Фонтанды скважина жабдықтары туралы қазақша реферат
Фонтанды скважинадан сұйықты көтерудің едәуір қарапайым әдісі – бұл осы мақсатта пайдаланушы колоннаны қолдану. Бұл кезде кедергілер туындауы мүмкін:а) қозғалатын сұйық әсерімен ондағы кампоненттер есебінен болатын эрозия; б) колоннаның едәуір диаметрі әсерінен қабат энергиясын рационалды емес пайдалану; в) сұйықтан тұз, парафин, механикалық қоспа кампоненттерінің бөлінуі есебінен кедергілердің туындауы.
Зақымдалған колоннаны қалпына келтіру мен кедергілерді жою көп еңбекті және әрқашан да эффективті емес. Пайдаланушы колонна скважинада шегендеуші колоннада болып есептелетін және кен орнының бүкіл өмірінде скважинаны бұзылудан және оған бөтен агенттерден қорғанудан қорғауға арналғанын ескеру керек.
Фонтанды скважинаның барлық жабдығын екі топқа бөлуге болады: жерасты және жерүсті. Жерасты жабдыққа СКҚ, якорь, пакер,клапандар, муфталар, скважинада жұмыс істейтін және шегендеуші және құбыр фланеці астындағы барлық құрылғылар мен тетіктер кіреді.
Жерүсті жаьдыққа сағалық арматура, жұмыс монифольдтары, штуцерлер, клапандар, задвижкалар, жер бетінде жұмыс істейтін бүкіл жабдық кіреді.
Технологиялық процестің талаптарына сәйкес жабдықтың тағайындалуы мен конструкциялық ерекшеліктерін қарастырайық.