Ежелгі Грек музыка

Ежелгі Грек музыка әдебиеті Еуропа музыка мәдениетінің алғашқы тарихи кезеңін құрап, оның балалық шағы секілді. Антикалық гректің музыкалық мәдениеті өзіндік қайталанбас келбеті мен жеткен жетістіктеріне ие, олар Еуропалық ортағасырлық мәдениеті мен Қайта өрлеу кезеңінде аса айқын көрінеді.

Сегіз ғасырға созылған (б. з. д. V – б. з. III) тарихи уақытта не бары 11 көне грециялық музыка үлгісі бар. Бұл Еуропадағы әуенді жазудың алғашқы қадамы.

Көне Грек мәдениетінің маңызды ерекшелігі, музыканың басқа өнерлермен синкретикалық бірлікте болғанында жатыр. Музыка поэзиямен ажыратылмас байланыста (бұдан — лирика), музыка трагедияның ауыстырылмас қатысушысы, музыка және би – бұның бәрі көне гректік көркем өмірінің сипатты құбылыстары. Көне Грецияда поэтикалық сөзсіз, пастикадан тыс, немесе театрлық әрекетке кірмейтін, әсіресе асаптық музыка өнері жалпы халықтық құрметке бөлінбеді. Яғни ол тек басқа өнерлемен бірге өмір сүрген.

Археологиялық қазбалар нәтижесіндегі мағлұматтар б – ша критомикендік кезеңде Көне Грецияда дамыған музыка мәдениеті орын алған. Систр, үрмелі, лира сияқты аспаптардың суреттері арғы көркем дамудың тек шығыстық әсерден ғана емес, жерілікті ежелгі мәдениеттің негізінде болуын айқындайды. Көне гректік мифтердің де – Орфей, Олимп, Марсия жайлылар – тамырлары ежелгі уақыттарға созылып жатыр.

Грециядағы ерте музыка мәдениеті жайлы құнды мағлұматтары гомерлік эпос хабарлайды. Ол өзі музыка орындаумен байланысты. «Илиадада» тұрмыстық әндержайлы, поэма кейіпкерлері өздері ән салып, би билеп, форминксте ойнағаны баяндалады. «Одисеяда» халық музыканттары арасынан шыққан әнші – жыраулары, аэдтер туралы мәлімденеді. Олар эпостарды шығарып, адамдардың құрметіне бөленіп жүрген екен.

VII – VI ғғ. Көне Грециядағы поэтикалық – музыкалық айқын бағыттары жайлы, әнші – ақындары туралы нақты тарихи нақты мағлұматтар жатады. Бізге таныс көркем мектептердің ең ежелгісі Лесбос аралымен байланысты.Онда поэтиклық жарыстар өткізілетін қала, Спартада өзінің жеңістерімен әйгілі болған поэт және әнші Терпандр (VII ғ. соңы) шыққан. Аңыз бойынша кифарамен қосылып ән айту сол Терпандрдан басталды. Аэдтерге қарағанда кифарашылар музыкалық бастауға көңіл бөлді. Кифародиямен бірге авлодия да дамыды, бұл – авлоспен қосылып ән салу болып табылады. Ал авлистика VI ғ. дамыды, бұл  – тек аспаптық жанр.

VII – VI ғғ. эпикалық шығармаларды жеке орындаушылықпен бірге айрықша хорлық жанрлар  да дамиды. Мысалы, Крит аралында хорлық әндетулер пластикалық қимылмен біріктіріп (гипорхема), кейбіреулеріне магиялық маңыз берілді. Мысалы, пеан (емдік ән – би). Тиртей Спартадағы мектептің көрнекті өкілі және әскери хорлық әндердің авторы.  Спартандықтар музыкаға мемлекеттік, тәрбиелік үлкен маңыз берген. Музыкаға баулу оларда кәсіби үйрету емес, жапы жастарды тәрбиелеуде берілетін. Осыдан эпос теориясы бастау алған.

Көне Грецияда музыка – поэтикалық өнерде лирикалық тақырыпта алға шығарған жаңа бағыт ионийлік Архилок (VII ғ.) және лесбийлік мектептің өкілдері Алкит мен Софокл (VII мен VI ортасы) аттарымен  байланысты. «Лирика» сөзі лирада ойнаудан туады. Архилок крузисті қолданған, яғни «әндетуге еніп тұратынды» сүйемелдеу. Осылай вокалдық әуеннің бірге орындалып тұратын «нұсқамен» тоғысу мүмкін болды. VI ғ. лирикалық поэзиясында бірнеше  жанрлық түрлер бар: элегиялар, гимндер, үйлену тойы әндері. Анакреонт (VI ғ. ортасы) шығармашылығында аса үлкен орын махаббат лирикасына жатады. Сонымен қатар сколиялар (дастархан басында орындалатын әндер) және партениялар (культтық әндер) және эпиникиялар (жарыстар жеңісшілеріне орындалатын) әйгілі. Пиндар (522 – 448) өзінің партенияларымен танымал. Пиндардың пифийлік одасына кіріспе – біртума ескерткіш. Екінші ескерткіш V ғ. жатады. Еврипидтің «Орест» трагедиясынан үзінді болып табылады. Трагедия – бұрын болған өнерлердің (поэзия – музыка, пластика – музыка) биік синтезі деп айтуға болады.

Трагедияның классикалық ғасыры боп  б. з. д. V ғ. саналады: оның соңғы үштен екі бөлігіне ұлы трагиктер – Эсхия (шам. б. з. д. 525 – 456 жж.), Софоклдың (шам. б. з. д. 496 – 406 жж.) және Еврепидтің (шам. б. з. д. 480 – 406 жж.) шығармашылық жолдары жатады.

472 ж. Афинада трагедия қойылатын, Дионистің зәулім театры салтанатты түрде ашылды. Хор трагедиялық сахнада халық атынан қатысқан.

Өзінің мазмұнында грек трагедиясы Эсхилда ежелгі мифологияға сйенсе, тұлғалық – қаһармандық, субъективті бастау Сфокл мен Еврепидте күшейе бастайды.

Трагедия қойылымдары ұлы дионисияларда V ғ. Афинада трагиктердің сайысы сияқты өткен. Актерлар әнші де болған; хор әндетуі пластикалық қимылмен қосылған. Авлос пен кифара, гректердің сүйікті аспаптырымен, ән сүйемелдеді. Бірақ спектакль кілең музыкалық болған жоқ: диалогтар әуенді речитацияға көшті, мелодрамаға – әндетуге. Дрманың    әр эпизодын музыкалық – пластикалық хорлық стасималар аяқтады. Реніштер, «жылаулар » кейіпркерлердің коммасына ойнап отырған, актердің хормен қосылып айуын білдіреді.

Эсхилде хорлық музыка басым болды. Хордың басында шығуы пародпен белгіленген: бұл драмаға хабарлауыш кіріспе және оның лирикалық  айындауышы. Сосын, әр эписодий    хордың стасимымен аяқталады, эскилдың трагедияларының  музыкасы ұстамды, қарапайым, диатоникалық б. т. деп жорамлдайды.

Софоклда трагедияларының кернеулі дрматикалық даму, эпикалық және лирикалық элементтердің қысқарып, жеке актер маңызының өсуі, қаһарманның алға шығуы музыкада сәулеленеді. Софоклда хорлар лирикалық – драматикалық мазмұнды және жинақы, әрекет дамуында маңызды рөл атқарады.

Софоклдың жаңа тенденциялары Еврипидте күшейе түседі. Драмадағы функциясын өзгерткен хордың мазмұнына жеке тұлғалық сезімнің енуі тән. Еврипид стилі бойынша   IV ғ. шыққан жаңа бағыттың өкілі, және оның музыкалық трагкдиялық театрдан асып, шекарасын аса кеңейткен.

Ежелгі Грециялық трагедияның алдағы уақытына ықпалы, оның эстетикалық табиғатымен, синтетикаық сипатымен, драматургиялық концепциямен байланысты.

Грек комедиясы музыкасының рөлі туралы тарихи мәлімет онша көп емес. Бірақ онда да хор қатысөаны белгілі. Комедия музыкасы жанрдың сипатына қарай – жеңіл, вакхтық кордакс болды.

Элминисттік кезеңде өнер халықтың көркемдік өмірінен шыққан емес, ол толығымен кәсіби түрде дамыған. Дәл осы уақытта Филоксен, Цитера өкілі (435 – 380)хорлық дифирамбтарды үлкен виртуоздық соло қосып жасайды. Милет өкілі Тимофей (449 – 359) кифарада ішек санын көбейтіп, шығарманың виртуоздығымен тыңдаушыларды тамсандырған.

Ежелгі Греция музыкасы айлы жазылғанның барлығы, сақталған материалдарға қарап отырып мелодиканы сипаттау болды деп айта аламыз. Ежелгі Греция  музыкасына бірдауыстылық тән.

 

Платонның алға шығарған, Аристотель тереңдеткен эпос теориясы антикалық музыка туралы ой аса қызықты.

Платон өзінің кіршіксіз мемлекетінде (басқа өнер арасынан) музыкаға басты рөлді жақсы азаматты тәрбиелеуде бекіткен. Платон көзқарасы бойынша эпостың маңызы шығармада немесе оның бейнелігінде, мәнерлеу тәсілдері системасында емес, тек аспаптың сазы (лад) мен тембрінде жатыр.

Аристотель музыкасы, бір емес, бірнеше мақсатта қолдануы керек деп санайды. «1)  тәрбиелеу үшіін, 2) тазару үшін, 3) интеллектуалдық сауық – сайран үшін, яғни кернеулі жұмыстан дем алып, сабырлы олу үшін.

Гректің ойшылдарының  арасындағы музыка жайлы жазған алғашқы философ, математик – Пифагор (б. з. д. VI ғ.). Ол бастапқы музыкалық интервалдардың зерттеулерінің иесідеп саналады. Бұл толығымен математикалық қатынастарға, ішекті бөліп санау арқылы болған. Және адам есту қабілетінің талаптарына, әуезділікке мүлдем жауап бермеу болды.

«Пифагоршы – канониктерге» соңыра «гармониктер» бағыты қарсы тұрды. «Гармониктер» – IV ғ. Таренттен шыққан Аристоксеннің, Аристотель оқушысының ізбасары. Аристоксен жетістігі – музыка теориясының талаптарын белгілеп, жуйелеу.

Ежелгі гректік саз туралы ілім бірнеше ғасыр бойы күрестіріліп, александрийлік ғалым Клавдий Прюломейдің қолымен қорытындыланды. Ол б. з.  II ғ., антикалық дыбыс тізбектерінің теориясының толық мәлімдемесін қалдырды.

Ежелгі Грецияның саздық жүйесінде негізгі мелодиялық буын рөлін тетрахорд атқарған. Егер ми – ре – до – си тетрахорды соңынан тағы сондай келсе – саз дорийлік болады, оны Платон мен Аристотель қатаң, адам жанына ішкі тепе – теңдік тудыратын мәдениет деп санады. Екі фригийлік тетрахорд біріксе (ре – до – си – ля және соль – фа – ми – ре) фригийлік саз , пайда болды, бұл дифирамб сазы. Екі лидийлік тетрахорд (до – си – ля – соль және фа – ми – ре – до) лидийлік саз құрады, бұл мұңлы, интимді.

Хроматизм мен энгармонизм бірге дыбыстізбектің ішіндегі бегілеулерде гректер аспаптың сазына сүйенген.