“Америкада алтын мен күміс кендерінің ашылуы , жергілікті халықты құрту, құлдыққа сатып, рудниктерге тірідей жерлеу, Ост-Индияны басып алып, талап-тонау жөніндегі алғашқы қадамдар , Африканы қара түстілерді аулайтын қорыққа айналдыру- өндірістің капиталистік заманының таң шапағы міне, осындай болды. Бұл идиииялық процестер – капиталдың алғашқы қорлануының басты кезеңдері ғана”.
Жергілікті халықты қанаудың Испания Америкасында ұзақ уақыт бойына үстемдік еткен формалары, испандықтардың Эспанольеде жүргізген билеп – төстеуінің алғашқы жылдарында-ақ қалыптасты. Келімсектер үндістерді құлдыққа сала бастады. Құлдардың бірнеше партиясы тіпті Испанияға да жіберіліп, онда сатылды. Колумб бүкіл үндістерді құлдыққа айналдыруды ұсынып, мұнан корольге орасан зор пайда түсетіндігін дәлелдеді, бірақ оның ұсынысы қабылданбады. Үндістерді “еріктілер ” деп жариялады, сөйтіп құлдыққа, расында біраз құйтұрқы ережелер белгілеумен, тыйым да салынды. Испания үкіметі мен католиктік шіркеу үндістерді жаппай құлдыққа салуға немесе қырып тастауға мүдделі болмады. Шіркеу өзінің діншілдерінің санатын ұлғайтуды көздеді, демек, өз отарларындағы ықпалдарын күшейтіп , табыстарын арттыруға ынталы болды. Үкімет болса жергілікті халықты алым- салық төлеуші және жаңа бас июшілер деп білді, олардың еңбегін тікелей қанаудан бас тартпаумен қатар оларды кастилиялық қоныстанушылардың қарауына бүтіндей бергісі келмеді. Өйткені бұлардың түбінде бағынбай қойып жаңа сеньорларға айналып кетулерінен сескенді. Бірақ қоныс аударған отаршылар іс жүзінде күштірек болып шықты.Олар үндістердің қыр соңңынан қалмады және кісі етін жейтіндер дегенді сылтауратып құлдыққа айналдыруларын қоймай жүргізе берді. Сөйтіп, олар бүкіл жергілікті халықты құлдыққа салды және үкіметті бұған рұқсат беруге мәжбүр етті.
Колумбтың ашқан елдеріндегі орасан зор байлық үздіксіз ағылып келіп жатады деген үміттер, оның саяхатынан соңғы алғашқы жылдарда-ақ үзілді.Алғашқыда Эспанольеден адам айтқысыз алтын байлықтарын таппақшы болып қиялдаған Колумб, арал халқының 14 жастан асқандарының бәріне алтын құмымен немесе мақтамен төленетін салық салды. Бірақ көп ұзамай – ақ керекті алтын мөлшері үндістердің жылына төрт рет жинап бере алмайтыны анықталды : Эспанольедегі алтын қоры да аз болып шықты және үндістер оны үнемі өндіре де алмады. Сондықтан да бұл жарналар кастилиялық қоныстанушыларға сыйға тартылған рудниктер немесе жер учаскелерінде ауыр еңбек міндеткерліктерін атқарумен алмастырылды. Мұндай сыйлықтар, дәлме-дәл айтқанда , жер “ бөліктері” (пепартимьенто) Эспанольеде 1497 жылдан бастап 1514 жылға шейін әлденеше рет жүргізілді. Әрбір жер (бөліктеріне) үндістердің бір немесе бірнеше деревняларында тұратын халық бекітілді. Олар жер иелерінің пайдасына барщиналық жұмыс атқаруңа міндетті болды.
Құлдыққа салудың екінші бір түрі – “ энкомьенда”( “сеніп тапсыру” немесе “патронат”) кеңінен тарады. Король өзінің “ерікті” үндістерін – вассалдарын кастилиялық қоныс аударушыға (колонистке) – біржолата емес, тек уақытша пайдалануға сыйлады, (шын “сеніп берді”). Ал колонист (“энкомендер”) үндістердің еңбегін қанағанымен тапқан табыстарының әдетте төрттен бірін қазынаға төлеп отырды. Шын мәніндегі толық крепостнойлыққа айналдырудың осы түрі екі жүзділікпен үндістер мен христандардың арасында тығыз байланыс орнату деген желеумен бүркемеленіп, үндістерді христиандарға айналдыру мақсатын көздеді
Кейінірек Мексика мен Перуде де жерді осылайша бөліп оған жергілікті халықты бекітіп берушілік кеңінен қолданылды. (11 –89 б.)
Европалықтардың Антиль аралдарына келіп қоныстанулары жергілікті халықтардың түбіне жетті. Плантациялар мен рудниктердегі титықтататын ауыр жұмыстар, жиі — жиі болып тұрған көтерілістерді айуандықпен тұншықтырып тастау, толып жатқан індеттер, аштық ақыры испандықтардың билік құрған 20 жыл ішінде Эспанольеде тұратын жергілікті миллион халықтың не бары 10-15 мыңының қалуына әкеліп соқты, ал XVI ғасырдың орта шеніне таман Антиль аралдарындағы жергілікті халықтан бірде — бір адам қалмады.
Барған сайын жетіспеген жұмыс күштерін толықтырып отыру үшін 1501 жылдан бастап – ақ аралдарға Африканың негрлерін әкеле бастады. 1518 жылы негрлерді әкелу туралы ең алғашқы келісім (асиенто) жасалынды. Еріксіз негрлердің саны күрт өсе бастады. Олпо жергілікті халыққа қарағанда қара жұмысқа анағұрлым бейімдеу болды.
Жаңа Дүниенің отарларында капиталистік қатынастар дами алмады, мұнда құлдықпен крепостниктіктің қатыгез формалары кең өріс алды. Африка халқын үш жүз жылдан астам уақыт қанап (XIX ғасырдың орта шеніне дейін) сұрапыл езіп, үстемдік құрған құл саудасының зардабы африкалықтар үшін апатты болды. Құлсаудасын жүргізушілер жергілікті князьсымақтардан соғыс тұтқындарының партияларын сатып алып, оларды көршілеріне айдап салды және тайпалардың арасын үнемі жауластырып , дау-жанжалдарды үдете берді.Америкаға Африкадан сол уақыттың ішінде 100 миллионнан астам негрлер жөнелтілді (солардың ішінен Америкаға төрттен бірі ғана аман-сау жетен болар, ал қалғандары жол ауыртпалығын көтере алмай қырылып қалды). Бұл жағдай континентті мейлінше қансыратып, оның өндіргіш күштерінің өсуін кідіртті және олардың мәдениетін европалықтар келгенге дейінгіден де мүлдем құлдыратып жіберді.