Есіл өзеніндегі мөңке балық популяциясының генетикалық полиморфизмі және жыныстық қатынастары

Есіл өзеніндегі мөңке балық популяциясының генетикалық полиморфизмі және жыныстық қатынастары туралы қазақша реферат

   Есіл өзені балықшаруашылығының болашағы зор өзендердің бірі. Онда балықтардың 20 шақты түрі тіршілік етеді. Соның ішінде қарапайым немесе алтын мөңке балық (Carassius carassius) және күміс мөңке  балық (Carassius autarus gibelio) сияқты балық түрлері бар. Айта кетерлігі, күміс мөңке балықтың саны алтын мөңке балықтан әлдеқайда көп немесе басымырақ.

Күміс мөңке балықтың алтын мөңке балықтан бірқатар ерекшеліктері бар. Атап айтқанда, денесінің ұзындығы алтын мөңке балықтан гөрі қысқа, түсі күмістей, алтын түстілері де аз кездеспейді.  Құрсағының түсі қаралау, арқасы құрсағынан қарағанда әлдеқайда қап — қара; жүзбеқанаттары сары түсті. Күміс мөңке балықтың денесі алтын мөңке балықтан қысқа болғанымен, ол анағұрлым тезірек өседі. Ең ірі дараларының ұзындығы 40 см-ге, салмағы 4 кг-ға дейін барады.

Carassius autarus gibelio жыныстарының тең емес қатынасы мамандардың назарын өзіне аударып келеді. Бұл жағдай Орта Азияның, Батыс Сібірдің және Еуропаның көптеген су қоймаларындағы аталған балық түріне тән. Есіл өзенінде Carassius autarus gibelio аналықтары тіршілік етеді, ал аталықтары сирек кездеседі. Тұтас алғанда ауланғандардың ішінде аталықтарының үлесі   5 — 6%-дан аспайды.

Аталықтары жоқ болған жағдайда күміс мөңке балықтың популяциясында көбею басқа түрлердің: табан, сазан, торта балық, алтын табан балықтың қатысуымен табиғи гипогенез арқылы жүреді. Айта кетейік, ұрықтың ядролық материалы жұмыртқа плазмасында инактивацияланады және жаңа ағзаның дамуы тек аналық жүйеліліктің бақылауымен ғана өтеді, бұл жағдайда тағы да аналықтар пайда болады.

А.М.Кукурадзе мен Л.Ф.Мариаштың [1] мәліметтері бойынша кейбір өзендерде күміс мөңке балықтың өсу қарқыны бойынша ерекшеленетін екі популяциясы бар, атап айтқанда, аталықтар 25% болып, мардымсыз өсетіндердің қатарынан табылады, ал тез өсетін форма аналықтардан тұрады.

Басқа тұқы тәрізді балықтар сияқты мөңке балықтарда келесі заңдылыққа ие: майда балықтардың арасында аталықтары көп болса, ірі балықтардың ішінде аналықтары жиі кездеседі. Өсімі аз экологиялық популяциялардың аталықтарын келесі бітім белгілері бойынша ажыратады: біріккенұлпалық жарғақшамен толық қамтылған сәулелер; түссіз құйрық жүзбеқанаты; жылдық сақиналары әлсіз көрінетін майда тегіс қабыршақтары; дене жабыны сілемейленген.

Қосжыныстылық пен біржыныстылыққа байланысты Есіл өзеніндегі мөңке балықтың үш бірдей түрлері тіршілік етеді. Қосжынысты кәдімгі (алтын) мөңке балық – Carassius autarus және біржынысты күміс мөңке балық — Carassius gibelio.

Бірқатар авторлардың [2,3] жұмыстары мөңке балықтың аталған үш түрінің арасында нақтырағы гибридтері санының көптігі күміс мөңке балықтың арасындағы гибридизацияның жеңіл өтетіндігі жөнінде куәлік етеді. Н.Б.Черфастың [4] мәліметтері бойынша, күміс мөңке балықтың қосжынысты формасының аталықтары денесінің соматикалық клеткаларындағы хромосомаларының орта саны 94 болып табылады, ал біржынысты формадағы аналықтар (өсімі тез күміс мөңке балықтың) соматикалық клеткаларындағы, сондай – ақ гаметаларының хромосомаларының орта саны 141 болып табылатын триплоидтар. К.А.Головинская [5] өмір сүру ортасындағы жағдай жақсы кезде аналықтарының саны, біржынысты форма көп болады, ал жағдай нашарлағанда қосжынысты форманың саны көбейіп, популяцияда аталықтарының саны айтарлықтай көп болады деген пікірді қолдайды. Табиғи сұрыптау күшейген кезде, тіршілік ортасы жиі өзгеріп тұратын жағдайда, мөңке үшін өз түрінің аталықтарын көбейту процесіне қатысқаны тиімді. Себебі, осыдан пайда болған буын өзінің генетикалық әртүрлі сапалылығының арқасында тірі қалуға мүмкіндігі мол.

Біздің талдаған мәліметтеріміз Есіл өзеніндегі күміс мөңке балықтың  баяу және тез өсетін экологиялық формалары балықтардың симпатрикалық популяцияларын құрайды. Екі форманың өкілдері де бірдей биотоптарда тіршілік етеді, бірақ сыртқы пішіні, өсу қарқыны және өлшемі мен салмағы көрсеткіштері бойынша ерекшеленеді.

Тез өсетін экологиялық форманың популяциясында аталықтардан, аналықтардан көбірек кездескен, аталықтардың үлесі 4%-дан аспайды. Аталықтар көбірек кездесетін баяу өсетін популяциялар диплоидты наборы бар аналықтардың үлкен бөлігі ұшырасатындығы жайында және олардың гипогенез арқылы емес, өз түрінің аталықтарының қатысуы арқылы жыныс жолымен көбейетіндігі жайында куәлік етеді.

С.В.Межжерин, С.В.Кокодий [6] цитометрикалық талдау жүргізу арқылы,  Carassius autarus даралар топтарын диплоидтық және триплоидтық даралардың қоспасы ретінде анықтады.

Басқа анықталған триплоидтар, біреуінен басқасы аналық болып шықты және олардың ішінде  Carassius gibelio – 1 дараларын айқын диагностикалайтын константты – гетерозиготалы спектрлері бар балықтар жоқ болып шықты. Генотиптік құрамы бойынша анықталған полиплоидтар екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа жататындары константты гетерозиготалылықпен сипатталады және Carassius gibelio – 2-нің мөңке балықтардың Carassius gibelio – 1 клонынан айырмашылығы – оларды қосжынысты мөңке балықтан Carassius autarus – тан ерекшелеп тұратын диагностикалық аллельдері жоқ. Екінші топты болжам бойынша Carassius autarus — Carassius gibelio – 2 гибридтері болып саналатын триплоидтылар құрайды. Оның дәлелдері, біріншіден, бұл мөңке балықтардың генотиптік құрылымдары дәл осы өмір сүретін екі форманың гибридтеріне сай. Екіншіден, клондық құрылым жағдайында болмайтын генетикалық полиморфизм орын алады. Үшіншіден, оларда жоғарыда келтірілген локустар бойынша гомозиготалар және гетерозиготалар да кездесіп отырады, бұл олардың қайта будандасуының белгісі болып табылатын рекомбинантты табиғатын көрсетеді.

Егер, осылайша Есіл өзенінде мөңке балықтардың көптеген түрлері тіршілік құрса, су қоймасында алтын және қосжынысты күміс мөңке балықтар тіршілік етеді. Олар гибридтеу арқылы алғашында бірін – бірі, ал сосын триплоидты Carassius gibelio – мен гибридтеу арқылы  үш ата — аналық түрлерден басқа геном плоидтылығының түрлі дәрежелілігі бар тағы бес гибридті биотиптердің басын қосатын жарқыраған генетикалық қоғамдастықтардың пайда болуына алып келуі мүмкін.

Әдебиеттер 

  1. КукурадзеА.М., Мариаш Л.Ф. Материалы к экологии серебряного карася Carassius autarus gibelio (Bloch) низовья Дуная // Вопр. Ихтиологии – 1975.-15, вып.3. – С. 456 — 462
  2. Межжерин С.В., Лисецский И.Л. Естесвенные гибридизация серебряного (Carassius autarus) и золотого (Carassius carassius) карасей: эволюционный феномен или поглощение одного вида другим? // Доп. НАН Украïни. – 2004. — №9. —  С. 162-166
  3. Межжерин С.В.., Лисецский И.Л. Генетическое структура популяций карася (Cypriniformes Cyprinidae, Carassius L., 1758),  населяющих водоемы Среднеднепровского  бассейна // Цитология и генетика.          – 2004.  —  38, №5. – С. 45-54.
  4. Черфас Н.Б. Исследование однополой и двуполой формы серебристого карася  Carassius autarus gibelio (Bloch) в связи естественным гипогенезом у данного вида: Автореф. дис. … канд.биол.наук – М., 1968. – 23 с
  5. Головинская К.А., Ромашов Д.Д., Черфас Н.Б. Однополой и двуполой формы серебристого карася  (Carassius autarus gibelio Bloch) // Вопр. Ихтиологии. – 1965. -5. вып.4. – С. 614 – 629
  6. Межжерин С.В., Кокодий С.В. Диплоидно – полиплоидной комплекс Carassius autarus — сarassius карповых рыб (Cyprinidae) в фауне Украины // Reports of  National Academy of Sciences of Ukraine, 2007, №12. – P 162-166

Жұмағұлова Ақмарал Әбдіразаққызы

Жетекшілер: Ақбаева Л.Х., Көбетаева Н.К.

Биология мамандығының II курс магистранты

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы

akmaral_86@inbox.ru