болды.
Бірақ философия нақты ғылым емес қой. Ол жалпы, жинақтама ғылым. Оны бөлсе, ол өзінің ең басты белгісін: пәнінің бүтіндігін, тұтастығын жоғалтады. Диалектика мен материализмді, диалектикалық және тарихи материализмді бірінен – бірінен айыруға болмайды. Бұл бөліну жағдай алдымен жаратылыстану ғылымдарынан шыққан, ал оны қабылдаған жағдайда философия құрылымында әлеуметтік пен жалпы азаматтық мәселелер қаралмайтын болады. Маркстік философия принциптері сонымен қоғамнан да, адамнан да, алыстай, жаттана бастады. Олар материя мен сана, кеңістік пен уақыт, басқа заттар мен құбылыстарды талдады, ал адам олардың табысында қалып кетті. Сонымен адам болмағаннан кейін жұртшылық тарапынан философияға да назар аудару төмендей бастады. Қазіргі кезде философияың өзегі болып адам тұруы керек, әйтпесе ондай философияға сенім де болмайды, көңіл де бөлінбейді. Ендігі жерде философияның адамнан жаттануын жою қажет, сондықтан келешекте адамсыз философияның болмайтынына сенім мол.
Адамды, оның таным аппаратын, түсіндіру әдістерін беймаркстік философияның ішінде герменевтика (Э.Бэтти, Г.Гадамер, П. Рикер) зерттеген. Олар герменевтиканы алдымен әлеуметтік ғылымдардың әдісі ретінде түсініп, сонан кейін оны мәдениетті, тарихты, болмысты танитын, адамның өмір сүру жағдайларына жақын құбылыстардың мағынасын ашатын әдіспен санады. Бұл бағыт адам мен тілге ортақ мәселелерді қарастырып, тіл философиясының күрделі проблемаларын ашты. Сондықтан Бетти осы ағымды неміс романтизмінің және классикалық идеализмінің дәстүріне қарап тарих пен гуманитарлық ғылымдардың методологиясымен байланыстырды, себебі герменевтика ертеден текстерді (қолжазбаларды) түсіндіретін ілім еді.
Гадамер герменевтиканы болмыс туралы ілім деп дүниеге әкелді. Дәстүрлі алдын-ала «түсінік» болу керек, соның арқасында әрі қарай жылжуға болады. Ал алдыңғы «түсінік » болмаса, онда таным мүлде жоғалады. Бұл дәстүрдің, түсініктіің қозғаушысы тіл болады, себебі оның ішінде жанама куәліктер жатыр. Онсыз таным мүмкін емес. Тану тіл арқыл, оның ішіндегі түсініктер арқылы болады. Субьект сырттағы жағдаймен тікелей араласпай, жанама куәліктерді пайдаланып, тілдің өзіндегі дұрыс таным жолына шығады. Түбінле бұл бағыт Декарттың метафизикасына қарсы шығып, субьектінің орнына тілдің өзін қояды.
П.Рикер феноменологиялық герменевтиканы сынады. Гуссерль мен Гадамердің ілімдерін біріктіріп, оны адам, әлем мен мәдениетті талқылайтын әдіс деп, қоғамдық ғылымдарға көп қолданды, бірақ осы бағыт оны қайтадан құдай ұғымына, болмысын тәңірі жаратады деген түсінікке алып келді.
ХХ ғасырдың беймаркстік философиясында қоғамдық таным методологиясы ретінде структурализм есептелінеді. Бұл бағыт әуелде (К. Леви-Стросс, М. Фуко, Деррида) Францияда пайда болған, кейіннен басқа елдерге де тараған. Бұл бағыттың негізінде структуралық, яғни құрылымдық тәсіл жатыр. Осы тәсіл структуралық лингвистикада пайда болып, сонан кейін әдебиеттануға, этнографияға, басқа гуманитарлық ғылымдарға ықпалын тигізген.
Бұл тәсіл негізінде құрылым ұғымы жатыр. Сондықтан осы әдісті қолданғанда алдымен өзгерісте сақталатын құрылымдық қатынастарды іздейді. Ол обьектінің құрылымын, «қаңқасын» көрсетпей; осы обьектіні құрастыру үшін қажет ережелердің жинағын, бір обьектіден екінші обьектіге көшуін, әрі қарай үшіншіге, сонымен бір топ обьектілердің ортасындағы сақталатын инвариантын тауып, соның ішінде нақтылық түрлерін анықтаумен байланысты болады. Ортаға енді өзгерту операциялары түседі. Сондықтан таным обьектінің элементтерінен, олардың табмғм қасиеттерінен осы элементтердің өзара байланысына, қатынасына көшеді. Дегенмен, құрылымдық тәсіл белгілі жағдайда құңды нәтижелерге жеткізеді.
Постпозитивизм өкілдері неопозитивизм шеше алмаған мәселелермен шұғылданады. Егер неопозитивистер ғылыми білімді статика күйінде қарастырса, онда постпозитивистер оны даму мен өзгерісте қарады. Т. Кун «Ғылыми революциялар» аты кітабында парадигма ұғымын енгізді, содан бері осы түсінік өте көп қолданылуда. Парадигма дегеніміз ғылымдар тобы ұғымдарының, заңдарының, әдістерінің тұрақты жүйесі. Әдеттегі қалыпты ғылым өзінің парадигмасын қолданып, әрі қарай даму барысында логикалық қатал тәртіпке бағынады. Бірақ бір кезде осы парадигмаға сыймайтын фактілер, құбылыстар пайда болады, олар жаңа парадигманы туғызуға душар етеді. Жаңа парадигма ескісімен қарама-қарсы келіп, қайшылыққа түсіп, адамда нұрлану жолымен табылады. Сондықтан жаңа парадигманы табу, жалпы жаңа парадигманы іздеу, Кунның айтуы бойынша, психологиялық феномен; логиканың орнына психология келді. Кун ғылым дамуындағы сабақтастықты жоққа шығарды.
Бұған қарсы шыққан И. Лакатос даму жолының нормалық, ережелік зерттеу идеясын ұсынды. Ғылыми жаңалықты ашу логикасы сондықтан зерттеу жобалардың методологиясы ретінде ішіне негативтік (қорғаныс) және позитивтік (шабуыл) эвристикаларын қамтыған. Осы жағдайда бір жағынан зерттеу жобасының өзегі, екінші жағынан бұл программа сынау жолында жаңа білім ашу үшін өзінің ұғымдарын, туатын қайшылықтарын қарастыру керек. Бірақ Лакатос негізгі өзек пен эвристика ұғымдарын конвенционалдық, шартты жорамал деп тұжырымдаған. Сол түсінігі жалпы бағыттың күшін жойды, себебі енді шарт жолымен ұйымдасқан ұғымдар өздерінің функцияларынан революциялық конвенционализмге тіркеліп барып айырылды.
Постпозитивизмнің қорытындысын П. Фейерабенд шығарды. Теориялық альтернативаны зерттегенде ол ғылыми ойлардың эмпириялық жағынан жалпы сәйкес келмейтінін ашты. Сонда ғылым әрбір ғылымның ақыл-парасатына бағынышты болып, ғылымдықтың жалпы өлшемі болмағандықтан кез келген теориялық идеяны ұсына беруіне болады. Сонымен бұл бағыт эпистемологиялық анархизм деп аталады.
ХХ ғасырдың философиясында диалектикалық материалимге ең жақыны Батыстағы неорационализм немесе қазіргі рационализм болып саналады. Оның өкілдері (Башляр, Гонсет) диалектикалық позицияны қолдап, таным теориясының тарихында үш кезеңді ашқан: «ғылымға дейінгі рух» (нақтылы білім, XVII – XIX ғ.ғ ), «ғылыми рух» («абстрактілі-нақтылы», «дерексіз нақты білім», ХІХ ғ.), 1905 жылдан бастап жаңа «ғылыми рух» («абстрактілі-абстрактілі білім»). Кейінгі ғылыми білім салыстырмалық теориясы мен квант механикасынан тұрады. Эволюционизмге қарсы шыққан неорарционалистер таным жолында қайшылық болғанын мойындады сонымен неопозитивизмге қарсы шықты. Бірақ бұл бағыт «эпистемологиялық үзілу» ұғымының арқасында ескі теория мен жаңа теорияны, абстрактілі мен нақтылыны, рационалдық пен эмпириялық жақтарды бөліп қарап субъективизмге бой ұрды. Осыдан кейін «техникалық» пен «табиғи» шындықтарды қарама-қарсы қойып, ұғымдары өз мазмұнынан айырылап қалды.
Қорытындылай келгенде ХХ ғасырдың философиясы көптеген идея, әдіс, ұғымын ұсынған болса да, оның танымы, көхқарасы диалектикалық материализмнен төмен. Сонымен бірге, бұл ағымдар мен бағыттар қазіргі жартылыстану және басқа ғылымдарға біраз әсерін тигізді.