Ұлы Отан Соғысы кезінде көптеген астрономдар мемлекеттің шығыс региондарында тұрып, қызмет етті. Соғыстан кейін осы региондарда жаңа бағыттар мен обсерваториялар ашқан ғалымдардың көбісі қайта оралмады. Соғыс болмаған күнде де жаңа обсерваториялар соғылар еді, бірақ олар басқаша болатын еді – уақыты да, орналасқан жері де. Бұл ғалымдарға Гавриил Адрианович Тихов (1875-1960) жатады. Ол ескі Пулков астрономы КСРО ҒА корреспондент- мүшесі (1927 ж. бастап), 1941 ж. бастап Алматыда тұрды.
Г. А. Тихов соғыс басталмай тұрып, планеталарды бақылау үшін арнайы телескоп құрастыруды ойластырды. Бірақ алдымен телескоп орналастыратын орын керек болды. Оның ойынша, планетаның ең тыныш көрінісін құмда көруге болады. Соғыстан кейін Тиховтың басшылығымен бірінші экспедиция ұйымдастырылды. Мемлекеттің азиаттық бөлігіне, Түркістанға, арнайы планеталық обсерватория үшін орын табу мақсатымен (Кучерово 1953) барды. Жақсы бақылау пунктері табылды. Көп жылдардан кейін азиаттық регионға пулковскийлар мен ташкенттіктер жүргізген экспедиция нәтижесінде, соңғы жылдары Сібір астрономдары жүргізгенде, тек планеталарды ғана емес, жұлдыздар мен Күнді бақылау үшін жақсы жерлер табылды.
Г. А. Тихов ашқан ғылымның жаңа бағыты – астроботаникаға тоқталайық. Тиховтың Марс планетасына арналған астрофизикалық жұмыстары жақсы белгілі. Бірақ барлық уақыттағы барлық халықтың көңілін тудырған Ғаламдағы өмір мәселесіне көп көңіл аударды. Сөйтіп, 50 жж. бұл мәселесімен тығыз айналысты. Тиховты марсиандық «теңіздер» түсінің мезгілдік өзгеруі қызықтырды, бұл құбылыс Марста өсімдік болу мүмкіндігімен байланыстырылды. Ол мұнда жердегідей өсімдік демеді. Өзінің дәрістерінде ол: «Марста өмір өшуде, ал Жерде гүлденуде, ал Венерада енді ғана тууда»,- деді. Ол Марста ең төменгі сатыдағы өсімдіктер жайлы айтты. Соғыстан кейін Г. А. Тихов ҚазССР ҒА президиумымен астроботаника хатшысы болып тағайындалып, өмірінің соңына дейін болды. 1946 жылдан бастап Г. А. Тихов ҚазССР ҒА мүшесі болды.
Марста өсімдік бар деген тұжырымға қарсы факт – Марс теңіздерінде хлорофилл жұту сызығының жоқ болуы. Тихов осы қарсылықты шешумен айналысты. Оның айтуынша, оған аспаннан жерге түсіп, айтылған сұрақты шешіп, қайта Марсқа оралу керек. Ол Марс климатының қаталдығына байланысты, спектрінің тар учаскесінде хлорофилл жұту белдеуі болмау керек деген тұжырымға келді. Терісінше, өсімдік өмір сүру үшін спектрдің үлкен бөлігін жұтады. Бұл Марс өсімдіктерінің жарық коэффициентінің күрт төмендеуіне алып келеді. Жерде кең ауқымды ауыр жағдайларда өсетін өсімдіктер осындай құбылыстар болуы мүмкін.
Шынында да, Субарктика мен Памирде экспедициялар осыны дәлелдеді. Осылай Марстағы өсімдік өспейді деген тұжырымға қарсы факт алынып тасталды. Марс теңіздерінің мезгілдік түс өзгеруі көптеген гипотезалармен түсіндіріледі (Марс теңіздерінің минералды түбінің әр дәрежедегі ылғалдануы, шаң борандары және т.б.). Дегенмен олардың ешқайсысы ғылыми тұрғыда дәлелденбеген, олар гипотеза болып қалады.
Г.А. Тихов жүргізген акстроботаника секторының ғылыми жұмыстарын қалай бағалау керек? Мүмкін қазіргі күнгі дәрежедегі ғалымдар тиховшыл астроботаникалық мектебіне жоғарыдан қарап, қате болып көрінетін шығар. Дегенмен Марста өсімдік бар деген идея қате болса да (мұны әлі дәлелдеу керек), Тихов пен оның оқушыларының жұмыстары мен алынған нәтижелер жоғары дәрежеде болды.
Басқа сұрақ, ғылымның қай саласында – астрофизика немесе ботаникада бұл нәтижелер бағалырақ? Алдымен өсімдіктердің оптикалық қасиеттерін зерттеу әдісінің жаңалығын бөліп көрсету жөн, өсімдік зертханаларда хлорофилл бойынша емес, тамырымен, физиологиялық процесстерді бұзбай, ашық аспан астында зерттелді. Мұндай тапсырмаларды шешу аппаратураның жаңа констукциясын құрастыру қажеттігін тудырды. Бұл мақсатта Тихов жаңа спектрографтар мен басқа оптикалық приборлар құрастырды. Осы приборлар көмегімен Жер атмосферасының оптикалық қасиеттерін зерттеді. Г. А. Тихов бірінші болып ботаникаға астроспектрометрия әдісін енгізді, бұл оған және оның оқушыларына жаңа нәтижелерге жетуіне мүмкіндік туғызды.
Басқаша айтқанда, астроботаника космобиологиянын бастамасы болып табылады.
Біздің мемлекетте адам космосқа енуіне дайындық жүріп жатқанда, астроботаника секторындак жасанды климат камерасын, Марс климатына ұқсас жасауға жоспар құрды.
Өкінішке орай, Қазақстан Ғылым Академиясының президентінің ауысуы (Қ. И. Сатпаев), ҒЗЖ секторының бағалы нәтижелерінің бағаланбауы (Тихов өлімінен кейін тек материалды емес, моральдік қолдауын жоғалтуы) соңғының орындалмауына әкелді. Тихов және оның шәкірттері «Марсқа оралуға» үлгермеді. Тихов астроботаника саласында олардан деңгейі жоғары маман дайындап үлгерді. Аталып өткен себептер үшін олардың көбісі астрофизика мен ботаника саласында басқа тақырыптарға көшті. Астроботаника секторы еңбектеріндегі идеялар мен бағалы нәтижелер өсімдік физиологиясын және космобиологияны зерттеуде қолдануда.