Философиядағы орталық проблемасы адам болып табылады.
Адам туралы ілімді <адам философиясы> немесе <философилық антропологиясы>деп атайды.
Адам проблемасы философия тарихында.Бұл мәселе философияның пайда болуынан қарастырылып келеді.Бұдан 25 ғасыр бұрын Кун фу цзы өз философиясында адамгершілік проблемасын қарастырды.Оның ілімінің негізгі этикалық қағидасы:<Өзіңе тілемейтін нәрсені өзгеге жасама!>болды.
Будизмді өмір қайғы-қасіретке толы,алайда оларға соқпай өтуге болады, себебі бәрі де өзіне байланысты деп түсіндірілді.Аристотель адамды <ажалды құдайдай > деп түсініп,адамның биік мақсаты –бақыт деп тұжырымдады.Бақыт пен жоғарғы игілік адамға тән,ол оған толық жетілуге ұмтылған жағдайда,яғни белсенділіктің арқасында жетеді.Демек,жай ғана өмір сүрумен тынбау керек,себебі өсімдіктер де тіршілік етеді,ал сана белсенділігі – адамға тән мақсат.
Материалдық игіліктердің молдығы өз-өзінен бақыт жасай алмайды,ал олардың жоқтығы бақыттың беделін әбден түсіруі де ықтимал.
Ортағасырлық томизм ілімінде кез-келген адамның өз табиғаты тұрғысынан іздеуінің дұрыстығы айтылды:еркек пен әйелдің одағы,бала өсіріп-тәрбиелеу –игілік,өйткені табиғат заңдылығы солай.рационалды тіршілік иесі ретінде адам маңдайына қауымдастықта өмір сүріп,ақиқатқа ұмтылу жазылған.
Ренессанс дәуірінің 15-17 ғғ.гуманистік қозғалысында ізгіліктің тағдырдан биік тұратыны тұжырымдалады.
<Адам өліп,шіріп кету үшін емес,өндіру үшін туады.Адам далақдап бос жүру үшін емес,өзі қуана алатындай ұлы және даңқты істерге ұмтылу үшін,сондай-ақ жетілген қайырымдылығын пайдаланып,бақыт табу үшін туады.Жеңілгісі келмейтін адам жеңіске тез жетеді.Тағдыр тәлкегіне тек бағынуға дағдыланғандар ғана төзеді>.(Гуманист,философ математик,сәулетші Л.Альберти).
Ренессанс дәуіріндегі,адамды <табиғат кереметі> деп есептеді.Ф.Бэкон,Р.Декарт,Б.Спиноза адам бақыты оның өз қолында деп санады.Адам Б.Франклинше еңбек құралын жасайтын хайуан.<Адамдық қасиет оған тек туғанға берілген ерекшеліктермен емес,оның өзі жасаған құндылықтары арқылы өлшенеді>деп жазды Гете адам туралы.Марс бойынша:<Адам барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы>.Энгельстің пікірінше антропосоциогенезде шешуші рөлді еңбектену қызметі атқарған.Адамды еңбек жасаған.20ғасырда экзистенциалист Ж.П.Сартр адам –еркіндік иесі және тұрақты түрде өз аясына болғандықтан фактуальдылық пен трансцендентальдықтың бірлігі,тек заттар ғана шектеулі болуы деп түйді.Адам шектеулі емес.
Тағы бір экзистенциалист А.Камю адам өз маңдайына жазылған тағдырға мойынсұнбайды.Осыдан келіп метафизикалық бүлік туады деп пайымдайды.
Биологиялық және әлеуметтік жақтардың бірлігі.
Адамдар қоғамының хайуанаттардың табиғи тобырынан айырмашылығы оның биологиялықтан биік тұтастықта болатынында.Өндірс –ойлы тіршіліктің негізге алатын белгісі.Сондай-ақ ақыл-ой түсінілуі тұрғысынан Homo sapiens-тің бірден-бір жетістігі болып табылады.адамның <антропогенез>және қоғамның <социогенез> қалыптасуы жолында ұзақ кезеңдер болды,осы екі процестің бірегей антропосоциогенез аталған қырларының 3-3,5миллион жылға созылған уақыты барлық <жазылған тарих>мерзімінен мың есе көп.
Адам –табиғилықтан және қоғамдықтың бірлігі.Бұл орайда олардың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынын атап көрсету қажет.Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде өзінің <кіші бауырларының>,яғни жан-жануарлар мен хайуанаттардың тағдырын бөліседі.:туады,ауырады,ішіп-жеуге қажеттілікті басынан өткізеді,соңынан ұрпақ қалдырады,өледі.Адам бойындағы биологиялық жағдай оны хайуан<бабаларымен >жақындастырып,туыстырып қана қоймайтынымен бірге оның жана,жетілген биологиялық жағдайының сол жан-жануарлардан айырмашылығын да білдіретіне назар аудару қажет.Адамның қоғамдық өміріне ықпал ететін оның төмендегі тұқымдық организмі ерекшеліктерін көрсете кетуге болады:анатомиялық ерекшклігі ретінде және қоршаған орта жағдайларын жақсы көруіне қолайлы тік жүруі,икемді саусақтары бар ебдейлі қолдары,үш өлшемді көріп ,кеңістікте бағытты дұрыс ұстауға жәрдемдесетін және екі жаққа емес,қарсы алдына тура біткен қырағы көзжанары,психикалық жағынан алғырлыққа бастайтын үлкен миы мен күрделі жүйке-жүйесі,дауыс ырғақтарының алуан механизмі,тілді дамытуа жасайтын көмейі мен ернінің орналасуы.
Қазіргі кезде адамына шамамен 90 мың жыл.Биологиялық параметрлердің көрінуіне әлеуметтік процестердің де әсер етуі мүмкін.Мысалға,адам ғұмырының орташа деңгейі шамамен 80-90 жас болады.Алайда әлеуметтік жағдайларын ықпалына байланысты орта жас мөлшері ежелгі дүниеде 20-22-ден 30-ға дейін,Батыс Еуропада 20ғасырдың басына қарай 56-ға дейін ,дамыған елдерде 20ғасырдың аяғына қарай 75-77 жасқа дейін ұлғая түсті.Ал КСРО-да 1985 жылы орташа өмір ұзақтығы шамамен 69 жасқа тең болды.<Орта есеппен ер адамдар -63,ал әйелдер 73жыл өмір сүрді>.Ғұмырдың ұзақ не қысқа болуы өмрдің сапасына байланысты.Дегенмен,адасның қалыптасу жағдайын анықтайтын оның еңбегі ,әуел бастан ұжымдық,әлеуметтік тұрғыда көрінетін еңбек қызметі.Тек еңбек белсенділінің арттырылуы адам құрылымының табиғи ,биологиялық өзгеруіне айтарлықтай ықпал етеді.Адам-үлкен тұтастықтың –адамзаттың бөлшегі.Адамзаттың болса-адамдардың жиынтығы ғана емес.Бұл түрлі халықтарарасындағы экономикалық ,ақпараттық,мәдени және саяси процестердің нығаюы барысында қалыптасқан тарихи қаумдастық.Адам дегеніміз-өмірлік әрекеті материалдық өндіріске негізделіп,онысы қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде жүзеге асып,өзінің өмір сүруі ,қызмет жасауы,дамуы үшін және өзі де дүниені де өзгертуге саналы да мақсатты түрде бағытталатын процестер аясындағы тірі ,дене құблысы.Адамдар өзінің ара-қатынасында тұтас органикалық қоғамды құрайды.
Егер адамның биологиялық және әлеуметтік қырларының бірінші жағы абсолюттендірілсе,онда ол биологизаторлық<дарвинизм,расизм> деп аталады,ал, екінші жағы абсолюттендірілсе социологизаторлық делінеді.Дұрысында бұл екі жақ та диалектикалық бірлікте болуы тиіс.
Адамның мінез-құлқын ретке салып отыратын табиғаттан тыс жүйе мәдениет болып табылады.
Индивид,тұлға.Индивид –адам тумысының жеке өкілі.Индивид-өзінің физологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне қарай қайталанбайтын қасиеттері бар нақты адам.
Адам ерекше,бірегей,қайталанбас қасиеттеріне қатысты дара жаратылыс.Сондықтан <даралық>деген сөзге <жарқын >,<қайталанбас>деген эпитеттер сәйкеседі.
Жеке тұлға проблемасы персонализм ілімінде (персона-тұлға) зерттеледі.
Өз мінез-құлқының себептерін айқын біліп,оны қатаң бақылауға алып,бірегей өмірлік мұраттарына бағындыра білетін индивид тұлға болып табылады.Тұлға дегеніміз- индивид дамуының қортындысы,адам қасиеттерінің неғұрлым толық түрде іске асырылуы.Ал адам тұлғасының басты қасиеті –еркіндік.Тұлға үшін еркіндік иесі болу өмір сүрудің,дамудың ең қажетті де басты шарты.<Еркіндік-бұл танылған қажеттілік>(Гегель).Еркінсіздік жауапкершілік те жоқ.Тұлғаның мәндік сипаттамасы бәрінен-бұрын өз-өзін тану,ерікжігер,мінез,адамгершілік кемелділігі,кісінің дүниетаным қырлары,оның нақты құқықтары мен міндеттері,әлеуметтік белсенділігі және әрекет жасауы сияқты жағдайлар арқылы ашылады.Тұлға-өзінің азаматтық парызы мен құқықтарын саналы түрде сараптай алатын,жеке ар-абыройы бар,өзінің өмірлік мұраттарына,отбасының,халық пен мемлекттің тағдырына зор жауапкершілікпен қарайтын қоғамдық дамыған адам.
Социализация – индивидтің белгілі әлеуметтік рольдер мен мәдениеттің жүйелерін игеруі.Өз -өзін жүзеге асыру (қазақша ұғыммен<Адам болу>түсінігі) мәселесі қоғамға ғана емес,зор деңгейге жеке тұлғаның өзіне де байланысты.Тұлғаның еркіндігі молайған жағдайда оның өз-өзін тәрбиелеуі,өз әрекеттеріне жауап бере білу қабілеті,өз күшін нақты бағалауы,ақыр аяғында нар тәуекелге баруы маңызды орын алады.Әр дәуір жеке тұлғаның ерекше түрлерін туғызып отырады.Қазіргі нарықтық экономика жағдайында батыл эксперименттерге бара алатын,өзіне,өз ақылына,тапқырлығына сенімді,таңдау жасай білетін,еңбектеніп,табысқа жете алатын адамның әлеуметтік тұрпаты керек.
Тұлға бойында оның іс-әрекеті қызықты болады,сондықтан ол <қадам,қимыл субъектісі>болып табылады.Тұлға ұғымы индивидінің әлеуметтік сапасын,оның бірегейлігінің,даралығының өлшемін білдіреді.
Тұлға түсінігінің түбінде саналы ерік бастауы жатады.Жеке тұлға болу-қиын.Жеке тұлғалық болмыс – тынымсыз күш жұмсау деген сөз.<Адам>,<индивид> және <тұлға> түсініктерін салғастыру философия антропологиясының ең негізгі мәселелерінің бірі –адам тіршілігінің мәні мәселесін қарастыруға итермелейді.
Адам өмірінің мақсаты мен мәні.Бұл түсініктерді біржақты анықтау қиын.Эпикурлықтар өмірдің мәні өз қажеттіліктерінді қанағаттандырып,биологиялық және рухани тіршілігіңді қамтамасыз етіп,қуану деп пайымдады.Бұларды қоятын болсаң онда сен жоқсың,ешқандай қайғыру да,ешқандай құштарлану да болмайды.
Мұндай философиялық бағыт адамның өз өмірін бағалауына бағыттайды.Алайда мұндай бағытта адамзат болмысының рухани –адамгершілік белгілері болмайды.Ал адамның <біреулер үшін> және <белгілі мақсат> жолында өмір сүргісі келеді.
Ортағасырлық теоцентризм жер бетіндегі тіршілікте табиғи қуанышты бағаламайды,тіпті оны күнә деп есептейді.
Қайта өрлеу дәуірі теоцентризмге қарсы антропоцентризмді әкелді.Онда тіршіліктің мәеі мен мақсаты жердегі дүниені рационалды тану негізінде бақыт пен шаттыққа жету мүмкіндігі деп түсіндіріледі.
Ренессанс дәуірінің гуманизмі өзінің сыңары индивидуализммен бірге пайда болды.Индивидуалист өмірдің мақсаты тіршіліктің өзінде деп білді,демек,тірлік мәні — өмірдегі рахаттың бәрін көру.Эгоцентризм (<эго>мен) болса анархизмге,нигилизмге апарады.
Гете <Фауст>шығармасында өз кейіпкері –қарт ғалым докторының жасы ұлғайған шағында <ұмтылу-іс,еңбек>деген тұжырымға тоқтап,өзің үшін емес,өзгелер үшін,бостандық пен халық игілігі жолында өмір сүру қажеттігін түсінгенін айтады.
Өмірдің мәні өмірдің өзінде.Адам өмірі -өзінше құнды.Өмірді бағалап,сүйіп,оны өзгелер үшн де жақсарта түсуге ұмтылу керек.Ғұмырдың мәні туралы тек өз өміріңді емес,өзгелердің өмірін де құрметтеген кезде ғана айтуға болады.Адамның әлеуметтік мәнінен әрбір адамның өз қабілеттерін жан-жақты жамытып,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырып,қоғамдық процеске,оның мәдениетіне жеке үлесін қосуы қажеттігі дәйектеледі.
Біздің қоғамымызда <ақиқат жолымен>өмір сүруге ұмтылатын адамдар санының артуы ағымы байқалады.Мұндай құбылысты ақиқат жолына ұмтылып отырудың адамның түп табиғатында жататынын ескеріп,оны бірте-бірте үдете дамыта беруге болады деуге негіз бар.Адам үшін өзінің әділетпен өмір сүріп жүргенін сезіну үлкен құндылық болып саналады.
Адам жеке тұлға ретінде өз істері арқылы көрінеді де,халықтың жанында тек<ақиқат жолында> ғұмыр кешіп,<ақиқат жолында>жасап,<ақиқат жолында> әрекет етуші ретінде ұзақ сақталып қалады.
Әрине,әрбір адам өз өмірінің мән-мақсатын,құндылығын өзі айқындайды.Әрбір индивидтің әр кезеңдегі өмірдің мақсат-мәнін түсінуі бірдей болмайды,ол өзгеріп отыруға икемді келеді.
Жалпықоғамдық адам құқы декларациясының 25-бабында:<Әрбір адамға азық-түлікті,киімді,баспананы,медициналық көмекті және қажетті әлеуметтік қызметті қоса есептегенде өзінің және отбасының денсаулығына қажетті өмір деңгейінің құқы мен өз еркінен тыс жағдайларға байланысты жұмыссыз қалған сәттерде,ауырғанда,мүгедектікке ұшырағанда,жесір қалғанда,кәрілік келгенде тіршілік етуге қаражаты таусылған тұстарда қамтамассыз ету құқы беріледі>деп жазылған.(<Известия>,1989, 9-желтоқсан).
Сонымен,адам бір жағынан табиғи бөлігі,екінші жағынан әлеуметтік тіршілік иесі,әлеуметтік индивид,нақты қоғам мүшесі.<Тұлға>түсінігі тек адам бойындағы әлеуметтік мәнділікті білдіреді.Бұл оның қоғамдық мәні.Адам –дүниеге ашық тіршілік иесі.
Сөйтіп Софоклдың <Дүниеде таңқаларлық нәрселер көп,ал олардың ең ғажабы-Адам>деген тұжырымдамасына қосылуға болады.
Әрине, жер бетіндегі адамзат қауымы біртұтас. Бірақ олардың ұстанатын діни сенімі де, ділі де, дүниетанымы да, ойлау машығы да сан алуан. Әрбір ұлт пен ұлыс жаһанданудың аранында жұтылып кетпей, өзіндік ерекшелігін сақтап қалғысы келеді. Оған ықпалды да өзімшіл АҚШ пен Батыс бой берер емес. Бүкіл әлемге әлеуметтік құрылым туралы өз түсінігін, өзіндік ойлау машығын таңғысы келеді. Мұндай тегеурінге қарсы тұрар қауқары жоқ Шығыс не істей алады? Біреулер күрестің тым ұшқары түрі — жанкештілік (шаһиттік) пен лаңкестікті (терроршылдық) таңдап алуда. Бұған біздер қарсымыз. Ал қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев осыдан бір ғасыр бұрын-ақ бұл тайталастың басты қаруы — Батысты Шығыстың “мейіріміне, руханилық нұрына” бөлеу деп айтып кеткен. Мағжан ақынның бүгінгі тәуелсіз Отаны — Қазақстан дәл осы бағыттың, Батыс пен Шығыс арасында өркениеттік сұхбат арқылы рухани келісім мен татулық орнату ісінің бірден-бір орталығына айналып келеді.
Ұлт — ұлыс — жалпы адамзат қауымындағы саяси-әлеуметтік мәселелер туралы тереңнен ой толғаған Мағжан ақын әлемдегі барлық дау-жанжал мен қайшылықтардың түп тамыры жеке адамда, оның бойындағы ізгілік пен зұлымдықтықтың арақатынасында жатыр деген тұжырымға келеді.
Ойшыл ақын адам болмысына жақсылық жасауға деген ұмтылыс пен жамандықтан бойын аулақ салу тән, “ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе” деп есептейді. Мағжанның пікірі бойынша, “махаббат” және “ізгілік” сөздерінің мазмұны өте жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді. Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды. Адам бақыты — біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отанына сүйіспеншілігіне, екіншіден, ұлт пен адамзаттың жай-күйіне тәуелді. Адам өз заманы мен мәдениетінің перзенті, ол өзінің қызметінде өз ұлты мен адамзаттың мүддесін басшылыққа алады. Ой еркіндігі Мағжан дүниетанымының басты принциптерінің бірі. Еркіндік адамның өз ойы мен ісі үшін жауапкершілікте екенін білдіреді. Жауапкершілік сезімі адамның басқалармен бірге өмір сүру қажеттілігінен туындайды. Адамның ақылы мен ойы неғұрлым терең болса, соғұрлым оның жауапкершілік сезімі де жоғары.
Мағжан қазақ халқының шынайы өкілі ретінде әлемді, тарихты, кеңістікті “адам мен адам”, “адам мен қоғам” және “адам мен табиғат” арасындағы үйлесім арқылы бейнелейді. Ұлы ойшыл адамның жандүниесіне керекті бірден-бір қасиет — қиялдың қалыптасуына жағдай тудыратын оның қоршаған ортасы деп санаған. Адам халықтың мүддесі тұрғысынан шынайы қиялдай білуге тәрбиеленуі керек, сонда ғана арман мен қиял адамды жақсылыққа, ізгілікке жетелейді.
Мағжанның көзқарасы бойынша, адамның әдемі пішіндерді, табиғаттың сұлулығын көру қабілеті, терең ойлау мен қиялдың ұшқырлығы күрделі таным процесі арқылы жүреді. Ақын жалпы “таным” деген ұғымды әртүрлі әдемі түстерден рақат алу, табиғат құбылыстарының жаратылысы, ондағы дыбыстардың сан алуандылығынан ерекше әсер алу деп ұғады. Сұлулықты сезіну адамның өмірге деген қызығушылығын арттырады. Ол эстетикалық талғамы бар адамның барлық уақытта жамандықтан жиреніп, ізгіліктің, жақсылықтың қажеттілігін сезіне білетіндігін баса айтады: “Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді”.
Мағжанның философиялық көзқарасы бойынша, жан дегеніміз әлемді тануға бейім әрі адамның ерік күш-жігерін өзіне аудару, әдемі буын, тамаша дыбыс, ғажап түрмен (пішінмен) ләззаттану. Жан жамандыққа жиіркеніш сезіммен қарап, жақсылыққа, ізгілікке қарай талпынады. Философ-ақын адам үшін жанның қаншалықты мәнді екені жайында: “Адамзат дене һәм жан аталған екі бөлімнен тұрады, бұл екі бөлімнің соңғысы, яғни жан, адамзат үшін аса қадірлі болады, дұрысын айтқанда, адамға шын мағынасымен адам деген атты осы жанға береді” деп жазады.
Жалпы, адам өмірінің мәні, өмір мен өлім проблемасы — философиядағы мәңгілік тақырыптардың бірі. Әсіресе, қазақ философиясында бұл тақырып терең зерделенген. Мысалға, өлімді өнердің күшімен кідірткен Қорқыт Ата ұлағатының өзі әлемдік философиядағы мәңгілік проблеманың өзгеше шешімі болып табылады.
Иә, адам — жер бетінің қонағы. Қазақ халқы бұл ақиқатты “өзекті жанға бір өлім” деп қысқа да нұсқа тұжырымдаған. Ал Мағжан болса, өлімді — адамның жер бетіндегі ғұмырының аяқталуы деп қана емес, мәңгілік мекеніне аттануы деп бағалайды.
Жалпы, Шығыс философиясында, оның ішінде қазақ философиясында да, адам баласының ертеңгі “бір өлім” туралы ойлануы оның имандылыққа, ізгілікке бет бұруының өлшемі ретінде қарастырылады. Өлім туралы ойланған адам сатқындық пен арамдық жасамайды, бұл пәнидегі ғұмырын мәнді өткізуге ұмтылады.
Кешегі кеңестік құқықтық саясат ұзақ уақыт бойы осынау кемеңгер ақынның есімін де айтқызбай, халық жадынан ұмыттыруға тырысып бақса да, Мағжан жырлары қара түнектің өзін жарып шықты, сөйтіп, өзі армандаған тәуелсіз қазақ елінің еркін ойлы азаматтарына мәңгілік рухани азыққа айналды.
“Жібердің басқа жұртқа жолбасшылар,
Әр жұрттың жолбасшымен көзі ашылар.
Не елші, не жол сілтер кітабы жоқ,
Алашқа әлде жазғаны бар да шығар?” — деп, бүгінгі күнді болжап кеткен ақынның сұңғылалығына тәнті бола отырып, нағыз сын сағатта елімізді тәуелсіздікке бастаған Жолбасшының да болғанына, жол сілтер кітаптардан да кенде қалмағанымызға мың да бір шүкіршілік етеміз.
Шынайы поэзия туындысының қадір-қасиеті уақыт өткен сайын бедерлене түсетіні белгілі. Тарихи тұлға Мағжанның туған халқы мен адамзат өркениеті алдында сіңірген еңбегі де солай — ғасырдан ғасыр озған сайын өркештене түседі. Ал, тағдырдың ең бір қиын бұралаңдарында халқының бойына қуат берген, жігерін жанумен болған Мағжан поэзиясы келер ғасырлардағы толқын-толқын талай ұрпаққа ата-бабаларының мұңы мен шерін, арманы мен рухын ұмыттырмай, үнемі құлағына құюмен болары анық. Жер бетінде Қазақ елі мәңгі тұрғанда, осынау мәңгілік сарын да ешуақытта үзілмейді және сөнбейді. Оған ешкімнің ешқандай күмәні болмас. Сонымен қатар, оның рухани мұрасында өз халқының жарқын болашағына мол сенімі, жалпы сенім құндылық ретінде тереңірек қарастырылған.
Мағжан поэзиясындағы адам құқы мен бостандығы ұлттық пен жалпыадамзаттық құндылықтар, поэзия мен философияның арақатынасы, ой еркіндігі, адам болмысы мен имандылығы, әлеуметтік таным мәселелері, Мағжанның ойлау мәдениеті және дүниетанымы қазіргі күні жаһандану тұрғысынан жүйелі және тереңірек философиялық-дүниетанымдық зерттеуді қажет етіп отыр.