Аулада футбол ойнап жүрген балалардың ойнына жанкүйерлер болып жүргенде, балалар қорғанысты ұмытып, қақпашыны жалғыз қалдырып шабуылда жүргенін талай көресін. Ал допты жоғалтып алғанда бәрі жапа-тармағай, ағысып, бір-біріне соқтығысып кейін қайтады. Әрине, доппен бұлай ойнау қате және де ойыншылар бұдан қанағат алады деп айту қателік. Жарыстарда және басқа да футболдық шараларда жақсы ойнау команда ішіндегі міндеттерді бөлу керек: біреулерді шабуылда болып анықталған жүйеде ойнау керек.
«Жүйе» ұғымы әр футболшының индивидуалдық қабілетіне байланысты алаңда орналасуы. Бұл командаға қорғаныста және шабуылда нәтижелі ойлауға болысады.
Ойын жүйесі бұл ойыншының тактикалық өнерінің айқын көріну түрі, ол анықталған тәсілде құралады. Яғни басқа да және қайталанып тұратын әдістің қолданысы.
Ойын жүйесі – ойыншы мен жаттықтырушының коллективті творчествасының қорытындысы. Әдетте бұл үрдісті ойыншылар бастап, жаттықтырушылар аяқтайды.
Жүйе жаңа болған сайын, оның қолданысы нәтижелі болады. Жаңа мазмұнды ойын жүйесін ойлап тапқан команда онымен қарсыласы түсінгенше ойнап, қолданады. Бәрі түсінгенсін, бұл жүйе бәріне де қолданылады.
Бірақ футболда тұрақты қолданылатын бір момент бар. Ол бірін-бірі жоятын тактикасы бар командалардың ойынын шеше алады, әлсіз команданың күштісін ұтуына да әкеледі.
Бұл момент сансыз ойыншылар теке-тіресі, ойын осыдан құралады, ойын негізінен 2-ші, 3-ші паста бұзылады.
Бұл қарсыластар формасы бойынша әр түрлі, мысалы бір ойыншының қорғаушыдан ұзап кетуде, нейтралды допқа таласуында.
Бұл қарсыластың бір ойыншының пайдасына шешіліп, оның командасына белсенді ойнауына жол ашады.
Негіщінен қарсыластың әр ойыншының индивидуалды сапасы және дарынын анықтайды.
Ойыншылардың қабілеті әр түрлі және бір-біріне қарсы қолданылғандықтан болжамаға және өзгеретін нәтиже береді. Анықталған «график» бойынша ойын тек жалпы түрде ғана болады.
Ойыншының индивидуалдық қабілеттері ойынды болжата алмайды, математикалық санауға жатқызбайды, ойын осымен қызықты. Ол адамныңтворчествалық әрекетіне байланысты.
Ойын жүйесі – ойын барысының жалпы түрі, ойыншыға әр моменттен және көп қарсыластан творчестволық шешім табу кеңістігі.
Бірақта бұл анықталмаған, жақсы ойластырылған жүйемен ойнауды жоққа шығармайды, өйткені мұндай жүйелер қарсыластың әрекетіне байланысты сәл өзгеріп, іске асады.
Сонымен өте жақсы жүйе деп әр ойында жаңа және күтпеген тактикалық анықталған ойын жүйесінде болатын тактиканы айтады.
Мысалы, қарсыласқа өз ойын жүйесімен ойнату, яғни ол команданы өз ыңғайына келтіру, бұл ол команданың тактикасымен силаспай емес, керісінше санаса өз ойыныңды ұсыну.
Санаспай ойнауға тек командалар күші өте әр түрлі болғанда ғана болады. Қарсыласты жаман ойлауға итеру, яғни оның әлсіз жерлерін және қателерін пайдалану. Бұл өз ойыныңды қарсыластың ерекшеліктерін есептей отырып әр ойында жаңаша ойнау.