Дәріс мақсаты:
- Топырақтүзілу факторлары
- Топырақтүзілімдік үрдістер
- Сарытопырақтар және күлгінді сары топырақтар
- Субтропикалық ормандар
- Қара тропикалық топырақтар
- Ауыспалы-ылғалды тропиктер мен субтропиктердің қызыл-торы топырақтары
- Ылғалды экваторлық ормандардың қызыл-сары ферралиттік топырақтары
- Топырақтүзілу факторлары
- Топырақтүзілімдік үрдістер Таулық қоңыр менр-қоңыр топырақтар және альпілік шалғындар мен таулық ормандардың қара топырақтары
Ылғалды-субтропикалық және тропикалық орманды белдеу. Мол ылғалды субтропикалық зонаның қызыл және сары топырақтары. ТМД елдерінің оңтүстік субтропикалық кейбір аудандарында өте аз көлемді алқапта, дәлірек айтсақ, Грузияның батыс — Қара теңіз жағалаулары мен (Аджария мен Абхазияда) Әзірбайжанның оңтүстік-шығыс шетінің Каспий жағалауларының біраз жерлерінде (Ленкорань ойпатында) табиғаттың ерекше кызыл және сары топырақтары кездеседі, көлемі не бары — 0,6 млн гектар.
Күннің жылылығы мен жауын-шашынның мол түсуінен тау жыныстары мейлінше үгіліп, балшықтанып суға қатты шайылған. Мұндағы тастар да «шіріп» кеткен секілді. Тіпті қатты дауалы тау жыныстарын пышақпен кесуге болады. Жыныстардың құрамында фосфор, күкірт, кальций, магний , калий. натрий толық ал кремний тотығы біршама шайылып кеткен топырақ қабатында темір, алюминий, марганец тотықтары мол, олар бүкіл топырақ — тау жыныстарының 50-70% түзеді. Осылар топырақтарға ашық қызғылт түс беретіндіктен, оны қызыл топырақ немесе латериттер деп атайды.
Бұл топырақтар пішіндері төмендегідей:
А1 — 0-2 см ағаштар жапырактарынын калдыктары.
А — 2-25 (35) см сұр қоңыр, төмендеген сайын қызара бастайды, құрылымы кесекті-жанғақты, өсімдіктер тамырлары мол.
В — 80-100 см өзгертілген құба қызыл түсті қабат, терендеген сайын түсі ашық қызылға ауысады, қабатта темір конкрециялары кездеседі, механикалық құрамдары ауыр балшықты, қатты үгілген.
Топырақ ортасының реакциясы қышқыл, рН 4-5,5. Топырақтағы басты негіздер шайылып кеткендіктен, топырақтардын сіңіру көлемі шамалы. 100 г топыраққа не бары 12-15 мг экв.
Қарашірінді құрамында фульво қышқылы басым. Сондықтан мұны фульватты-темірлі топырақ деп те атайды. Бұл аймақ бұрынғы КСРО-ның негізгі субтропикалық дақылдар (шай, лимон, апельсин, мандарин) өсірілетін бірден-бір ауданы.
Өзін-өзі қадағалауға арналған сұрақтар:
1. Сарытопырақтар және күлгінді сары топырақтар түзілу ерекшеліктері
2. Субтропикалық ормандар топырағын сипатта
3. Қара тропикалық топырақтарды сипатта