Гармоникалық тоқ және кернеу көздері бар сызықты тізбектерге жүргізілетін анализ курстық жұмыс

Мазмұны

1. Кіріспе……3
2. Гармоникалық электр қозғаушы күші және ток көздері бар сызықтық тізбектердің қасиеттері және оларды есептеу әдістері…..4
3. Тізбектегі кернеу және ток көздері…….7
4. Синусоидалық токтарды комплекстік жазықтықта кескіндеу……9
5. Синусоидалық ток тізбегіндегі индуктивтік элемент……11
6. Электр тізбектері мен олардың элементтерінің анықтамалары, сипаттамалары, классификациялануы……13
7. Тізбектер тонологиясының элементтері ……..16
8. ЭҚК жоқ тізбек бөлігіне арналған Ом заңы …..17
9. Гормониялық токтардың негізгі сипаттамалары…..19
10. Гармониялық токты түсіндіру.Векторлық диаграмма…..20
11. векторлар жиыны векторлық диаграмма деп аталады.
12. Кешенді шамалар…….21
13. Қортынды……22
14. Пайдаланған әдебиеттер тізімі…..23

Кіріспе

 Гормониялық токтардың негізгі сипаттамалары.

Уақыт аралығында өзгеріп отыратын ток – айнымалы ток деп аталады.Бұл анықтама айнымалы кернеу мен ЭҚК-ке де қатысты болады.            Қарастырылып отырған уақыт моментіндегі айнымалы токтың мәні оның лездік мәні немесе лездік ток деп аталады.Лездік токтың, кернеудің немесе ЭҚК-нің мәнін белгілеу үшін латын альфавитінің і,u,е әріптерін пайдаланамыз.Айнымалы ток, кернеу, ЭҚК уақытқа тәуелді функциялар екенін көрсету үшін оларды і(t), u(t), e(t) түрінде белгілейміз.

Токтың оң бағыты ретінде мүмкін екі бағыттың бірі алынады.Ол еркін түрде таңдалады.Алайда ток бағыты еркін таңдалған бағытпен сәйкес келсе ғана ток оң болып есептеледі.Айнымалы токтар периодты және периодты емес болады. Лездік мәндерді бірдей уақыт аралығында қайталанып отыратын токтар периодты деп аталады.Периодты токтың лездік мәні қайталанатын ең аз уақыт аралығы айнымалы токтың периоды (Т) деп аталады.Период секундпен (с) өлшенеді.

Периодқа кері шама f айнымалы токтың жиілігі деп аталады: . Жиілік айнымалы токтың 1секунт ішіндегі тербеліс санын көрсетеді.Ол герцпен (Гц) өлшенеді.Бір герц секунд ішіндегі бір тербеліске сәйкес келеді.Тәжірибе жүзінде уақыттың синусоидалық функциясы болып табылатын және синусоидалық ток деп аталатын периодты ток кеңінен қолданылады

 Курстық жұмыс / 25 бет