География пәнінің мақсат-міндеттері туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім беру жүйесін өзгертудің басты бағыттары қарастырылған.
Жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің жаңа құнды бағыты ретінде оқу пәндері мазмұнын қазіргі заман талабына сай өзгертуді қажет етеді. Білім беру саласын демократияландыру мен ізгілендіру идеясы негізінде мектеп географиясы мазмұнына өзгерістер енгізу болашақта білім берудің мақсат-мазмұнын, оқыту әдістерін жаңартуды талап етуде. Жаңа білім парадигмасы оқушыны оқу процесіндегі басты субъект ретінде қарай отырып, оның кең шығармашылықпен ойлауына мүмкіндік туғызып, бүкіл оқу жүйесін өзгертуді талап етуде.
Қазіргі ғылым мен білім бірдей дамыған егеменді республикамыздағы география ілімінің білім беру технологиясының жаңа сындарын іздеу, ашып көрсету; Әсіресе, географияның ең ірі саласы әлеуметтік және экономикалық география сабақтарын мектепте оқыту саласында сарамандық жұмыстардың түрлерін саралау, тиімділігін ашып көрсету.
Географиялықбілім тұжырымдамасы 12 жылдық жалпы орта білім беретін мектептің негізгі бағыттары мен стратегиясын, мақсат-міндеттерін, аталған курстың базалық мазмұны мен құрылымын анықтайтын басты құжат болып табылады.
Білім берудің жаңа парадигмасы «ғылым негіздерін» меңгеруден шегініс жасауды негіздей отырып, оқушылардың біліктілігін қалыптастыруға, білім беру жүйесінің өзгертілуіне, оның бағыттылығын қызметтің субьектісі ретінде оқушылардың қалыптасуын қаматамасыз етуге мүмкіндік береді.
Білім беруді демократияландыру және ізгілендіру идеясының жүйелі дамуы кезінде мектептегі география курсы мазмұнының жаңартылуы оқыту құралдарының мақсат-мазмұнын, әдістерін, түрлерін өзгертуді көздейді.
12 жылдық мектептегі география оқу пәнәнің құрылымы мен мазмұны, оны 6-сыныптан 10-сыныпқа дейін 5 жыл бойы оқытуға есептелген. Географиядан берілетін білім мазмұнын саралау географиялық ойлаудың дамуын, білім, біліктер мен дағдыларын қалыптастыра отырып, курстар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуі керек.
География – жаратылыстану және қоғамдық циклдар оқу пәндеріне кіретін жеке дара мектеп пәні болып табылады. Географиядан берілетін білімнің маңыздылығы қоршаған ортаға қатысты оқушылырдың көзқарастары, ұстанымдары, тәртіп нормалары, өмірлік біліктіліктері жүйесін және алған білімдері негізінде табиғи, шаруашылық, әлеуметтік және әр түрлі аумақтардың экологиялық жағдайларын бағалауға қатысты біліктерін қалыптастыруға бағытталумен ерекшелененеді.
ГЕОГРАФИЯ — (гео – жер, графия – жазамын, сызамын) – табиғи және өндірістік территориялық комплекстерді, олардың компонентерін зерттейтін жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар жүйесі.
Геогрфия ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін «география» деп атаған. Ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. ХІХ ғасырдың басында бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалған жоқ. Осыған орай географияның міндеті де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелер мен құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай, олардың себебін түсіндіретін гылымға айналды.
Географиядан берілетін білім мақсаттары:
Негізгі мектепте географияны оқыту төмендегідей мақсаттарға жетуге бағытталған:
— негізгі географиялық ұғымдар, географиялық қабық және оның біртұтастығы, табиғат компоненттері мен олардың өзара байланыстары туралы білу;
-жердің көлемі мен пішіні, оның географиялық маңызы. Жердің өз білігінен және күн маңымен айналуы, оның географиялық салдары жайында білу;
— Жер шарының халқы, адамзаттың негізгі нәсілдері, дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстанның географиялық жағдайының алуан түрлілігі мен жер аумағының біртұтастығы және әлемдегіорны туралы білімді меңгеру;
— өзінің туған өлкесі мен Отанына деген патриоттық сезімін, қоршаған орта табиғатын қорғауда, оны аялауға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
-оқушылырдың табиғат заттары мен табиғи құбылыстар туралы көзқарасын географиялық білім негізінде дамыту;
— әлеуметтік- экономикалық міндеттерді географиялық білім негізінде шешу және географиялық білімді өздігінен меңгере отырып, оны қоғамдық, саяси, мәдени және күнделікті өмірге қолдана білу дағдыларын дарыту;
— ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдана отырып, географиялық есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру;
Географиялық білімнің мазмұны:
Мектепте географиялық білім берудің мазмұндық құрылымы:
— Жер заңдылықтарын нақты түсіндіретін ғылыми білім беру;
— географиялық қабық және табиғат кешендері туралы ілім. Географиялық зоналылық туралы ілім.
— географиялық зерттеу әдістері: бақылау, далалық зерттеулер, картографиялық, тарихи, салыстырмалы статистикалық, аэроғарыштық, геожүйені үлгілеу, геоэкологиялық мониторинг;
— жердің құрлысы мен оның кеңістікте біртекті еместігін бейнелейтін табиғи және әлеуметтік-экономикалық объектілер;
— табиғи объектілер. Жер, оның қабықтары. Материктер мен мұхиттар; табиғат белдемдері. Табиғат кешендері.
— әлеуметтік-экономикалық объектілер. Аймақтар, елдер, облыстар, аудандар, өз өлкесі. Әлемдік және аймақтық орталықтар мен аудандар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, ғылыми-ақпараттық, қаржы, сауда, рекрациялық. Табиғи – шаруашылық аудандар;
— жердегі тіршілік барысын анықтайтын процестер мен құбылыстар;
— табиғи процестер. Жердің өз білігінен және Күн маңын айналуы, оның салдары;
— табиғаттағы су айналымы. Тірі организмдердің жер бетінде таралуы;
— ауа райы мен климаттың өзгерісі;
— жер бетіндегі тараған негізгі нәсілдер мен халықтар, тіл мен діни ағымдар.
Жер шары халқының өсуі. Демографиялық саясат. Ішкі және сыртқы миграция. Урбандалу.
— адамзаттың өмір сүруі мен өмірлік танымын көрсететін материалдық және рухани мәдениет құндылықтары;
— адамның шаруашылық әрекеті, оның қоршаған ортаға бейімделуінің басты құралы;
— қазақ халқының қоршаған ортаға қарым-қатынасы ерекшеліктерінің сипаттамасы және оның ұлт мәдениетіндегі көрінісі;
— қазіргі заман географиясы, оның алуан түрлілігі мен біртұтастығы;
— аумақтық табиғи жүйелер, халық пен шаруашылықтың бірлесе дамуы;
— әлемдік шаруашылық пен ұлттық шаруашылықтың өзара байланысы. Елдер шаруашылықтарының мамандандандырыылуы және аумақтық құрылымы. Елдер типологиясы;
— Қазақстан Еуразия орталығында орналасқан мемлекет ретінде. Қазақстан және әлемдік қоғамдастық;
— адамзаттың жаһандық проблемалары. Адамзаттың табиғи және мәдени мұраларын сақтау.
Біліктілігі:
Сонымен қатар оқушылар географиялық объектілер мен құбылыстардың басты ерекшеліктерін ажыратып, сипаттап-түсіндіру;
— жергілікті жерді бағдарлауды: план және карта бойынша ара қашықтықты, нүктелердің абсолюттік және салыстырмалы биіктіктерін анықтау; географиялық объектілердің географиялық координаты мен географиялық орнын анықтау; карта бойынша бағдарлау, Картаны, ғарыштық, аэрофотосуреттер мен статистикалық материалдарды оқу;
— Жердің Күн жүйесіндегі орнын басқа ғаламшарлармен салыстыру; жыл мезгілдерінің алмасу заңдылықтарын түсіндіру;
— пайдалы қазбалар мен тау жыныстары және минералдардың құрылымын; литосфера және гидросфера объектілеріне бақылау жасап, жергілікті жерде және карта бойынша сипаттау; ауа райына бақылау жасап, оны сипаттау; ауа райы мен климатқа сипаттама беру үшін синоптикалық және климаттық карталарды оқу; өсімдік және жануарлар дүниесін жергілікті жер бойынша және карта арқылы сипаттау;
— жер шарының географиялық зоналық заңдылығына географиялық карта бойынша сипаттама беру;
— табиғат ресурстарын пайдалану, оны қорғау, қоршаған ортаның Адам баласы тұрмыс-тіршілігіне және щның мәдениетәнәң қалыптасуына тигізетін әсерін сипаттау;
— дүние жүзі елдерін және оның астаналарын саяси картадан көрсету;
— ғаламдық проблемемалардың себептерін ажыратып, географиялық және түрлі ғылыми ақпараттар көздеріне (картографиялық, статистикалық және геоинформатикалық) сүйене отырып, оларды шешеу жобасын жасау;
— Қазақстанның экономикалық аудандарын, маманданған салаларын, ірі өнеркәсіп орындарын, негізгі коммуникация орталықтарын және сыртқы экономикалық байланыстарын ажыратып, айта білу;
— өз өлкесінің республика аумағындағы географиялық орнына сипаттама беру;
— қазақ халқының қоршаған орта туралы дүниетанымдық мәдени мұрасын ғылыми біліммен сабақтастыра білу біліктілігін меңгерулері керек