Музыкаға деген құштарлық. Цахаудың сабақтары.Г. Ф. Гендель 1685 ж. 23 ақпан күні Галле қ. Туды. Жас кезінен оның музыкалық қабілеті мен музыкаға қызығушылығы байқалды. Бірақ оның музыкалық әуестігі әкесінің қарсылығына ұшырады. Георг Гендель басқа немістің бюргерлері сияқты, музыкант мамандығын жақтырмады. Ол ұлының заңгер болғанын қалады. Бірақ кішкентай Гендельдің музыкаға деген ынтасы ешқандай қарсылықтарға тұрмады. Жеті жаста ол саксондік герцогті органда ойнап таң қалдырды. Осы кезден бастап, ол Галледағы ең жақсы музыкант және оқытушы, органшы Фридрих Вильгельм Цахаудан сабақ ала бастады.
Цахау- ақылды, білімді адам, дарынды композитор Гендельге ерекше ықпал етті.
Цахудың басшылығымен ол органдық полифония мен Фробергер, керль; Пахельбльдің импровизациялық стилін оқып- біледі. Ұлттық өнердің шығармаларын назар қойып және ойланып тыңдауға баулиды. Сонымен қатар итальяндық музыкамен танысады.
Он жастағы шағына бірінші шығармалары жатады: сүікті аспабы- гобойға арналған пьесалар топтамасы, гобой мен басқа аспапқа арналған 6 трио.
Цахаумен өткен сабақтар Гендельге кең музыкалық білім, орган мен клавесинде жақсы ойнау , оркестрлік аспаптарды білумен қатар әртүрлі музыкалық құбылыстарға тез бейімделу, өзіне керектігін іріктеуді үйретеді.
Гендель он екі жасында бірінші рет Берлинге Бранденбургтық корфюрсттың үйінебарды. Корфюрстқа Гендельдің ойнағаны ұнап, ол Гендельді өзінде қызметте қалдырғысы келді. Ол үшін Италяға барып, өнерін жетілдіруге ұсыныс жасады. Бірақ бұл жолы корфюрст Гендельдің әкесі жағынан қарсылық көрді; мүмкін әкесі Гендельді жас кезден сарайлық жұмыспен байланыстырғысы келмеген шығар және ұлын оқыған заңгер ретінде көруге үмітін үзбеді.
Университет. Органшы қызметі. 1697 жылы әкесінің қайтыс болып, музыкант мамандығын алуға ешкім тыйым салған жоқ. Оған қарамастан Гендель гимназияны бітіріп, университетке заңгерлік факультетке түсіп, марқұм әкесінің ерігін орындады.
Заң ғылымын оқи тұрып,ол шіркеуге органшы қызметіне тұрды.Ол гимназияда музыканы оқуға міндетті еді. Хор мен оркестрмен ол әр жексенбі сайын шіркеулік қалаларда ән айтып, ойнайтын. әр апталық концерттер репертуардың жаңаруын талап ететін. Гендель өзі көптеген кантаталар, хорлар, матеттер, псалмдар жазып, жаңартатын.
Галледа жазылған шығармлардың біреуі де қалған жоқ ; бірақ Гендельдің бай жады, оның музыкалық ойы жаратқан дүниенің бәрін есінде ұстайтын; көбісін ол кейінгі шығармаларында қолданған.
Оның музыкалық жетістіктері мамндықтың таңдауын белгіледі. Өзін өнерге, шығармашылыққа арнап, неміс операсының отанына- Гамбургқа барады.
Гаибург- Италия.Ерте шығармашылық кезеңі.1703 жылдың көктемінде Гендель Гамбурқа көшіп барады.Кайзер басқарған гамбургтық опера өзінің гүлдену шағында болады. Жас музыкант алғаш рет музыкалық театрмен жанасады; және бұл оның опералық композитор болу мақсатын бекітеді.
Рейнхардт Кайзердан ол көп көркемдік бағалы және ұлттық өзіндікті қабылдады.
Маттезонмен достастығы. Алғашқы опералар. Маттезонмен достастық қызықты да нәтижелі болды. Жақсы оқытылған Маттезон көптеген оркестрлік аспаптарда ойнайтын, гамбургтық сахнада өзінің операларын қойған, либреттоларын өзі жазатын. Капельмейстер және әнші ретінде сахнаға шығатын. Ол көптеген статьялардың авторы. Ол алғашқы немістің музыкалық- критикалық журналын, кейін «Ehrenpforte» кітабын жазды.
Бастапқы кезде Гендель мен Маттезанның арасында достық ыстық болды. Олар концерттерге, операларға бірге баратын. Екі рет екеуі (1703, 1705) Букстехудені тыңдауға барған.
Маттезон- Гамбургта туып- өскен. Жас кезінен қаланың оқыған және артистік орталармен байланысты болды. Гендельді де осы ортаға кіргізді. Алайда Гендель сабақтар және Гамбургтық операның оркестрінде екінші скрипкашы орнын алды.
Содан бастап Гендельге көп назар аудара бастады. 1704 жылы ақын Постель Гендельге либреттоға музыкалық композиция жазуға ұсыныс жасады.Сөйтіп, Гендельдің алғашқы «Страсти по Евангелию от Иоанна» атты ораториясы пайда болды.
Келесі шығармасы- «Альмира» операсы болатын. Ол 1705 жылы 8 қаңтарда қойылып, үлкен жетістікке жетті. Көп ұзамай «Нерон» атты операсы дәл сондай жетістікке жетті.
«Альмира» мен «Нерон» жетістіктері Гендельдің Гамбургтағы жағдайын нығайтты, бірақ ол кезде Гамбургтық опера құлдырау кезеңінде болды.
Кайзерді айырбастаған татрдың жаңа дирекциясы түкке тұрмайтын опералармен толтырды. Олар адамдарды қызықтыру үшін салмақты операларға күлкілі қоспаларды қосатын.Сөйтіп, гендельдің «Флориндо» операсына «Весёлая вдова» комедисын қосты.
Бұл жағдайдың келешегі жоқ екенін түсінген Гендель Италияға барады.
Италияда. Итальяндық шақта жазылған шығармалар. Гендель Италияға 1706 жлы барып, онда 4 жыл болады. Онда ол өзін орган мен клавесинде жақсы орындаушы ретінде көрсетеді.
Кантаталар мен латындық псалмдармен жұмыс вокалдық хатты танудың бірінші кезеңі болады.
1707 жылдың күзінде Гендель Флоренцияда алғашқы итальяндық «Родриго» атты операсымен шықты. Содан кейін «Агриппина» атты опера жазуға кірісті, опера 1709-1710 жылдары, карнавал маусымында Венецияда қойылған.
1708 жылдың көктемінде Гендель Венецияда Римге қайтып келеді. «Родригоның» Флоренциядағы сәттілігі музыкалық және аристократиялық орталардың назарын аударды.
Гендель итальяндық операның басшысы- Алессандро Скарлаттим және баласы, клавесинші және клавирлік сонатаның негізін қалаушы Доменико Скарлатти; композитор, скрипкашы- виртуоз Арканжело Кореллимен танысады.
Итальяның музыкалық өнерінің барлық жанрларын, формаларын оқыған. Оттобонидағы концертке ол екі оратория- «Воскресение» мен «Триумф Истины и Времени» және көптеген псалмдар, кантаталар, камералық вокалдық дуэттер мен терцеттер жазады.Неапольда бола тұра ол Арадтық академияға арнап « Ацис, Галатея и Полифем» пасторалін жазады; «Агриппина» операсы итальяндықтарды басып алады.
Лондон. Шығармашылықтың кемелденген шағы. Ганновер мен Лондон. Ағылшын ұлттық мәдениетіне қатысу.1710 жылы Гендель Ганноверге Капельмейстер қызметіне келеді. Ертеден ганноверлық герцогтар өздерінің басқа елдің музыкалық мәдениетін жақтыратынын көрсетті.
1711-1716 ж.ж. аралығында Гендель Лондон мен Ганноверде кезек тұрды. Бірақ ол астанада тұрғанды ұнататын.
Лондонда Гендель алғаш рет 1711 ж. сахнаға шықты. «Ринальдоға» тең келетін опера болған жоқ.
1713 ж. Утрехтік бейбітшіліктің орнауына арнап ол «Te Deum» мадақтау ұранын жазды,бірақ оны орындамады. Оны орындату үшін ол Анна патшаның туған күніне арнап мадақтау жырын жазады. Бәрін таң қалдырып, ол «Te Deum’ның» орындалуын қамтамасыз етеді.Сол кезден бастап, ол ағылшын патшаларының ресми композиторы болады.
Англияға келгеннен бастап ол ағылшын ұлттық өнерімен, әсіресе Генри Пёрселдің шығармаларымен танысады. Халықтық музыканы да назарсыз қалдырмайды.
Анна патшаның қайтыс болғанынан кейін, ол ағылшындық бай адамдарында капельмейстер болады.
Осы кезеңде Гендель көп уақыт Англияның хор өнерін оқып- біледі. Нәтижесінде он екі антемдер- хор, жеке орындаушылар мен оркестрге арналған ағылшын псалмдары.
Осы кезде жазылған ораториялық композицияларға Брокстың сөзіне жазылған нәжістер жатады.
Лондонда бірінші онжылдықта пайда болған шығармаларда драмалық бастаулардың күшеюі және жаңа тәсілдердің ізденістері байқалады. Бұл тенденция антемаларда және «Эсфирь» оратортясында көрінеді. Осы шығармалар герцог Чендосскийде қызметте жүргенде жазылып, орындалды.
Тағы Гендель «Ациса и Гометей» атты, өзі бұрын қолданған сюжетке «Маски» атты пастораль жазады.
1720 жыл шығармашылығқ өмірінде шекара ретінде болады.Оқу жылдары аяқталады, Германия, Италия, Франция музыканттарының жинаған нәтижесін игеру аяқталады.
«Корольдік музыка академиясы». «Опера нищих».1720 жылы Лондонда патшаның және кейбір аристократтардың көмегімен опералық театр ашылаты. Ол «Корольдік музыка академиясы» деп аталады. Музыкалық басқару Гендельге беріледі.Осы шақтан бастап қажырла және қатал күрес басталады.
Жалғыз ағылшындық опералық композитор, Генри Пёрселдің өлімінен кейін ағылшын ұлттық операсы құлдырау кезеңінде болады. Бірақ аристократтардың қолдауымен Англияның музыкалық өмірі итальяндық композиторлары, виртуоздары мен примадонналардың қолында болады.
Гендель, сарайлық музыкант, операларды сүйікті итальндық мәнерде жазушы композитор ретінде аристократтардың қайырымдылығымен пайдаланды.Бұл кезде Гендель итальяндық операның жалпы принциптерін ұстанып, мазмұнын қиындатады, ойға салмақтық қосады. Лондондағы өмірі қиындайды. «Корольдік музыка академиясында» Гендель өзінің жаңа «Радамист» операсын сынға шығарғанда, оның бұрынғы қорғаушысы- граф Берлингтон- Лондонға итальяндық композитор- Джованни Бонончиниді шақырды. Гендель жаңа театрда Бонончини және Аристосимен кезек өзінің операларын қою керек еді. Бұның мақсаты- Гендельдің корольда пайдаланған құрметін кетіру.
Гендельге үлкен күш салып жұмыс істеу керек болатын. Қыста ол 2- 3 опера қоятын, сонымен қатар басқалардың операларын орындау және репетициялар өткізу оның мойнында еді. Сөйтіп, 1720- 1728 жылдар аралығында Гендель 500 оера қойды. 1728 жылы «Опера нищих» пайда болғаннан кейін итальяндық опера беделі түсті. Ол- Джонатан Свифттің сюжетіне жазылған,ақын Джон Гей мен музыкант Иоганн Кристоф Пепуштың шығармасы еді.
«Опера нищих»- тапқыр және көңілді өткір саяси сатира.
Опера бріне үлкен әсер етті. 1728 жылдың қысында ғана ол 62 рет қойылды. 1728 жылы «Корольдік музыка академиясын» жабу тиіс болды. Гендель Италияға барып, әншілердің жаңа труппасын жинап, итальяндық опералардың жаңа партитураларын алып, 1729 жылы Лондондағы Геймаркет театрнда жұмыс істей бастады. Бірақ бұл жолы театр одан да тез күйреуге ұшырады.
1726 жылы ол ағылшын азаматтығын алып, келесі жылы ескі Англияның рухын дәріптейтін «Коронационные антемы» шығармасын жазды.
Гендельдің орындаушылық қызметі. Гендельдің орындаушылық қызметі ешкім жетпес биікке жетті. Алғашқы кездерде ол жеке үйлерде клавесин мен органда ойнайтын. Кейін, кең лондондық публикаға ашық концерттерге айнала бастады.
Гендель- әртістің атағы биікте болатын, оның виртуоз- импровизатор екені даусыз болатын. Гендель үшін әртістік шығулар күшті шығармашылық серпіліс және зор шабыт беретін. Оның концерттік импровизациялары оның көптеген органдық және клавесиндік шығармаларының мінезін анықтайды.
Гендель ашық ауада, паркте ойнау үшін көп аспаптық пьеса жазды. Бұл концерттерді ағылшындар ұнататын.
Бәрібір де композитор опералық шығармашылықты бірінші орынға қоятын.
Көптеген әйгілі шығармалардың авторы- Генднльге тірі кезінде Воксхолл бағында ақ мәрмәрдан мүсін орнатты.
Отызыншы жылдар опералары. Отызыншы жылдарда итальяндық seria операсында концерттік мінезінен бұрын оның музыкамен және драмамен көбірек байланыстыруды көздеді. Бұндай бұрылысГендельдің тіленһгіне сай болатын. Осы жылдарда жазылған шығармалар seria операсында жоқ хорлармен байытылған, оркестрлық дыбыстай мәнерлірек болады. Бірақ Гендельдің басты зейіні музыканың және драмалық амалдардың арасындағы үзілісті қысқарту.
Seria операсының драматургиясын ұстанып, Гендель мәлімет жайғастырады, речитатив пен арияларды кезектейді; речитативтарға әрекет қосады, арияларда кейіпкерлердің сезімдері мен күйін береді. Бірақ Гендель итальяндықтардың практикасында аз қолданған драмалық барысын қадағалайды.
Отызыншы жылдардың бірінші жартысында Гендель «Поро», «Ариаднп», Ариодант» атты өзіеің ең үздік шығармаларын жазады.
1761 жылы үшінші және соңғы рет опералық театр ашады, бұл жұмысқа ол барлық күші мен ақшалай қаражаттарын қосады. Бірақ бұл жолы ол нағыз қауіпті қарсыластар- Адольф Гассе мен Никола Порпорамен- қақтығысады. Гендельдің өзі олардың алдында бас иетіін.
Гендель бірінен соң бірін опералады қояды, бірақ оның әрекеттері бекер болып, абыройы түсе береді. Ең жақын достары мен әріптестері де тастап кетеді. 1737 жылы кәсіпорын жабылады. Соның барлығы Гендельге әсер етіп, ол Сал ауруымен ауырады. Бірнеше ай бойы ол аурумен күресіп, жеңіп шығады. тәуір болғаннан кейін қайтадан жұмысқа басымен кіреді.
Шығармашылықтағы шұғыл өзгеріс. Тәураттық ораториялар. Seria операсының эстетикасынан бас тартып, Гендель көбірек прогрессивті жанрларға, сюжеттерге, кейіптерге көңіл бөледі.
1738- 1739 жылдары тәураттық сюжеттерге «Саул» және «Израиль в Египте» ораторияларын жазады. Алғашқы рет Гендель- данышпанның күшті және бағалы жағы ашылады. Осы екі ұлы шығармалардан кейін тәураттық сюжеттерге ораториялық шығармалар қатары жазылады; ең үздіктері- «Самсон» мен «Мессия».
Бірақ жетістіктің орнына, Гендельде жаңа жау пайда болады, ол- духовенство. Бұл жерде жағдай шиеленісіп, ол Англиядан кетеді.
1741 жылдың күзінде Гендельді Ирландияның астанасы- Дублинге концерттік циклды өткізуге шақырады. Оның шығармалары орындалып, халық оны сүіп тыңдайды. 1742 жылы 12 сәуір күні алғашқы рет «Мессия» ораториясы орындалады.
Қуанышты қарсы алу, Гендельді өзіне қайта сенуге көмектеседі. Шабыттанған ол, қайта Лондонға барады. 1742 жылдың ақпанында оның «Самсон» ораториясы көрсетіледі. Сол шақта Гендельге деген көзқарас өзгереді.
1745 жылы Чарльз Эдуард Стюард Шотландияда көтеріліс ұйымдастырып, Лондонға шабады. Осы оқиғаға орай Гендель еріктілер әнұранын жазады, кейін «Оратория на случай» және «Иуда Маккеве» атты екі ораторияда ағылшындарды Отан үшін күреске шақырады.
Шығармашылық пен өмірінің соңғы жылдары. Өмірінің соңына қарай Гендель мықты атаққа ие болды, бірақ бұрынғыдай музыкалық қызметкер болып қала берді. Көтеріңкі көңілді көп шығарма жазды. «Музыка для фейерверка»атты соңғы жылдарда жазылған шығарма ашық далада орындауға арналған.
1750 жылы Гендель отанына, Галле қаласына, соңғы рет барады. Лондонға қайтып келіп, «Иевфай» атты жаңа оратория жазуға кіріседі. Бірақ оған өміріндегі ең ауыр ауыртпалық түседі- ол соқыр болады. Соқыр бола тұра ол бастаған ораторияны аяқтайды. Өзінің шығармаларын басқарып, концерттер өткізеді және өзінің импровизациясымен тыңдарманды таң қалдырады.
1759 жылы 6 сәуір күні Генднль «Мессия» ораториясын дирижерлайды.14 сәуір күні ол қайтыс болады. Оны Венсминстрдегі бейтте жерлейді.