Европа мен Азияның солтүстік жағалауын және Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерін зерттеу. Пираттар экспедициясы туралы қазақша реферат
ХҮІ ғасырдың орта шенінде Атлант мұхитының кеме жолдарында Испания, Франция, Англия, Голландия, Дания кемелері көбейе берді. Бұдан Батыс Европа мемлекттері дүние жүзіндегі құрлықты және мұхиттар мен теңіздерді қайта бөлісуге өз ара жанталасты. Ағылшын пират кемесін басқарған Ф. Дрейк испан кемелеріне шабуыл жасады, Тынық мұхитта Француз кемелері Солтүстік Америка жағалауларында басқа елдердің кемелерімен қақтығысты.
Дрейк бірнеше аралдарды ашып, кемемен жер шарын айналып шығуға шықты. Оны Ағылшын үкметі қолдады. Ол 1580 жылы 2 жыл 9 ай дегенде жер шарын кемемен Магелланнан кейін екінші болып айналып шықты.
ХҮІ ғасырдың орта кезінен бастап Португалияның Азиядағы отарларына ықпал азая берді. Бұл кезеңде Мұхиттың арғы жағына голландиялықтар да аттанды. Голландия 1602 жылы белгілі «Ост-Индия» компаниясын кұрды. Сөйтіп португалдарды бірте-бірте тысқара бастады. Енді Үндістан, Қытай, Жапония жағалауларын Голландия өз отарына айналдырып, Суматра, Ява, Борнео, Целебес, Молукка аралдарын, «Добрая Надежда» мүйісін аз уақыт өз колына алды. Сөйтіп, «Ост-Индия» компаниясы Шығыстың сан түрлі байлығын тасып әкетіп отырды.
Солтүстік-шығыс кеме жолдарын ағылшындардан кейін голландиялықтар зерттей бастады. Голландиядан шыққан бір кеме 1584 жылы Қар теңізі маңында суға батты. Бұдан 10 жыл өткен соң голландиядан солтүстік жағалаумен төрт кеме аттанды. Бұл экспедиция 71 градус солтүстік ендікке дейін барып зерттеу жұмысын жүргізді. Бұлардың мақсаты Москва мемлекетімен, Жапония, Қытай елдерімен сауда жасасып, Үндістанға баратын кеме жолын ашу еді. Сонымен, экспедиция Жаңа Жер аралының солтүстігіне дейін барып, Баренц, Қар теңіздерін зерттеп қайтты. Ол кезде бұл өңірді жан баспаған еді. Баренц Европаның Солтүстігіне үш рет экспедиция ұйымдастырып, мұқият зерттеді.
Ол Голландияның «Ост-Индия » компаниясына қожалық етіп, бүкіл Азия жағалауындағы сауда ісін Дрейк өзі басқарды.
Пираттар экспедициясы.
Мұндай экспедицияны негізінен Англия жіберіп отырды. Олар Испания, Португалияның шығыстан байлық тиеп әкеле жатқан кемелерді тонауға арнайы жол торитын болды. Бұл кейін Франция, Голландияда да болды.
Міне осындай «пират» экспедицмияларының бірі әйгірі Дрейк бастаған экспедиция болды. Ол алдымен Англия королевасының бұйрығы мен Мексикаға аттанды. Англия кемелері «Жасыл мүйіс» аралына тоқтап негрлерді аулап, оларды Антиль аралдарына апарып Испанияға сатты. Дрейктен соңғы ағылшын теңізші-пираты – Томас Кавендил. Ол Америка, Африка жағалауындағы Португалия, Испания кемелерін, қала, селоларын тонап, көп олжамен қайтып жүрді.
Ал ХҮІІІ ғасырда ағылшындар материктерді толық зерттей бастады.