АЛҒЫ СӨЗ
Географиялық атаулар мен терминдерді қамтитын қысқаша глоссарий жекелеген ұғымдар мен түсініктердің мағынасын айқындау мақсатында құрастырылған. Глоссарий алфавиттік тәртіп бойынша орналастырылған, кейбір географиялық атаулар мен терминдерді түсіндіруде сілтемелер беріледі.
ГЛОССАРИЙ
Географиялық атаулар мен терминдер
Ø Абсолюттік биіктік
Ø Азимут
Ø Аласа таулар
Ø Альпілік қатпарлану
Ø Аотезиан сулары
Ø Атмосфералық жауын-шашын
Ø Аккумулятивті жазықтар
Ø Белдеулік уақыт
Ø Биік таулар
Ø Географиялық бойлық
Ø Географиялық ендік
Ø Географиялық координаталар
Ø Геохронологиялық карта
Ø Гумус
Ø Декреттік уақыт
Ø Денудация
Ø Денудациялық жазықтар
Ø Диорит
Ø Жазықтар
Ø Жер бедері
Ø Жер сілкінулер
Ø Жер қыртысы
Ø Изосызықтар
Ø Климат
Ø Каньон
Ø Ландшаф
Ø Магма
Ø Магмалық тау жыныстары
Ø Метаморфтық тау жыныстары
Ø Минерал
Ø Сейсмикалық белдеулер
Ø Тақырлар
Ø Тау жотасы
Ø Тау жыныстары
Ø Сортаңданған топырақтар
Ø Үгілу
Ø Циклон
Ø Шөгінді тау жыныстары
Ø Эндемик
Абсолюттік биіктік — жер бетінің алыс нүктесінің теңіз деңгейіне қатысты алғандағы биіктігі. Абсолюттік биіктік картада горизонтальдармен және жеке нүктелер түрінде көрсетіледі.
Азимут — бақылау нүктесінен өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикаль жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. Азимут меридианның солтүстік ұшынан сағат тілі бағытымен 00-тан 3600-қа дейін өлшенеді.
Аласа таулар — онша тілімделмеген, биіктік зоналарына жіктелмеген, биіктігі 1000-1500 м-ге дейінгі таулар.
Альпілік қатпарлану — атмосфералық қысым жоғары аймақ. Оның орталық бөлігінде қысым жоғары, шеттеріне қарай төмендейді. Антициклондық аймақта желдер солтүстік жарты шарда сағат тілі бағытымен, ал оңтүстік жарты шарда сағат тіліне қарсы бағытта соғады. Карталарда антициклон орталығында қысым жоғары болатын тұйық изобаралар жүйесі түрінде бейнеленеді. Антициклонның көлемі – 2000-3000 км, олар көбінесе жоғары ендіктерде, ал қыс кезінде қоңыржай ендіктерде де қалыптасады. Антициклонға ашық ауа райы тән, ауа ағындары отасынан шетіне қарай төменге бағытталған.
Аотезиан сулары — жердің су өткізбейтін қабаттары аралығында қысыммен жатқан сулар. Ұңғымаларды бұрғылағанда аотезиан сулары жер бетіне ағып шығады немесе фонтан күйінде атқылайды.
Атмосфералық жауын-шашын — жер бетіне атмосферадан сұйық немесе қатты күйде (жаңбыр, қар, шық, бұршақ, қырау) келіп түсетін ылғал.
Аккумулятивті жазықтар — шығу тегі әртүрлі (теңіздік, көлдік, аллювиалды, мұздық) шөгінділермен жабылған жазықтар. Аллювиалды жазықтарға Тұран ойпаты, ал теңіздік жазықтарға Каспий маңы ойпатын жатқызуға болады.
Белдеулік уақыт — әрбір сағаттық белдеудің орта меридианындағы жергілікті уақыт. Жер шарында әрқайсысы 15 градустан болатын 24 сағаттық белдеу бар, әр белдеуге өзіндік уақыт тән.
Биік таулар — биіктігі 3000 м-ден асатын, жер бедері күрделі, биіктік белдеулері айқын ажыратылатын таулар. Биік таулардың қар сызығынан жоғары жатқан бөліктеріне мұздық жер бедері тән.
Географиялық бойлық — нүкте мен бастапқы меридиан арасындағы бұрыштық қашықтық. Бастапқы меридианнан шығысқа қарай шығыс бойлық, батысқа қарай – батыс бойлық жатыр. Бойлық 0 градустан 180 градусқа дейінгі аралықта өлшенеді. Бір меридиан бойынша орналасқан нүктелердің барлығының бойлығы бірдей.
Географиялық ендік — нүктеден экватор кеңістігіне дейінгі бұрыштық қашықтық. Солтүстік және оңтүстік ендіктерді ажыратады, 0 градустан 90 градусқа дейін өзгереді.
Географиялық координаталар — жер бетіндегі нүктенің экватор мен бастапқы меридианға қатысты орнын анықтайтын шамалар.
Геохронологиялық карта — жердің геологиялық тарихында болған оқиғалардың ретін бейнелейтін кесте. Геохронологиялық шкалалар эраларға, олар өз кезегінде дәуірлерге жіктелген. Геохронологиялық карта тау жүйелерінің пайда болған уақыты мен пайдалы қазбалардың қалыптасу кезеңін, тіршіліктің даму тарихын да көрсетеді.
Гумус — пырақтың органикалық бөлігі, топырақ құнарлылығын анықтайтын басты көрсеткіш. Гумус тірі организмдердің қалдықтарынан түзіледі, топырақтың беткі қабатын қара, қоңыр түстерге бояйды.
Декреттік уақыт — тәуліктің жарық мерзімін неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында бір сағатқа ілгері жылжытылған белдеулік уақыт. 1930 жылы енгізілген.
Денудация — тау жыныстарының үгілу өнімдерінің жайлылығы, жер бетінің неғұрлым ойпаң бөліктеріне тасымалдануы (сумен, желмен, ауырлық күші әсерінен). Ойпаттарда жыныстар жиналады, мұны аккумуляция дейді.
Денудациялық жазықтар — қатты кристалды жыныстардан түзілген және төбелі жазықтар (Сарыарқа). Денудациялық жазықтар қатарына шөгінді жыныстардан тұратын Үстіртті де жатқызады.
Диорит — күңгірт түсті интрузивтік тау жынысы.
Жазықтар — біркелкі тегіс немесе аздап көтеріңкі жер бедері тән кеңістіктер (құрлықтың 60 %-ын құрайды). Жазықтар көбінесе платформаларға сәйкес келеді. Ойпатты жазықтардың биіктігі 200 м-ден аспайды, төбелі жазықтардың биіктігі 200-500 м шамасында болады. Шығу тегіне қарай аккумулятивтік және денудациялық жазықтар жіктеледі.
Жер бедері — жер бетінің кедір-бұдырлығы. Жер бедері көлеміне, жасына және шығу тегіне, сыртқы түріне байланысты жіктеледі. Жер бедерін зерттейтін ғылым саласын геоморфология деп атайды.
Жер сілкінулер — жер асты дүмпулері мен жер бетіндегі тербелістер. Жер сілкінулер 5-700 км тереңдегі ошағынан (гипоцентр) басталып, жан-жаққа таралады. Жер сілкіну күші мен қарқындылығын баллмен есептейді.
Жер қыртысы — литосфераның сыртқы қабығы, шөгінді, гранит және базальт қабаттарынан тұрады.
Изосызықтар — картада бейнеленетін құбылыстардың бірдей шамаларын қосатын сызықтар. Тереңдігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтар изобаталар, температурасы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изотермалар, биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды горизонтальдар, ал қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобаралар дейді.
Климат — белгілі бір аумақта жылма-жыл қайталанып отыратын ауа райының көп жылдық орташа жиынтығы.
Каньон — беткейлері тік болатын, өте терең және тар аңғар. Қазақстанда ірі Шарын каньоны орналасқан.
Ландшаф — құрамындағы табиғат компоненттері мен морфологиялық бөліктері өзара үйлескен, өзіндік құрылымы бар аймақтық табиғат кешені.
Магма — жердің терең қойнауында жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында түзілетін, балқыған, құрамында газ болатын масса. Суынғаннан кейін магмалық (жанартаулық) жыныстар түзеді.
Магмалық тау жыныстары — суынған лавадан түзіледі. Жер қыртысында қатып қалған магмалық тау жыныстары интрузивтік, ал жер бетіне ағып шыққандары эффузивтік деп аталады. Құрамындағы кремнезем мөлшеріне байланысты магмалық тау жыныстары қышқыл (алтын, хром, платина кендері), негізгі (темір мен титан кендері) және ультранегізді (никель, хром, платина кендері) болып бөлінеді.
Метаморфтық тау жыныстары — агмалық немесе шөгінді тау жыныстарына жоғары қысым немесе температура әсер еткенде қалыптасады. Магмалық жыныс гранит гнейске, ал шөгінді жыныстар мәрмәр, кварцит, тақтасқа айналуы мүмкін.
Минерал — минерал тау жыныстары құрамына енеді, олардың тұрақты құрамдас бөлігі болып табылады. Мысалы, кварц, слюда магмалық тау жыныстарға, ал доломит шөгінді жыныстарға тән.
Сейсмикалық белдеулер — литосфералық плиталардың шекараларындағы қозғалмалы аймақтар, мұнда тау жасалулар жүреді, жер сілкінулер жиі қайталанады.
Тақырлар — шөлдердің өсімдіксіз бөліктері, негізінен сазды шөлдерге тән. Суды нашар өткізетіндіктен бетіндегі ылғал тез буланып кетеді. Біртіндеп жер беті жарылып, тақырлар қалыптасады. Тақырлар көбінесе Батыс Қазақстанда таралған.
Тау жотасы — созыла орналасқан көтеріңкі жер бедері. Тау жотасының ең биік бөлігін қырқа деп атайды, мұнда шыңдар мен олардың арасындағы төмендеу бөліктер орналасады. Бірнеше тау жоталары түйісетін ауданды тау түйіндері деп атайды. Тау жоталары аралығында тауаралық аңғарлар орналасады.
Тау жыныстары — жер қыртысын құрайтын табиғи күйдегі минералдар. Шығу тегіне қарай магмалық, шөгінді және метаморфтық деп бөлінеді.
Сортаңданған топырақтар — құрамында едәуір тереңдікке дейін еріген күйдегі тұздар болатын топырақтар. Мұндай топырақтардың беткі бөлігі құрылымсыз, тығыз келеді. Сортаңданған топырақтар дала зонасының оңтүстігінде, шөлейт пен шөлде кездеседі.
Үгілу — тау жыныстарының сыртқы күштер әсерінен бұзылу процесі. Физикалық үгілу тау жыныстарының температураның күрт өзгерістері нәтижесінде бұзылуы болса, аяздық үгілу кезінде жыныстар саңылаулар мен капиллярларда судың қатып қалуы әсерінен бұзылады. Химиялық үгілу — әртүрлі қосылыстар әсерінен жыныстардың тотығып, үгілуі, ал органикалық немесе биологиялық үгілу тірі организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде жүреді.
Циклон — ауа массаларының құйын тәрізді қозғалатын аймағы, орталығында төмен қысым байқалады. Қысымның таралуына байланысты желдер шеттерінен орталыққа қарай соғады. Жер шарының өз осінен айналуына байланысты желдер солтүстік шарты шарда сағат тіліне қарсы бағытта, оңтүстік шарты шарда сағат тілі бағытына сәйкес соғады.
Шөгінді тау жыныстары — минералды бөлшектердің, тірі организмдердің қалдықтарының жиналуынан түзілетін жыныстар. Құрамындағы бөлшектерінің мөлшеріне қарай саз (0,001 мм-ден аз), лесс (0,1 мм-ге дейін), қиыршық тастар (1-10 мм) және т.б. деп бөлінеді. Тіршілігін тоқтатқан организмдердің қалдықтарынан әктас, мұнай сияқты шөгінді тау жыныстары түзіледі.
Эндемик — таралу ауданы өте шектеулі өсімдіктер мен жануарлардың түрі, туысы, тұқымдасы.