Гормондар мен гормоналды препараттардың қысқаша тарихы туралы қазақша реферат
Байырғы дәуірден бастап емдік мақсаттармен жануарлардың әр алуан мүшелерін, талшықтарын және бөлінулері пайдаланылған. Бірақ бұл қолданыс бастапқыда діни-мистикалық сипатта болды.
Тек 19 ғасырда физиология саласындағы тамаша жаңалықтардың ашылуынан, ішкі секреция бездерінің ашылуы мен экспериментальды медицинаның пайда болуынан кейін жануарлар тегіндегі дәрілік заттарды қолданудың жаңа дәуірі басталды.
Гиппократ өзі де денсаулықтың «ағзадағы сөлдердің араласуының дұрыстығына» байланысты екенін көрсеткен. Оның пікірі бойынша бұл сөл қан мен шырыштан, және де қара және сары өттен құрылуы қажет.
Сосын, көптеген ғасырлар бойы медицинада мынадай ілім қалыптасқан: аурулардың себептері қан құрамының өзгерісіне байланысты делінген; осыдан – қанды тазартқыш тамшылардың, қан ағызулар және т.б. қолданылады. Бірақ қан айналымының ашылуына қарамастан, қан арқылы мүшелердің өзара әсері туралы мәселесі көлеңкелі болды.[8]
Тек Теофил Броди (1722-1776), ер және әйел кастраттарының жыныс бездері функцияларының түсу нәтижесін бақылай отырып, мына тұжырымға келді: әрбір мүше қанға тасымалданатын және барлық ағзаға белгілі бір әсер ететін арнайы субстанцияны дайындау орны болып табылады деген. Осылай ағзаның гуморальды корреляциясы туралы ұйғарымды ұсынған алғашқылардың бірі болды.[1]
1849 жылы Бертольд эксперимент жүзінде әр алуан ағзалар арасында гуморальды өзара қарым-қатынастар бар екендігін дәлелдеді. Ол піштірілген әтешке жыныс бездерін ұластыра отырып, оның әтеш кейпін сақтап қалды. Бертольд осымен, ауыстырылып салынған жыныс бездерінің химимялық заттары барлық ағзаға әсер ететінін көрсетті. Оның дәлелділігіне қарамастан Бертолдтің тәжірибиелері бастапқыдан кең қолданысқа ие болмады және ұмытылып қалды. Тек көптеген жылдардан кейін оған үлкен көңіл бөлініп, жануарлар текті дәрілік заттарды қолдану ғылыми мойындалған. 1855 жылы Клод Бернар бүйректің ролін қандағы қант мөлшерін регуляторы ретінде көрсетті және ішкі секреция бездерінің қағидаларын орнатты.[2]
1889 жылы Броун-Секар ағзаның әрбір жасушасы қанға түсетін ерекше өнімдерді бөлетінін тапты. Оның еңбектері және соңында басқа да ғалымдардың еңбектерінде ағзадағы барлық процесстер гормондар (қоздырғыш) деп аталған ерекше белсенді химиялық заттардың реттеулі әсерінен болатыны дәлелденді. Сонымен бірге әрбір без жеке арнайы фармакологиялық әрекеті бар өзіне сәйкес гормондарды ғана өндіреді. [7]
Броун-Секар бірнеше ғасырлар бұрын ұмытылған мүшепрепараттарын өндіруді қайта жандандырды.
Өз теориялары негізінде Броун-Секар бастапқыда қояндардың жыныс бездерінен экстракттар дайындай бастады, ал соңына қарай, бұл ұсақ мүшелердің жеткіліксіздігінен жас бұқалардың жыныс бездерін қолдана бастады. Алынған препараттарды өзіне шашқан, нәтижесінде (бұл уақытта ол 72 жаста болған) өз денсаулығының жақсарғанын белгілеген.
Соңында анықталғандай, Броун-Секараның тұжырымдары өз- өзін сендіру болып шықты, бірақ өзі өндірген препараттың тәжіребилерінің қорытындысын жариялағаннан кейін, оның көптеген еліктеуіштері табылды, осының нәтижесінде галендік өндірістің жаңа саласы пайда болды. Нарыққа әр алуан үй жануарларының мүшелерінен жасалған, көп мөлшерде әр түрлі препараттар түсе бастады. Кейде бір мүшеден алынған препараттардың атауы әр түрлі болды.[7]
Кейбір мүшепрепараттар өте пайдалы болды: олардың әсерін алдын-ала жануарларға немесе химиялық жолмен тексеруге болды. Бірақ бұл препараттардың көптеген ассортименттерінің арасынан клиникалық түрде тексерілмеген препараттар да кездесті. Қу кәсіпқойлар өздерінің өтірік препараттарын ұятсыздықпен жарнамалады., ал сеніп қалған науқастар ешқандай емдік қасиеті жоқ препараттарды жоғары бағаға сатып алған, кейде қауіп те төндірген. Мұндай жағдай мүшепрепараттарға сенімсіздікті ұялатты.
XIX жүзжылдықтың соңында Ресейде дәріхана іргесіндегі лабораторияларда мүшепрепараттарды жасай бастады. XX века басында Мәскеуде және басқа да қалаларда аз зерттелген және тексерілмеген , бірақ кәсіпкерлер үшін табысты жартылай зауыт типтегі бірнеше жеке лабораториялар ашылды.[2]
Совет үкіметі шағында бұл секілді лабораториялар жабылған. Олардың орнына ірі зауыттар ашылды. Оларда мүшепрепараттардың өндірілуі ғылыми негізге салынып, науқастарға көмек беруге бағытталаған. Алғашқыда бұл кәсіпорындар Денсаулық сақтау министрлігінің құзырында болды, сосын мүшепрепараттардың өндірісі ет комбинаттары қатысуымен ұйымдастырылды, яғни тікелей шикізат көздерінен. Бұл шешім мүшепрепараттар өндірісінің тиімді ұйымдастырылуына септігін тигізді