Франц Йозеф Гайдн – австриялық композитор, 1732 жылы 31 наурызда Рорау ауылында дүниеге келді. Веналық классикалық мектебінің мүшесі. 1740 – 49 жж. Гайдн Венадағы Әулие Стефан соборында ән айтты және аспаптарда ойнауды үйренді. Ол итальян композиторы және ән мұғалімі Порпораның сүйемелдеушісі болып та жұмыс істеді. Оның үйлесімді дүниеқабылдауы қарапайым және қатал этикалық нормаларға сүйеніп қалыптасты. Себебі, ол жартылай патриархалды жерде туып-өсті. Гайднның жүйелі музыкалық білім алмағанының кемістігін алдыңғы буын композиторларының музыкалық шығармаларын зерттеу және И. Фукс, И. Маттезонның теориялық еңбектерін оқу толықтырып, түзетті.
1759 – 61 жж. Граф Морциннің алаңы капельмейстері болып, өзінің алғашқы симфонияларын шығарды. 1761 ж. бастап, 30 жылға жуық уақыт аралығында Гайдн өмірі князь Эстергази алаңымен байлаысты болды. Меценаттың қалаулары Гайднның шығармашылық бостандығын шектесе де, оның композиторлық дамуына хор мен оркестрмен жұмыс жасау үлкен әсер етті. Әр онжылдық – көркемдік дамудың жаңа кезеңі, шығармашылық шыңға жетудегі жаңа саты.
Гайдн Венаға барып, көрнекті өнер өкілдерімен танысып, жақсы қарым-қатынаста болды, нақты айтқанда В. А. Моцартпен. Гайдн шығармашылығының гүлденуі 1780 – 90 жж. сай келеді, онда жетілген квартеттері (33 опустан бастап), 6 Париждік (1785 – 86) және 12 Лондондық (1791 – 1792, 1794 – 1795) симфониялары, ораториялары, мессалары және т. б. жазды. 1791 – 92, 1794 – 95 жж. Гайдн Абонементті конерттердің ұйымдастырушысы, скрипкашы И. П. Заломонның шақыруымен Лондонда концерттер берді. Англияға барып дүниетанымы кеңейді, әйгілі болды. 1791 ж. Оксфорд университетінің докторы болды.
К. В. Глюк, В. А. Моцартпен қатар, Гайдн веналық классикалық мектептің ерекшеліктерін нақтылап бекітті: оптимистік идеалдар, интеллектуалды аспаптық циклдік түрлерді дамытты (симфония, квартет, соната). Ол үлкен шебер болды және шеберлікке ұмтылыс ылғи оның күштерін бағыттайтын. Гайдн 1000ға жуық түрлі шығарма жазды: 104 симфония, 24 опера, көптеген аспаптық квартеттер, соло аспаптарға арналған пьесалар.
Симфониялар
Гайдн симфонияны жазып шығару үшін 1759 – 1795 жылға дейіе еңбек етті. Гайднның жетілген симфонияларында қарапайымдылық. парасатты философиялық ойлар Бетховен шығармашылығының алдын алды, бұны мотивтік-тақырыптық өңдеу арқылы жеткізді. Гайдн классикалық симфонияның негізін салушы болып табылады.
«Симфония» сөзі ежелгі грек тілінен «үндестік», «келісім» дегенді білдіреді. Кейін бұл сөз әртүрлі мағынаға ие болды. Мысалға, симфония деп оркестрлік би сюитасына кіріспені, операдағы оркестрлік кіріспені атаған. Симфония өздік концерттік шығарма болып XVIII ғасырда бөлінді. Бұл жанрдың қалыптасуына чех мектебі, «Мангеймдік мектеп» өкілдері зор үлес қосты. Мангеймнің симфониялық оркестрі сол уаққы ең үздік деп саналды. Гайднның шығармашылығында да симфоняи ұзақ даму жолынан өтті. Тек оның дамыған симфониялары кіршіксіз, классикалық түрге ие болды – төрт бөлімді цикл, бөлімдерінің өзіндік тізімі бар.
Сонаталық-симфониялық циклге менуэтті енгізу оның кең таралғандығының айғағы. Расында да, баяу отырып, реверансиары бар би дәуірдің сүйікті жанры болды. Гайдн оны көпқолданды, алайда тек ортаңғы бөлімдерде емес. «Галантты стиль» нәзік аристократтық сипатпен ерекшеленді. Бірақ Гайдн тым мәнерлі етіп жібермей, сонымен қатар қарапайым жеткізді.
Симфония уақыт өте келе тұрмыстық сипаттан арылып, мазмұнды шығармаға айналды. Гайдн өз назарын тақырыптың өңделуіне шоғырландырды, мотивтік-өңдеу принципі бөлініп шықты.
Алғашқы симфонияларныда Гайдн бағдарламаны қолданды, музыкалық ойларға көркемдік хабарлайтын: «Таң», «Түс», «Кеш пен дауыл». Гайдн симфонияларының атаулары ІІ бөліміне байланысты туған: «Әскери» симфониясы – оның ІІ бөлімінде әскери фанфарлар естіледі; «Сағат» симфониясында – ІІ бөлім «тықылдан» басталады. Сонымен қатар «Аю», «Аң аулау», «Тауық» симфониялары бар. Композитор симфониямен жұмыс жасаған сайын музыканың аспаптық жалпылауыш жағын аша береді. Сонда бағдарламалық аталаулар керегі жоқ болып – сөздік анықтылықты білдірмейді.
Гайднның симфониялық шығармашылығының жолдары: 1770 ж. минорлы симфониялар, 1780 жж. 6 Париждік симфониялар сериясы, «Оксфордтық» симфониясы (№92) 1791ж., және он екі соңғы Лондондық симфониялар 1790 жж. (№93 – 104).
1770 жж. минорлы симфониялар арасында – №39 соль минор; «Қайғылы», №44, ми минор; «Қоштасу», №45, фа-диез минор.
«Қоштасу» симфониясының атауы оның финалымен байланысты болды. Орындау барысында музыканттар сахнадан біртіндеп кете бастады. Гайдн былай өзінің қолдаушысы – князь Эстергази жерінен жылы Айзенштадтқа кетулерін қалғанын жеткізді, премьерадан кейін, оралатын күн белгеленді. «Қоштасу» симфониясының финалы «галантты ғасыр» музыкасын жақсы көрсетеді.
Лондондық симфониялар
Лондондық симфониялар мазмұнының маңыздылығы, өлшем сезімінің қаталдығымен ерекшеленеді. Олар көркем идеясының, ойы, бейнелік жүйесі құрылымының, бөлімдерінің мінезімен – осы принциптердің анықтылығымен ерекшеленеді. Гайднның шығармашылық ізденістерінің қорытындысында құрылған симфониялардың түрі үлгі ретінде болды.
Он екі симфонияның он бірі мажорлық тональдікте жазылған, ал біреуі – минорда. Барлық симфонияларда 4 бөлімді цикл берік сақталған, тізбегі – Allegro ( кейде Presto, Vivace), Andante (екінші бөлімдер Allegretto немесе Largo бола алады), менуэт, финал. Бірінші бөлім әдетте сонаталық құрылымда, екінші – вариациялық цикл немесе күрделі үш бөлімді құрылым, менуэт – ылғи ортасында контрастты триосы бар, da capo түрінде; финал рондо немесе рондо-соната құрылымында жазылады.
Циклдің бірінші бөлімі — өмірдің түрлілігі мен ауысымдылығының көрінісі. Патетикалық кіріспе келе жатқан Allegro-да болатынның маңыздылығын алдын ала көрсетеді. Бірінші Allegro мен финалдардың тақырыптық құрылымы көбінесе жанрлық болып келеді. Олардың кезеңдік қайталаулардан түратын ырғақтары мен әуендері билікке ұқсайды. Тақырыптар құрылымы квадратты, бұл жеңіл бөлінгіш етеді. Бұл жанрлық-тұрмыстық материалдың қарапайымдылығ , оны еске жақсы сақталатын қылады.
Негізгі және қослқы партиялары бір-бірімен контраст құрмай, бір тақырыптан өседі. Гайднның экспозицияларында екі өзіндік тақырыптан артық болмайды. Құрылым бөлімдерінің пропорциялары қатал сақталған: өңдеу бөлімдері экспозицияның 2/ 3 тең; негізгі кульминацияның орны анық – шамамен форманың соңғы 1/3 бөлігінде, реприза алдында. Екінші бөлімдер — өмірдің объективті суреттерін